Қазақстан - кен байлықтары мен олардың әр алуандығы жағынан Жер шарындағы бай аймақтардың бірі. Еліміздегі кен байлықтары маңыздылығы жағынан үш топқа бөлінеді. Бірінші топқа мұнай, газ, көмір, уран, хромит кен орындары жатады. Екінші топты темір, марганец, мыс, қорғасын, мырыш, алюминий және алтын кен орындары құрайды. Үшінші топқа қалайы, күміс, фосфор кен орындары кіреді.