10-тапсырма. Төмендегі мәтінді оқы. Мәтін
мазмұнына сүйеніп, осы сапарға жұртшылықты шақырып, жарнамалық
мәтін жаз. Талаптар: жарнама мәтінінің сөз көлемі 100 сөз. Мазмұны
қысқа әрі тартымды болсын.
2014 жылдың 24 шілдесінде қазақтың ұлы ғалымы, саяхат
шы Шоқан Уәлихановтың 185 жылдық мерейтойына арналған
«Қазақстанның ұлттық жағрафиялық қоғамы» республикалық
қоғамдық бірлестігінің жобасы іске қосылады. Ол бойын-
ша отандық жағрафия, тарих, биолог, этнограф және тіл ма-
мандарынан тұратын бір топ ғалым Шоқан Уәлихановтың
Қашғарияға керуенмен сапарлаған жолы ізімен экспедицияға
шықпақшы. Экспедицияға қатысушылар Қашғарияның тари-
хы, жағрафиясы, этнографиясы, тіл білімі бойынша деректерді
жинастыруды, Марко Поло, Шоқан Уәлиханов, Николай Прже-
вальский, Петр Козлов, Алексей Куропаткин, Карл Маннер-
гейм, Аурел Стейн, Свен Гедин, Гуннар Ярринг және Юрий
Рерих сынды ұлы саяхатшылардың алған бағытын зерттеуді
жоспарлаған.
Қашғария экспедициясының қорытындысы бойынша Шоқан
Уәлихановтың осы аймаққа сапарына айрықша маңыз беретін,
осы аумақтың тарихы, этнографиясы, биологиясы, тіл білімі
жөніндегі түрлі мақалалардан тұратын альбом-кітап басып
шығару жоспарланған. Жоба аяқталған соң, болашақта Орталық
Азия мемлекеттері мен ҚХР-дің туристік мүмкіндіктерін біріктіруі тиіс "Орталық Азиялық Алтын Шеңбер,, жобасына қолданылатын экспедиция барысында жинақталған деректер бойынша бейнефильм түсіру де қолға алынбақшы
Отанға, сол Отанның жүрегі — Москваға, қатерлі, қатал жау суық қолын созған кезде, сіздің атыңыз қараңғы түнде тұнық аспанға атылған жай оғындай жарқ ете қалды. Майдандағы әскерлерге нұрын шашты.
Ол — мың басы. Мың қолды бастаған отыз бір жастағы Момышұлы — Намысұлы боп шыға келді. Отанның әрбір адым жері үшін табан тіреп, қайсарланып, өжеттеніп тұрып алды. Қоршаудың өзін ерлікпен, өжеттікпен қаймықпай бұзып өтті.
Сол шақта астананы қорғаған мыңдар мен миллиондар арасынан «Момышұлының батальоны» өзгеше аталды, ерекше көзге түсті.
Оны генерал И.В.Панфилов мақтады. Газеттер жазып жатты. Ер еліне еткен еңбегін ерекшелігім демей, еліріп мақтан етпей, сол бір табиғи қалыпта қала білді. Мұнда ерлікке тән азаматтық көрінді. Сөйтіп, Бауыржан бастаған батальон Москва түбіндегі шайқаста асқан ерлік көрсетті. (113 сөз)
Ордада ханның қасында әр уақытта ақылшы жыраулар болған. Жыраулар - халық поэзиясын жасаған ақылғөй даналар. Олар заманының өздері куә болған елеулі уақиғаларын, тарихи кезеңдерді жырға қосқан...
Жыраулар поэзиясына дейінгі әдебиет халык жасаған ауыз әдебиеті деп аталды. Жыраулар поэзиясы Қазақ хандығы құрылғаннан бастап (XV ғасыр) өріс алды. XV ғасырда Асан Қайғы, Казтуған жыраулар өмір сүрді.
Жырауларды халык, қадір тұтқан. Ел толқыған кезде, бүліншілік шыққанда немесе ел шетіне жау келғен кездерде ақыл, кеңес сұрайтын болған. Мұндай кезде жырау жұртшылықты абыржымауға шақырып, оларға күш-қуат беріп (дем беріп), істің немен тынатыны жайлы болжамдар айтып отырған. Жыраулар поэзиясы ХV-ХVII ғасырлар аралығын қамтиды.
Жырау деген атау "жыр" сөзінен шыққан. Жыршы деп көптеген эпостық жырларды жатқа білетін, дайын репертуары бар айтқыштарды таныған.
Жыраулар өз шығармаларын ақыл-нақыл, өсиет түрінде айтқан. Олардың толғауларының негізгі тақырыптары - туған жерді, елді сүю, Отанды қорғау, елді бірлікке шақыру, адамгершілік қасиетті насихаттау.