10 тапсырма. Мәтіндегі ақпарат бойынша ойбеліс еткізіңдер, - Бала кезімнен шет тіліндегі әндерді орындағанды ұнатамын. Қателеспесем, 17-18 жасымда болуы керек, қазақша әнді алғаш рет тыңдадым. Ол - халық Әні «Ақбақай» еді, ерекше ұнады. Одан бөлек «Желсіз түнде жарық ай», «Қамажай», «Құсни- Қорлан», «Ақжайнақ», «Арыс жағасында» сияқты бірталай әндерді жатқа білемін. Өзіңіз байқап отырғандай, қазақ тіліндегі репертуарым бай, - дейді жапон қызы Мидзуки Накамури. Қазақ мәдениеті сізге несімен ұнайды? - Мектепте оқып жүргенімде Қазақстанның ТМД ұйымына мүше екенін, Байқоңыр ғарыш айлағы орналасқан ел екенін ғана білетінмін. Қазақ әндерін алғаш тыңдағанымда, Қазақстанның таңғажайып ән мен күйдің отаны екенін түсіндім. Мектеп бітірген соң, Цукуба университетіне оқуға түстім. Университетте ТМД елдерінен келген студенттер, магистранттар көп, Қазақстандық достарыммен бірге ән айттық, биледік. Қазақ халқының ұлттық тағамы етті де астық. Қазақтар - өте қонақжай, ашық халық. Олармен араласу оңай, жақсы әсер қалдырады. Осы себепті қазақ халқын, дәстүрін, мәдениетін жақсы көремін. Ән айтудан басқа өнеріңіз бар ма? Мен жапон, ағылшын, орыс, татар, өзбек тілдерін жақсы білемін. Сонымен бірге башқұрт, қазақ, ұйғыр, түрік, Тәжік тілдерін де жақсы түсінемін. Қазір қытай, кәріс, парсы тілдеріне қызығып жүрмін. Бұрын мектеп кезінде үйренгенмін, қолданбаған соң ұмытып қалыппын. Бала кезімнен тіл үйренуге құмар болдым. Арманым - ұлттық киім киіп, домбырамен ән айту. Қазақ халқының ұлттық киіміндегі өрнектер өте әдемі. («Дала мен қала» газетінен)
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды, Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды. Үсті-басы ақ қырау, түсі суық, Басқан жері сықырлап, келіп қалды. Дем алысы - үскірік, аяз бен қар, Кәрі құдаң - қыс келіп, әлек салды. Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып, Аязбенен қызарып ажарланды. Бұлттай қасы жауып екі көзін, Басын сіліксе, қар жауып, мазаңды алды. Борандай бұрқ-сарқ етіп долданғанда, Алты қанат ақ орда үй шайқалды. Әуес көріп жүгірген жас балалар, Беті-қолы домбығып, үсік шалды. Шидем мен тон қабаттап киген малшы Бет қарауға шыдамай теріс айналды. Қар тепкенге қажымыс қайран жылқы Титығы құруына аз-ақ қалды. Қыспен бірге тұмсығын салды қасқыр, Малшыларым, қор қылма итке малды. Соныға малды жайып, күзетіңдер, Ұйқы өлтірмес, қайрат қыл, бұз қамалды! Ит жегенше Қондыбай, Қанай жесін, Құр жібер мына антұрған кәрі шалды.
Упражнение 3.Прочитай текст,озаглавь его и составь план.
Отец Абая,Кунанбай очень ценит знания.Он отправил своих детей на учёбу в город.Мама Абая,Улжан - скромная и умная.Абай начал писать стихи с 12 лет,отец отдал его в школу в 10 лет.Он учился 3 года в учебном заведении " Ахмет Риза ".Он был ребенком,умеющим прочитать книгу и не открывая второй раз,рассказать ее наизусть.Он очень трудился.Так же,в учебном заведении познакомился с произведениями таких акынов: Науаи,Физули и Сагди.Он не ограничился только мусульманским обучением,поэтому поступил в русскую школу "Приходская",в городе Семей.Ему было учиться легко,поэтому он проводил время читая книги.
Перевод:

Автор: Мухтар Ауезов
Подробнее - на -
Объяснение: