10-тапсырма. Мұрақ туралы ақ- паратты пайдаланып, қазақ ханы Абылайдың бейнесін жаса. Мұрақ - лауазымды адамдар киетін екі жағы қошқармүйізденіп келетін, сән- салтанатқа киілетін қалпақ. Мұраққа қа- рап, халық мансапты адамды айырады. Мұрақ қалпағын елбасы, төре, билер киген. Мұрақты оюлап, өрнектеп, алтын-күмістелген әртүрлі жіптермен тігеді. Мұрақты көбіне той-томалақ, сән-салтанатқа киеді.