10-нұсқа 1-тапсырма. Төменде берілген мәтінді оқыңыз. Балалық шағы 1940 жылы 6 шілдеде Іле Алатауының Үшқоңыр жайлауында Әбіш пен Әлжан Назарбаевтардың шаңырағында ер бала өмірге келді. Оған әке-шешесі Нұрсұлтан деп ат қойды. Сәбиге ат таңдаудың өзі жатқан бір хикаяға айналды. Тойға жиналған ағайын-туыс түрлі есімдерді тұс-тұстан айтып жатты. Ең ақырында жаңа туған ұлдың әжесі Мырзабала Мынадай ұсыныс білдірді: «Менің сүйікті немерем екі бірдей есімді алып жүрсін. Оның аты Нұрсұлтан болсын». Әлемдегі барлық әжелер сияқты Мырзабала да немересінің азамат болып өсуіне ерекше еңбек сіңірді. Нұрсұлтанның анасы Әлжан Мырзабаланың балалары мен келіндеріне ақыл-кеңес беретін. Халықтың ежелгі дәстүрлері туралы әңгімелейтін. Немересі Нұрсұлтанның тәрбиесіне аса белсеніп кіріскенін еске алатын. Мырзабаланың ұлы, Нұрсұлтан Назарбаевтың әкесі – Әбіш 1903 жылы Алатаудың баурайында, Назарбай бидің шаңырағында өмірге келді. Әбіш Назарбаев көңілді, қадірлі адам болды. Әкесі Әбіш тек қазақ тілінде ғана емес, орыс және балқар тілдерінде де еркін сөйлейтін. Сонымен қатар қазақ және орыс әндерін сүйіп орындайтын. Әбіш Назарбаев 1971 жылы қайтыс болды. Назарбаевтың анасы Әлжан 1910 жылы Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қасық аулындағы молданың отбасында дүниеге келді. Үшқоңырға жер аударылған әкесімен бірге келген Әлжан Әбішпен танысады. Ауыл арасында ән салу мен суырыпсалмалық өнерден оның алдына түсетін ешкім жоқ еді. Анасы Әлжан ұлын үлкенді құрметтеуге, сыйлауға баулыды, ұлттық дәстүрлерді, салт-ғұрыптарды білуге тәрбиеледі. Әлжан Назарбаева 1977 Жылы қайтыс болды. Отбасында Сұлтан деп аталған ұланның балалық шағы соғыс Жылдарына және соғыстан кейінгі ауыр кезеңге тұспа-тұс келді. Нұрсұлтан өз әкесінің ешқашан қол қусырып қарап отырмағанын көріп, оған үнемі көмектесуге ұмтылды. Ол үйде де, бақшада да, алма бағында да әкесінің жанында болып, картоп пен алма өсіруге жәрдемдесті. Нұрсұлтан мал бағумен айналысты, әкесімен бірге тауға барып, шөп шапты. Нұрсұлтан ерте есейіп, өз жағдайын жақсартып, ата-анасына, туған-туыстарына материалдық тұрғыдан көмектескісі келді. Өйткені, ол отбасындағы үлкен ұл еді. Нұрсұлтан өз сыныбындағы ғана емес, мектептегі ең үздік оқушының бірі болды. Сабақты зор ынта-ықыласпен оқыды. Сұлтан ағайын-туыстары әкеп берген кітаптардың бәрін оқып шығуға жан-тәнімен кірісті. Ол құрбы-құрдастарымен алғаш танысқан сәттен бастап, тіл табысып кете беретін. Өз ортасында ұйымдастырушысы болды. Сұлтан бала кезінен әзіл-қалжыңға бейім болды, әнді жақсы айтатын өнерлі болып өсті. (324 сөз)
Туған күнді көпшілігіміз асыға күтеміз. Сыйлық алу, көпшіліктің ықыласына бөлену, жылы лебіздер есту – ізгіліктің бәрі осы атаулы күнде болып жатады. Туған күнді тойлау қайдан шықты? Осы сұраққа Қамшы ақпараттық агенттігі жауап іздеп көрді.
Тарихқа үңілсек, ертеде фараондар «Құдайдың балалары» болып есептелді, олардың дүниеге келген күндері мемелекеттік мереке саналатын. Бұл атаулы күнде әрбір тұрғын патшаға шамасы жеткен ең бағалы сыйлық әкелетін. Патшайымдардың туған күнінде әрбір қызметкер патшайымды таңғалдыру үшін адам татып көрмеген жеміс-жидектерді алыс-алыс жерлерден алдыратын. Патшаға арнап ең әдемі жануарларды құрбандыққа шалу ерекеше құрметтің белгісі болып есептелген. Осыдан кейін, халық өздерінің отбасындағы басты тұлғаның дүниеге келген мерзімін атап өтуді дәстүрге айналдырған. Осылайша, туған күн қоғамның әрбір мүшесі үшін аталуы күнге айналған.
Біздің бүгінгі күнде туған күнді тортпен өткізу дәстүрі неміс халқынан шыққан. Олар туған күн иесін ерте оятып, шақырылған қонақтарға бірге дайындалып, кешкі ас басталмас бұрын үйдің отанасы әзірлеген бәлішке балауыз орнатып, туған күн иесіне ұсынған. Туған күн иесі ішінен тілек айтып, балауызды өшірген. Осы сәт салтанатты отбасылық дастарханның ашылу белгісі болып есептелген.
Ежелден, шіркеу секілді діни орындар туған күн тойлауға рұқсат бермеген. Себебі, адам жасы қаншалықты ұлғайса, оның күнәлары да соншалықты көп болады. Мұндай жағдайды тойлату дұрыс емес деп есептелген. Қайта өрлеу дәуірінен бастап, аталған ырымды басқаша түсіндірушілер пайда болды: адамға бір жас қосылса, ол Құдайға бір табан жақындайды. Қазірге дейін, осы дәстүр бойынша әртүрлі діндерде туған күнді жылы лебіздер айтып, жақын адамдар арасында тойлауға рұқсат берілген. Алайда, оны шулатып, алькогольді пайдаланып, ес кеткенше тойлатуға ешқандай дінде рұқсат берілмеген.
Ұлттық ұстаным мен перзенттік парыз, ақындық мінез бен азаматтық міндет елдің тағдыры сынға түскен кезде айқын байқалатыны белгілі. Әсіресе, бұл ұғымдар қазақ елін отарлаушылар билеген дәуірді жырлаған өлең-толғауларда нақты көрініс тапты. Соның ішінде зар заман әдебиетінің айтулы өкілі, ел мен жер тағдыры, ұлт пен жұрт ахуалы жөнінде ой толғаған Мұрат Мөңкеұлы жырларының орны бөлек.
Ақынның «Үш қиян», «Сарыарқа», «Әттең, бір қапы дүние-ай» толғаулары – қоныстың құтсыздығына налып, көшкен жұрттың хал-ахуалын шынайы бедерлеген біртектес дүниелер. Бәрінде де көшпенді ел өмірінің қайғы-мұңы айтылған. Бірақ бұлар – ауыз әдебиетінде ежелден бар дәстүр бойынша көштің сән-салтанатын асырып, керуеннің мал-мүлкін, керемет жасау-жабдықтарын мадақтайтын өлеңдер емес, көшкен елдің жұртын сағыну сарынындағы толғаныстар. Үш шығармада да біркелкі сурет: иесіз қалған жер, амалсыз қоныс аударған ел, жақсылардың табаны тиген жайлау мен жайылым, сай-сала, енді қайтып оралмас қимас дәурен… Ақын осының бәрін еске алып, өзегі өртеніп тұрса да, мұндай жерді халықтың мекендеп қалуына қайлы емес. Сонымен, Мұрат антиутопиясының түпқазығы – «адыра қалғыр, қайырсыз қоныс» десек, мұның себебін ақынның өзі былайша тұжырымдайды;

Қайырсыз неге десеңіз,
Асан Қайғы, Қазтуган,
Орақ, Мамай, Телағыс,
Қалған екен солардан.
Біз де бір сондай болармыз
Артық па едік олардан?!
Объяснение:
это привельно поставь лайк и оценку