1.Жырау нөсер жауын алдындағы түнерген аспанды, көкшіліден соққы жеген аққу құстың жайын неліктен сөз етеді? Өз басындағы жағдай осы құбылыспен қаншалықты байланысты, яғни, алыстан орағытып келіп нені меңзеп отыр? 2.Екінші шумағында өзі үшін Би Темір кім еді, үшінші шумағында Би Темір үшін өзі кім еді, намысына тигенде ашуға бой алдыруы ... Толғаудағы би Темір бейнесін мен жыраудың өз бейнесін қалай берген?
1.Шалкиіз өз дәуірі үшін бітім-болмысы бөлек ерекше тұлға екендігін неден аңғарамыз?
Адамның қалаған нәрсеге қол жеткізе алмауының себебі көбінесе жағдайлар емес, сонымен қатар мүмкіндіктерімізден толықтай пайда көруге кедергі жасайтын ішкі сеніміміз.Адамның мүмкіндіктері іс жүзінде шектеусіз.Ия,сіз өзіңіз қалаған нәрсеге ие бола аласыз:денсаулық, бақыт,мансап және т.б
Біздің қабілеттеріміз қайда жасырулы? Әрқайсымыздың ішімізде деп ойлаймын.Бұл - біздің миымыз. Ғалымдар дәлелдегендей,тіпті ең танымал ойшылдар оны 25% ғана пайдаланады екен.Қалған 75% қолданылмайды.Миымыздың көп қорын қолдану мүмкіндігі бізге не береді? Сіз таңқаларсыз, бірақ бұл адамды құдіретті етеді.
Миымыз біздің ойлау процестерімізді басқарғандықтан,мұнда әртүрлі деструктивті ойлар мен теріс көзқарастар болады.Және бұл дегеніміз,біз ішінен өзіміз қалаған нәрсеге жету мүмкіндігінен айырылып, өзіміз қалаған адам болуға кедергі жасаймыз.Біздің миымызда: "Мен ешқашан істей алмаймын ...","мен жеткілікті түрде жақсы емеспін...» және тағы басқалар сияқты ойлар бар. Бірақ тәжірибе көрсеткендей адам осындай күмәндардан айрылса,өзіның биікке қалай көтерілгенін де байқамай қалады.Бұған мысал ретінде, Гиннестің рекордтар кітабындағы көптеген атақты адамдардың іс-әрекеті.Өткен ғасырда өмір кешкен Трояны ашқан ғалым Шлиман 22 тілді білген екен. Моцарт 5 жасында симфония жазса,тас керең Бетховен өлмес классикалық музыкалық шығармалар қалдырды.Олардың құпиясы қарапайым:олар өздерінің қабілеттеріне күмәнданбаған.
Және бұл адамның физикалық қабілеттеріне де қатысты.Көпшілігіміз ауыр машина көтеру үшін жеткілікті физикалық күш сезінбейміз.Бірақ дөңгелектің астына түсіп қалған балаларды құтқаруға тырысатын аналар ауыр автомобильдерді өз күштерімен көтерген жағдайлар бар.Олар күнделікті өмірде бұны ешқашан істей алмаған еді,бірақ стресстік жағдайында баламды құтқарам деген оймен олардың барлық шектеулі көзқарастары жойылып кеткен.Осындай мысалдар өмірде өте көп.
Қорытындылай келе,біздің санамыздағы шектеулерді өзге емес,өзіміз орнатамыз.Біз өзімізді жеткіліксіз талантты, табысты,күшті, бақытты деп санамаймыз.Осындай кедергілермен күресуге,оларды керісінше ауыстыруға және осылайша қажетсіз кедергілерді жоюға болады. Біз өзімізді өзіміз ғана жаратамыз және біздің болашағымыз тек өзімізге байланысты.
Төле Әлібекұлы (1663 – 1756) – қазақтың қоғам қайраткері, шешен, Ұлы жүздің бас биі, Қазыбек, Айтеке бидің қолдауымен үш жүзге төбе би болып сайланған. Артында "бүтін билікке Төле би жеткен" деген сөз қалған тарихи тұлға. "Жеті жарғыны" жасаушылардың бірі. Әлібекұлы Төле бидің атасы Құдайберді би Есім хан мен Тұрсын хан егесі кезінде Есім ханды қолдаған (Қазыбек бек Тауасарұлының "Түп-тұқияннан өзіме дейін" кітабынан). Яғни Есім хан тұсындағы, халық аузында "Есім ханның ескі жолы" атанып кеткен қазақ халқының заңдар жинағын құрастыруға қатысқан билердің бірі деп айтуға толық негіз бар. Өз заманында Қазақ хандығының тұтастығы үшін күрескен қайраткер! Төле би өз халқының шешендік-поэтикалық өнерінің дәстүрлерін жастайынан бойына сіңіріп өскен, зерделі, сауатты адам болған. 15-20 жасынан билердің бас қосқан жиналысына қатысып, өзінің әділдігі мен шешендік өнері арқасында таныла бастайды.