1-жаттығу. Өздік етістіктің жұрнақтарын қосыңыз Үлгі: шешу-шеш+ін.
Шешу, кию, ойлау, буу, көру, сақтау, тарау, жағу, бағу, тазалау,, ілу, салу.
2-жаттығу. Мына сөздерге өзгелік етіс жұрнақтарын қосыңыз.
Үлгі: жуу- жу+ғыз.
Жуу, тұру, өшіру, демалу, апару, құю, сату, бөлу, жабу.
3-жаттығу. Ырықсыз етіс жұрнақтарын қосып жаз.
Үлгі: Жу+ ын
Жібер, аш, өшір, әпер, тер, кес, шаш, шеш, апар, қос, жап.
4-жаттығу. Ортақ етістің жұрнақтарын жалғап жаз.
Ашу, өшіру, әперу, теру, кесу, шашу, шешу, тесу, апару, бұзу, құю, сүрту, ішу, сату.
5-жаттығу. Мына етістіктерге тұйық етістіктің жұрнағын жалғап жазып, сөйлем құра.
Бар, кел, ал, жат, сөйлес, ойна, жина, көр, жан, ерт, айт, іш, күт, тұр,
Дәрумендер-денсаулық кепілі.
Әрбір адам мүмкіндігінше дәрумендерді пайдаланынп тұрғаны дұрыс, маусым арасында адам ағзасы дәрумендерді аса көп қажет етеді. Мүмкіндігінше табиғи дәрумендерді қолданған дұрыс. Табиғи дәрумен дегенiмiз - жеміс-жидек, көкөністер. Дегенмен, оларды қолданған кезде де маусымына қарай пісетіндерін колдану керек. Жеміс-жидек пен көкөністер әрқайсысында өздеріне тән, ерекше дәрумендері болады. Бірінің құрамында С витамині басым болса, енді екіншісі А витаминіне бай, басқасы асказанға, жүрек жұмысына, ас қорытуға т.б. пайдалы. Бiздiң үйімізде маусымына байланысты түрлі жеміс тер көкөністер жиі қолданылады.
Әр түрлі көкөністер, жеміс - жидектер мен тағамдардың құрамында өздеріне тән ерекше дәрумендері болады. Маусымарасында ағзамызға дәрумендер жетіспеген уақытта қажетті көкөніс немесе тағамды пайдалану арқылы ағзамызды дәрумендермен байыта аламыз. Сонымен қатар, айта кететін бір жайт - казак халкынын сүт тағамдары дәрумендерге ерекше бай. Мысалға, ұлттық сусын қымыздың бiр литрiнде 200-260 мг С дәрумені бар екен. Қымызда сонымен катар сөл бөлу және жүрек жұмысын жақсартатын В тобындағы В(1), В(2), В(3), оның ішінде қанның жасалуына қатысатын В12 дәрумені және ағзадағы тотығу-тотықсыздану реакцияларына әсер ететін С тобы дәрумендері, сондай-ақ, А тобы дәрумендері
кездеседі.