1-жаттығу. Берілген сөздерді қосымшалардың түріне қарай бағанаға бөліп жазыңдар. Сұрама, өнеріне, жаратылған, сіңірген, алғысым, ризашылық, мұрагеріміз, уақытша, жақсылыққа, өнерпаз, көйлекшен, байланыс, танымал, жолдастық, тәрбиеленуші, көркемдік, шығыстың, жан-жақтымын,тапқыр, бақытты, көргішпін.
2.-жаттығу. Сөздердің құрамына қарай талдау жасаңдар. Сөздермен сөйлем құрастырыңдар.
Қызметің, тәртіппен, тағайындалғаннан, республикасының, билігін, президентіне, шарттардан, өкілдіктері.
Балаға ат қою
Қазақта бала туғаннан кейін ел ішіндегі аса құрметті қария(ға) немесе бала(ның) атасына, әжесі(не) немересінің атын қойғызады. Ат қоюдың өзінен бүкіл бір халықтың ұлттық ерекшелігі, ой-арманы, түсінігі ап-айқын көрініп тұрады. Мысалы, ерте заман(да) балаларға көз тию(ден) немесе жын-шайтан(нан) сақтасын деген оймен Итбай, Күшікбай, Жаманбай деген оғаш есім қоятын болған.
Адамға ат қоюдың себептері алуан түрлі тілек-мақсаттар(на) байланысты да болып келеді. Бала бай, дәулетті болсын деген мақсатпен Байбол, Дәулет, Алтынбек, Алтынбай; күшті де батыл болсын деп Арыстан, Батырбек, Қаһарман, Ербатыр; сұлу да көрікті болсын деп Айсұлу, Әсем, Ботагөз, Ажар; ақылды да тапқыр болсын деп Ақылбек, Ақылбай, Есбол сияқты есімдер. таңдап қойған.
Көптеген есімдер халық(тың) әдет-ғұрпына, күн, жыл аттарына да байланысты болып келген. Мысалы, Наурызбай, Жұмабай, Бейсенбай; балалары қайтыс бола берген отбасылар жаңа туған сәби Тоқтар, Тұрсын, Тоқтасын деген есімдер қойған.