1-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар «қазақстан республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілін оқып үйренеміз. үш тілді білу – үлкен өнер» бөлімдері бойынша жиынтық бағалау оқу мақсаты т2. тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну, ақпараттың өзектілігін анықтау а1. мақал-мәтелдер, терминдер мен неологизмдерді орынды қолдана отырып, мәтін мазмұнын бағалау критерийі білім алушы • негізгі ақпаратты анықтайды • мақал-мәтелдер, терминдер мен неологизмдерді тиімді қолданады • мәтіндегі оқиғаны ойлау дағдыларының қолдану деңгейі орындау уақыты 15-20 минут тапсырма аудиомәтінді екі рет тыңдап, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз. үш тіл – заман талабы 22 қыркүйек — қр халықтарының тілдері мерекесі. әр халық өз тілінде сөйлеуге, оқуға құқығы бар. әр азамат өзінің ана тілін біліп, сүюге, құрметтеуге міндетті. сонымен қатар, әр өзге де тілді үйреніп, оларға да құрметпен қарап, өз кәдесіне жаратып жатса, «жеті түрлі ілім біл, жеті жұрттың тілін біл» деп ата- айтпақшы, нұр үстіне нұр болады. сол себепті де біз бүгінгі шараны ана тілімізге және орыс тілі мен ағылшын тіліне арнаймыз. біздің еліміз – көп ұлтты мемлекет. елімізде жүздеген ұлт өкілдері достық пен бейбітшілікте өмір сүруде. аманаты — дәстүріміз бен туған тіліміздің аясы кеңейіп, әлемдік өркениетпен ұштастығын тауып жатыр. соның бір кепілі — ел болып атап өтіп жатқан — тілдер мерекесі. тіл қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі, құдіретті. ол әрбір ға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. «әр елдегі қазақ әр елдің тілін мықтап игерсе, ол — білім. ол шетел тілінде сөйлесе — тіпті жақсы. бірақ ана тілін тұншықтырып, көміп тастаса — ол кешірілмес күнә» деген н. ә. назарбаевтың сөзін басшылыққа ала отырып, мектепте оқытылатын тілдерден жарыс өткіземіз. жер шарында 900-ге жуық ұлт өмір сүреді. қазір біздің планетамызда 5651 тіл бар, ол тілдерде миллиардтан астам сөйлейді. өзінің тілін ана тілім деп атайтын бірден бір халық — қазақ. өйткені, халқымыз анасын қастерлеп, қадірлеген. ең қасиетті, киелі нәрсені анаға теңеген. сөз мүшесінің саны жағынан алғанда қазақ тілі жер жүзіндегі 5651 тілдің арасында 70-орында. 1. мәтіннің не туралы екенін анықтаңыз. a. тіл туралы b. өнер-білім туралы c. еңбекқорлық туралы d. ілік туралы 2 . мәтіннің негізгі идеясын табыңыз. 4 a. 22 қыркүйек — қр халықтарының тілдері мерекесі. b. біздің еліміз – көп ұлтты мемлекет. c. біздің планетамызда 5651 тіл бар. d. туған тілді құрметтеп, қастерлеу керек. 3. мәтіннің түрін ажыратыңыз. a. әңгіме b. сұхбат c. ертегі d. мақала 4. мәтін бойынша дұрыс/бұрыс ақпаратты анықтаңыз. (+ белгісімен белгілеңіз). № ақпараттар дұрыс бұрыс 1 әрбір өз ана тілін сүюі, құрметтеуі тиіс. 2 жер шарында 800-ге жуық ұлт өмір сүреді. 5. төмендегі мақал-мәтелдерді қолданып, жұбыңызбен тіл туралы сөйлесіңіз. жұбыңызға сұрақтар қойыңыз, жауап беріңіз. • өнер алды – қызыл тіл. • көп сөз — күміс, аз сөз — алтын. • ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле. 6. төмендегі сөйлемдерден терминдер мен неологизмдерді тауып, мағынасын ашыңыз. олармен сөйлемдер құрастырыңыз. • қазақстанда үштілділік білім беру жолдары жүзеге асырылуда. • лексика – сөз мағынасын зерттейтін сала. • ұлыбританияда тұратын 10 жасар соня – полиглот қыз.
1.а, 2а, 3д, 4.+- 5.