1. Тек қазақ тіліне тән дауысты дыбыстардан құралған сөзді көрсетіңіз. А) кеме В) қамыс С) Алатау Д) керуен Е) күлкі
2. Қай сөзде «у» әрпі дауысты дыбыс болып тұр?
А) бару В) дауыс С) ақау Д) ауа С) тау
3. Езулік дауыстыларды табыңыз.
А) е, и, ү В) о, ө, у С) а, ә, е Д) ұ, ө, і Е) а, ы,
4.«ң» әрпі жазылатын сөзді көрсетіңіз
А) қа... ат В) то... азатқыш С) оры... дық Д) мі... дет Е) ө... ер
5. Тұйық буынды сөзді табыңыз
А) дала В) бесік С) ер Д) бұлт Е) аласа
6. Тура мағынылы сөзді көрсетіңіз.
А) жылы жүрек В) жылы жүз С) жылы сөз Д) жылы лебіз Е) жылы су
7. «Төбесі көкке жету» тұрақты тіркесінің мағынасын көрсетіңіз.
А) ұшу В) мұхит С) көл Д) өзен Е) қуану
8. Буын үндестігіне бағынбаған сөзді көрсетіңіз.
А) болатқа В) өрмекші С) көмекші Д) ормандікі Е) ініммен
9. Синонимдік қатарды көрсетіңіз.
А) дәрі, дәріхана, аурухана В) үй, мектеп, баспахана
С) жас, құрдас, көрші Д) ауыл, дала, аймақ
Е) ауру, сырқат, кесел
10. Бірыңғай септеулік шылаулар қатарын көрсетіңіз.
А) әрі, бері, гөрі. В) не, я, да С) – ды, - мыс, - ау Д) мен, бен, пен Е) қой, ғана, ше
11. Шылауға тән емес ерекшелікті табыңыз.
А) Толық лексикалық мығынасы болмайды.
В) Түрленбейді
С) Адамның әр түрлі көніл - күйін білдіреды.
Д) Сөйлем мүшесі бола алмайды
Е) Сөзді байланыстырады, не сөзге қосымша мән үстейді
12. Ыңғайластық жалғаулықты табыңыз.
А) Бұдан әрі оның тыңдауға шамасы келмеді.
В) Ол тарбиелі әрі жігерлі.
С) Ол Маратқа да алма берді.
Д) Тек кейде бұршак жауады.
Е) Сол сияқты балалар өте көп.
13) Қай қатарда тұрақты тіркес бығыныңкы сыңарда тұр?
А) Айтқаның есімнен шығып кетті.
В) Дұшпанның салы суға кетті.
С) Науқастың беті бері қарады.
Д) Көзіне көк шыбын үймелететінін айтып салды.
Е) Бізге тісін қайрап жүр.
14) Етістікті тіркесі табыңыз.
А) Өнерлінің ырысы
В) Іске шебер
С) Асқарда бесеу
Д) Елді қорғау
Е) Ізгі сөз
15) Сөз тіркесін табыңыз.
А) Өгіз аяң.
В) Бара жатыр.
С) Жүз он бес
Д) Бірінші үй
Е) Қара торы
16) Хабарлы сөйлемді табыңыз.
А) Ал сосын
В) Ойсыздарға қосылма
С) Неге бұғасың
Д) Қайдағы жау
Е) Жел де жоқ
17) Сұраулы сөйлемді табыңыз.
А) Қарағым, тоқтай тұршы
В) Пай - пай, шабысының қаттысын - ай
С) Сен жазып келген шығарсың
Д) Дала айдай жарық
Е) Мектептің кең залы
18) Дауыс ырғағы арқылы жасалған лепті сөйлемді табыңыз.
А) – Жасасын, Қазақстан!
В) – Жолдастар, тынышталыңыздар!
С) – Мынау дегенің әдемі ғой!?---
Д) – Шікірін,
Е) - Бәрекелді! Бәрекелді! Жарадың, қалқам!
19) «Қой аузынан шөп алмас» фразеологиялық тіркесін антонимін табыңыз
А) момын
Б) ақылды
С) тентек
Д) жуас
Е) баяу
20) Омоним бола алатын сөзді табыңыз.
А) қағаз
Б) кітап
С) бет
Д) мұқаба
Е) оқулық
1 е
2 в
3 с
4в
5с
6е
7е
8д
9е
10а
11с
12в
13д
14д
15д
16е
17с
18а
1 9а
20с