1 - тапсырма. Зат есімдердің түбір, жұрнақ, жалғауларын белгілеңдер. Сарыарқаның көрікті жерлерінің бірі - Баянауыл таулары. Бір қарағанда бұл таулар жазық даладағы арал сияқты көрінеді. Мұнда таңғажайып пішіндегі жартастар кездеседі: "Жалмауыз кемпір", "Шайтантас", "Тас бас" және т.б. Бұл жерде көрікті көлдер де жетерлік.
Баянауылдан оңтүстікке қарай Қарқаралы тауы орналасқан. Тауды шөлейттер қоршап жатыр. Бірақ қарағайлы сирек ормандар өскен беткейлер де кездеседі. Сонымен қатар саздардағы шөгінділерден жаз соңында қыстан сақталып қалған тоңды кездестіруге болады. Жергілікті халық мұндай жерлерді табиғи тоңазытқыш ретінде пайдаланады.
1 - тапсырма. Зат есімдердің түбір, жұрнақ, жалғауларын белгілеңдер.
Сарыарқаның көрікті жерлерінің бірі - Баянауыл таулары. Бір қарағанда бұл таулар жазық даладағы арал сияқты көрінеді. Мұнда таңғажайып пішіндегі жартастар кездеседі: "Жалмауыз кемпір", "Шайтантас", "Тас бас" және т.б. Бұл жерде көрікті көлдер де жетерлік.