1 тапсырма.Вместо точек вставьте нужные жалғаулық шылау и переведите. Алматы ... Астана, Алмас ... Әсел, алмұрт ... алма, қарға ... түлкі, қасқыр ... қоян, тау ... көл, ай ... күн, қыз ... бала.
2-тапсырма. Орыс тіліне аударыңыз. Қажетті жалғаулықты қойыңыз.
Базарда көкөніс ... жеміс-жидек бар. Мұнда алма ... алмұрт, шие ... өрік, капуста ... картоп бар. Сәбіз ... , қызылша ... , қияр ... осында сатылады. Бүгін біз ... базарға, ... көкөніс сататын дүкенге барамыз. Базардан біз ... қарбыз, ... қауын, ... жидек сатып аламыз. Жеміс-жидек көп, қымбат. Ақшаны сен төлейсің бе, мен төлейін бе? Мен көкөніс алмаймын, кеше қызанақ ... , пияз ... алдым.
Менің қалам Қостанай
Ерте замандардан келе жатқан аңыз бойынша ұлан-байтақ жеріміздің Солтүстігіндегі Тобол өзенінің жағасында ірі қалалардың бірі-Қостанай. Қала атауының қайдан шыққаны туралы екі түрлі аңыз бар. Соның біреуіне сүйенсек, ертеде өмірі байға жалшы болумен өткен Қос және Танай деген кедейдің егіз қыздары болған екен. Көшпелі тірліктің қиыншылығын көтере алмай жарық дүниемен қоштасқан қос қыздың есімдері ел узында сақталып, уақыт өте осы аймақ ҚОСТАНАЙ деп атаныпты. Ал екінші нұсқа бойынша Қалмық шабуылынан Қазақ жерлерін қорғап атағы жайылған Қостана батыр атымен аталды деген аңыз бар.
Ресми түрде қалаға 1895 жылы Қостанай атауы беріледі. 1910 жылы уезд бастығы Кочергин балаларға көркем сурет мектебінің ғимаратын салдыртады. Бүгінде бұл ғимаратта Горький атындағы орыс драма және қуыршақ театры жұмыс істеуде. Қаланың бас жоспары 1968 бекітілген. Сол жоспар бойынша жүзгетасырылған Кеңестік дәуір сәулеті бұрыннан қалыптасқан әсем келбетін одан сайын түрлендіре түсті. 1985 жылдың басында қаланың орталығында классикалық үлгідегі сағаты бар тамаша мұнара тұрғызылды. Мұнда алғашқы мешіт 1893 жылы салынған. Кейіннен жұмысшылар клубы, кинотеатр, филармонияның концерт залына айналған бұл ғимарат 1898 жылы сәулет ескерткіші деп жарияланды. Тек содан он жыл өткенде ғана ғимарат өзінің бастапқы болмысына еніп,қайтадан мешіт ретінде пайдалана бастады. Қазір жаңа заман талабына қарай түрленіп жайнай түскен Қостанай қаласының болашақ бейнесі бұдан жарқын болатындығы күмәнсіз. Қостанай қаласы өзінің егісті алқаптарымен,өндіріс орындарына бай,танымал.Олардың ішінде: "Новый день", "Деп", "Карона" "Баян-сұлу", "Агромаш холдинг" т.б бар.
Қожа — Шын аты Қожаберген. Бір сыныпта екі Қожа болғандықтан, шатастырмас үшін оны "Қара Қожа" деп атайды. Кейде келемеждеп, «Қара Қожа» деудің орнына «Қара Көже» дейді. Фамилиясы Қадыров. Бір кезде «Қадырұлы» деп те жазып жүрді. Шашы қайратты. Бойы - орта бойлы, әжесі "әкең тәрізді сұңғақ боласың" дейді. Мектепте дәрігер өлшегенде бір жүз отыз тоғыз сантиметр шыққан. Жасы он екіде. Бесінші сыныпты бітірген. Арманы: оқу бітіріп, ер жету, университетке түсу. Жазушы болу.
Жанар — Қожамен бірге оқиды. Қожаның ойынша "кластағы ең бір ақылды қыз. Сұлу." Дауысы әдемі, ән салады. Басына үкілі тақия киіп, мың бұралып «Қамажайға» билейді. Өнерлі қыз. Сыныптағы бірінші үздік оқушы.
Сұлтан — ол Қожаның жан досы. Бойы ұзынша арық келген жігіт. Қожадан екі-үш жас үлкен. Әкесі Сүгір жылқы бағады. Бірақ ол біраз жыл бұрын оқуды тастап кеткен және жаман қылықтарға әуес.
Қаратай — көрші колхоздағы комбайншы. Қаратайдың әйелі дүние салған. Ол Қожаның анасына үйленбекші. Қожа оны жек көреді.
Жантас — Ол Қожамен бір сыныпта оқиды. Жантас пен Қожа бір бірін ұнатпайды. Себебі Жантас Қожаны үнемі «Қара көже» деп мазақтайды және екеуі де Жанарды ұнатқандықтан үнемі сөзге келіп қалады. Сол себепті өз сыбағасын алады.
Майқанова — Қазақ тілі пәнінің мұғалімі (Майқанова Сәбира). Қожа оқитын сыныптың жетекшісі. Ол адамгершілігі мол әрі ақылды ұстаз.
Әжесі — Қожаны қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай қызғыштай қорғап өсіреді. Өзінің ерке немересін еш жамандыққа қимайтын жанашыр жан.
Анасы — Қожаның анасының аты — Миллат. Ол ақылды, тәрбиелі адам. Ауылдың үлкен-кішісінің бәрі бірдей алдынан қия басып өтпей, хан көтеріп, құрметтеп тұрады. Екі бірдей сайлауда қатарынан аудандық советке депутат етіп сайланған.
Сәйбек қарт — Мектеп күзетшісі. Ол Қожаның әкесі Қадырдың досы, әкесі туралы көп білетін әрі Қожаға ақыл айтқан кісі.
Оспанов — зоология пәнінің мұғалімі. Қожаның жақсы көретін мұғалімдерінің бірі. Ол Қожаның әкесінің көзі тірі кезіндегі жан досы болған.
Жақанов — Қожаның сыныптасы.
А.Михайловна — Толық аты: Анфиса Михайловна. Орыс тілі пәнінің мұғалімі. Қожаның айтуынша, "мұғалімдердің ішіндегі алтын адам".
Сүттібайдың Қожасы — Қожаның сыныптасы. Сүттібайдың үлкен баласы. Бір сыныпта екі Қожа болғандықтан, шатастырмас үшін оны өңіне қарап "Сары Қожа" деп атайды.