1-тапсырма. Тыңдалым алды тапсырмасы Сұрақтарға жауап бер.
1. Сен тұратын жерде жауын-шашын жиі жауа ма, сирек жауа ма?
2. Сен тұратын жерде орманды аймақ бар ма?
3. Қандай шөл және шөлейт жерлерді білесің?
4. Өсіп тұрған бидайды, арпа, күрішті көрдің бе?
2-тапсырма.
Қазақстан – Ұлы дала елі. Ұлы далада біздің ата-бабаларымыз өмір сүрген. Біз – көк аспан мен шексіз даланы мекендеген Ұлы даланың балаларымыз. Ұлы даланың табиғаты қоңыржай. Мұнда қазба байлықтар да, бидай да бар.
Елімізде төрт климаттық аймақ бар: дала, орманды-дала, шөлейт және шөл аймақтар. Қазақстан – далалы ел. Дала бүкіл жер көлемінің 26 пайызын алады. Жазы ыстық, қысы өте суық. Мұнда негізінен суарылмайтын бидай өсіріледі.
Қара топырақты орманды-далалы аймақ жер көлемінің 0,4 пайызын алады. Егіншілік жақсы дамыған. Мұнда суарылмайтын жаздық бидай жақсы өсіріледі.
Шөлейт жер көлемінің 10 пайызын алады. Шөлейттің климаты құрғақ, тым континентті. Жауын өте аз, көктемнің аяғы мен жаздың басында жауады. Жазы ыстық, қысы суық, ашық аязды күндер көп болады. Жазда өзендерінің көбінің суы құрғайды.
Шөл дала жер көлемінің 44 пайызын алып жатыр. Шөлдің ең үлкені – Қызылқұм. Жердің бедері мен құмның түсі қызғылт сарғыш. Климаты құрғақ. Онда жазда аптап ыстық, ауызсу жоқ. ылғал мөлшері өте аз. Сондықтан өзен бойына суармалы күріш, тез пісетін арпа егіледі.
1. Мәтінді оқу. оқу.
2. 2-тапсырма. Жекеше, көпше түрде жіктеу. Қазба байлықтарды сыйлаймын.
3. 3-тапсырма. Етістік сөздеді теріп жазу.
Қайсын орындау керек