1-тапсырма. Түсіндірме сөздік
Қалашылар, қалашылар келеді!
Анау Абай, Абай гой, айналайын-ай! Апа-
Кемсеңдеу - жы-
сына айтайыншы, - деді бір қартаң әйел.
ламсырау.
Босе, Телғара ғой... жаным-ау, мынау...
Телғара! Әпкеме айтайыншы, - деп, тағы бір жас
әйел, жеңге де үлкен үйге қарай ұмтылысқан.
Сағынған баласының келер мөлшерін Байтас кеткеннен бері
шешесі Ұлжан да есептеп, осы бүгінге ұйғарып жүр еді...
...Кезек өз шешесіне келгенде, ол сүйген жоқ. Қатты бір қысып,
бауырына басып тұрды да, маңдайынан иіскеді. Абайдың өкесіндегі
тартымды салқындық шешесіне де көптен бергі мінез болған. Бала
осыдан арғыны күтпеуші еді. Бірақ бауырына басқанның өзінде де
Абайдың жүрегін қатты-қатты соқтырған аса бір өзгеше жақындық
білінеді. Ана құшағы!.. Ұлжан көп ұстаған жоқ.
- Әжеңе бар, әнеки! - деп, үлкен үйдің алдына қарай бұрып
жіберді. Көрі әжесі Зере бәйбіше таяғына сүйеніп, ұрсып тұр екен.
Жаман неме, маған бұрын келмей, әкеңе кеттің-ау! Жаман
неме! ! дей беріп, қасына, құшағына немересі барғанда, «жаман
неменің» артынан лезде: - Қарашығым, қоңыр қозым... Абай жа-
деп кемсеңдеп, жылауға айналып кетті...
ным...
М. Әуезов. «Абай жолы»
16
1926 жылы ол қазақ тілінде өзінің алғашқы романы деп жазды - «. Kartkozha»
Құрметіне Аймауытов Жүсіпбек гимназиясы Шымкентте № 69 деп аталатын
Абай шығармалары тіліндегі кірме сөздер негізінен екі үлкен топқа бөлінеді: араб-парсы және орыс сөздері. Олардың әрқайсысын ақын өмір сүрген кезеңдегі қалың көпшілікке түсінікті- түсініксіздігіне, актив- пассивтігіне (қолданылуына) қарай іштей екі топқа жіктеуге болады:
1) Араб-парсы сөздері: а) ар, абырой, амал, адал, арам, әскер, әйел, дәулет, дәурен, зайып, зейін, күмән, қадыр, құрмет, қиял, құдай, Алла, молда, мешіт, шәкірт, хат т. с. с.; ә) аррахман, батил, жаһил, исбат, интинжа, мағмұр, мағрифат, мағишат, мәслих, латиф, ниһаят, салахият, тақриб, тахмин т. с. с.
2) Орыс сөздері: а) барқыт, бақалшік, бодан, болыс, закон, зауыт, кір, майыр, мәліш, ләпке, ояз, сияз, сот, старшын, самаурын, сома, партия т. с. с.; ә) виноват, визит, единица, занимайся, здравомыслящий, гуляйттау, миллион, картечь, номер, ноль прямота, трагедия, такт, фабрик, электрт. с. с. Сондай-ақ Абай шығармаларындағы калька арқылы жасалған балама тіркестерді де (үміттің нұры - «светило надежды», суық ақыл - «рассудок холодный», қараңғы көңіл - «мрачная душа», жабыраңқы жазған сөз - «стих унылый» т. б.) осы топқа жатқызуға болады