В
Все
Б
Биология
Б
Беларуская мова
У
Українська мова
А
Алгебра
Р
Русский язык
О
ОБЖ
И
История
Ф
Физика
Қ
Қазақ тiлi
О
Окружающий мир
Э
Экономика
Н
Немецкий язык
Х
Химия
П
Право
П
Психология
Д
Другие предметы
Л
Литература
Г
География
Ф
Французский язык
М
Математика
М
Музыка
А
Английский язык
М
МХК
У
Українська література
И
Информатика
О
Обществознание
Г
Геометрия
Анна200361
Анна200361
03.02.2020 15:03 •  Қазақ тiлi

1-тапсырма Төмендегі үзінділерді оқып, тілдің сапасы мен тазалығына назар аударыңыз. Екі мәтінді салыстырып, негізгі және қосымша ақпаратты анықтаңыз.  1-мәтін       Сұхбат

 - Құрметті Сабыр Шәріп мырза, қазіргі таңда Қазақстанды туризм орталығына айналдыру туралы мәселе көтеріліп отыр. «Алыстан арбалағанша, жақыннан дорбала» деген қазақ мақалына сай, өз елімізде де демалатын орындар жетерлік емес пе? Осы орайда өз пікіріңізді ортаға салсаңыз. - Иә, дұрыс айтасыз. Қазақстандағы туризмнің келешегі зор. Оның басты себептерінің бірі - географиялық және табиғи шарттар. Жазғы маусымда қазақстандықтар демалыс орындарында демала алады. Бурабай демалыс аймағы өзінің сұлулығы, көлдерінің молдығымен, жасыл желегімен және жануарлар әлемімен - «Қазақстан інжуі» деген поэзиялық атауға ие. Бурабайда тыныс алу мүшелерін және асқазан-ішек жолдары, жүрек-тамырлары жүйесі, тірек-қозғалыс аппараттарының ауруларын емдейді. Бурабай өзінің қымызымен, емдік лайларымен және минералды суымен танымал. Курорттағы ауа, керемет, дала шөптері мен қылқанды орман иісімен қаныққан таза ауа. 

2-мәтін

Денсаулық саяхат кезінде ерекше күтімді қажет етеді. А ң ағзасына демалыс кезінде  жаңа ортаның климаты, тамағы  әсер етуі мүмкін. Сондай-ақ, халық көп шоғырланған жерде түрлі бактериялар мен инфекциялар өршіп жүреді. Сол себептен де саяхат кезінде денсаулығыңызға салғырт қарамаған жөн. Жолға шықпас бұрын дәрігерге барып, денсаулығыңызды тексеріп алыңыз. Саяхат кезінде денсаулығыңыз сыр бермесін десеңіз...

Саяхатқа шықпас бұрын: Барар мекеннің климатын, салтын, тамағы жайлы алдын ала ғаламтордан қарап, біліп алыңыз; Дәрігерге жолығып, қандай егу шараларын жасау керектігін сұрап, ақыл-кеңес алыңыз.

Негізгі ақпаратҚосымша ақпарат

2-тапсырма. Жаздың шуақты күні жанұяңызбен бірге саяхатқа бардыңыз. Алған әсеріңізді сипаттап жазыңыз. Жазба жұмысыңызда төл сөздерді келтіріп, тыныс белгілерін дұрыс қолданыңыз (35-50 сөз көлемінде).

Показать ответ
Ответ:
pomogite228plez
pomogite228plez
07.01.2023 15:07

Қажымұқан 1906 жылдары рет әлемдік деңгейде көріне бастаған. Алманияда өткен дүниежүзілік сайыста ол әлем чемпионы атанады. Бірақ орыс әкімшілігіне бұратана халықтың атын шығарған палуан онша ұнай қоймайды. Сол үшін де Қажымұқан орыс палуандарының атымен күресуге мәжбүр болды. Қажымұқанға неше түрлі лақап аттар беріледі. Сол кездегі саясат бойынша бізде тек орыстар ғана емес, жапондықтар да күреседі деген жарнамалар жасалып, Қажымұқанды «Ямагата Мухунури» деген лақап атпен күрестіреді. Сонымен қатар Мухан, «Иван Чёрный» сияқты лақап есімдері болған.

Источник: https://khabar.kz/kk/m-ra-at-mir-zholy/item/104122-mir-zholy-aza-khal-yny-tarikhynda-y-t-ysh-k-sip-oj-baluan-azhym-an-m-ajtpasov

Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на www.khabar.kz

0,0(0 оценок)
Ответ:
DmitriyGromov
DmitriyGromov
24.07.2021 03:15
Ңжер-анаға деген ықыласы ерекше. топырақтан жаралған болмысымыздан ба әлде аталарымыздың жер үшін аянбай күресе білгендігінен бе, білмеймін, қазақ үшін жер мен ел ұғымы егіз. әлем картасында жерінің үлкендігі жағынан тоғызыншы орынды иемдеген отанымыз бар. алайда басында баспанасы мен өзіне тиесілі бір телім жері жоқ қандастарымыздың толып жүргенін қалай түсіндіреміз? өзінің меншікті жері жоқ , ерім деп еркелетпеген еліне қорған бола ала ма? әр жерде иесі бар деп қоршалып, қорғалған, бірақ бір түп ағаш егілмей, бір лашық салынбай созылып жатқан жерлер бар. ол жерлерді өзі алмай, өзгеге де бермейтіндердің не ойлағаны бар? жер күтіп, баптағанды, топырағын шаң қылып бүлдіршіндердің жүгіргенін, әйтеуір тірі ға қалқан болуды қалайды. ал қоқысқа толып, тынысы тарылған, егілмей жетімге айналған жер де ауа жұта алмай қиналған бірдей. бірде бір қоқысқа толып, әбден азып-тозған жерін сатуды жөн көреді. сатып алушы жерді қоқыстан тазалап жүріп, бұлақтың көзін тауып алады. әртүрлі жүзім, анар, алма ағаштарын егіп, басына үй салады. уақыт өте   сол маңнан жердің бұрынғы иесі өтіп бара жатып, жайқалған бақты көріп, мен қандай жерден айырылып қалғанмын деп өкініпті - дейді аңыздарда. жер баптағанға, күте білгенге азық, бағалай білгенге баспана, аялай білгенге сая бола алады. бірақ оның қадірін түсіне білу үшін де жерге жете алмай тіршілігі мұңға айналған бауырларымыздың күйін бастан өткізу керек пе? бізге жер беріңдер деп ашынған қазақтардың жанайқайы жылда естілетін жырға айналып барады. кезінде «шаңырақ», «бақай» деп бір дүрліккен қазақтың жылауы неге қайталана береді? еңбекпен тапсын, жерді сатып алсын дейді біреулер. ал біреулер неге өз ауылында отырмайды, қалада нелері бар деп сөгері анық. мүмкін біреулер ауылдағы жеріне егін ексін, соны өсіріп, азық қылсын деп ақыл айтар. бірақ кімнің жақсы өмір сүргісі келмейді дейсін. қала маңына шоғырланып жинала бастаған жандардың болашағым- қалада оқысын, тіршілік жасап, отбасымды асырайын деп ниеттенгендері анық. кеше ғана жер беріңдер деп бейбіт мақсатта жиылған топтың өз бауырымыз, өз қандастарымыз екенін естен шығармайық. қалай десек те бұл мәселені шешудің жолдарын іздеу керек. өз елім өзекке теппес деп шырылдаған олардың жанайқайын бүгін естімесек, ертең ар алдында да, алла алдында да жауап беретінімізді ұмытпаған жөн шығар.
0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота