1 -тапсырма. Суретке қара. Суреттердегі балалардың әрекеттерін баяндайтын мәтін құрап айт. сұрақтарға жауап бер: дөрекі бала қандай бала Сыпайы бала қандай бала
Тәрбие отбасынан басталады. Ата-ана - әрқашан балаға үлгі. Ата көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер деп қазақ халқы бекер айтпаған. Ұл бала әкесінен үлгі алып, тұрмыста, көпшілік орындарда әкесі өзін қалай ұстаса соны қайталауға тырысады. Әкесіне ұқсағысы келеді. Ал қыздар үй шаруасында, әдемі киінуде анасына ұқсауға тырысады. Әке де, шеше де балаларына тек қана жақсылық тілейді. Сондықтан әрқашан кішіпейіл, сыпайы бол, ешкімнің ала жібін аттама деп ақыл айтып отырады. Әке-шешесінің айтқанын тыңдайтын бала болашақта еліне қадірлі үлкен азамат болып өседі.
1955 жылдың 12 ақпанында КСРО-ның Жоғарғы Кеңесі ақылдаса келе, континенталды балистикалық зымыранды сынақтан өткізуге бел буды."Байқоңыр" ғарыш айлағын Қазақстанда тұрғызу туралы шешім қабылдады. 1957 жылдан бері "Байқоңыр" әлемдегі тұңғыш және көлемді айлақ болып келеді. 1957 жылдың 4 қазанында Ресей мемлекеті орбитаға алғашқы жасанды жер серігін ұшырды (Спутник-1). Ол орбитада 1957 жылдың 4 қазаны мен 1958 жылдың 4 қаңтары аралығында, яғни 92 күн болды. Осы аралықта Жерді 1400 рет айналып шығуға үлгерді. Әрбір айналымға 100 минуттай уақыт кетті. Осыдан кейін жер серігі Жер атмосферасында жанып кетті. Ғарышқа ұшқан ең алғашқы тіршілік иесі - Лайка атты ит еді. Ит 1957 жылдың 3 қарашасында Мәскеу уақытымен таңғы алты жарымда Кеңес Одағының "Спутник-2" атты кемесімен ғарышқа аттандырылды. Лайканың жасы - 2-де, салмағы - 6 келі болған. Сол кездегі басылымдар оның орбитада бір апта болып, қалыпты түрде тамағын ішіп, ұйықтап, үргенін жазған болатын. Ал шын мәнінде Лайка ұшырылған соң, 5-6 сағаттан соң өліп қалған. Кабинадағы температура біртіндеп көтеріліп, ақырында Лайканың денесі қызып, өртеніп кетті. Мұнан кейін, 1960 жылдың 20 тамызында Белка және Стрелка атты иттер ұшты. Бұл екеуі ғарыштан жер бетіне аман-есен оралған ең алғашқы тіршілік иелері болып есептеледі. Олар жер бетіне оралған соң, аттары аңызға айналып, сапардан ешқандай жамандық көрмей, баяғыша өмір сүре берді. Тіпті бірнеше айдан кейін Стрелка дүниеге алты дені сау күшіктерді алып келді. Осы бір сәтті сапардан кейін мамандарда нық сенім пайда болып, а ғарышты бағындыруға дайындыққа кірісіп кетті.