1-тапсырма. Шығарманы композициялық құрылымына қарай талдаңыз. (Ж.Сахиев. «Айдағы жасырынбақ» фантастикалық əңгіме бойынша ) Оқиғаның басталуы Оқиғаның дамуы Оқиғаның байланысуы Оқиғаның шиеленісуі Оқиғаның шарықтау шегі Оқиғаның шешімі 2-тапсырма Шығармадан тура жəне жанама мінездеуге мысалдар келтіріңіз. (Т.Ахтанов «Күй аңызы» əңгімесі бойынша) 3-тапсырма «Төрт сөйлем» тəсілі «Күй аңызы» бойынша 1. Пікір. Шығармада жаныңа жақын кейіпкер туралы, өз пікіріңізді жазыңыз. (1 сөйлем) 2. Дəлел. Өз ойыңызды аргументпен дəлелдеңіз. 3. Мысал. Пікірді өмірмен байланыстырыңыз, мысал келтіріңіз. 4. Қорытынды. Өзіндік қорытынды шығарыңыз. (1 сөйлем) (1 сөйлем) (1 сөйлем)
Қақтығыстану – қақтығыстың жағымсыз зардабын алдын алу және даму заңдылықтары, оны шешу немесе жою әдістері туралы ғылым. Тарихи және көркем әдебиеттерде адамдар үшін күш салдары, формасы және мазмұны бойынша ерекшеленетін көптеген қақтығыстық жағдайлар келтіріледі. Мамандардың пайымдауларынша, соңғы бес мың жылда адамзат әлеуметтік қарама-қайшылықтарды шешудің ең қорқынышты формасы - он бес мың локальді және ортақ соғыстарға қатысқан.
Гераклиттің (530-470 ж.б.з.д.) ойы бойынша дүниеде бәрі ұрыс арқылы туады, ал соғыс пенен қақтығыс барлық заттың негізі. Соғыс бәрінің әкесі және бәрінің патшасы – деп санады. Ал Эпикур (341-270ж.б.д.) Гераклиттің ойымен бөлісіп, онда ұрыс адамдарды мейірімді және ұрыссыз өмір сүруге жетелейтін ұрыс деп тұжырымдады. [28,27]
Осы дәйектерге қандай қатынаста болмасақ та, өркениеттің бүкіл тарихы, кейде шешілуі күш қолдану әдістері мен тәсілдерін қолданусыз мүмкін болмайтын әлеуметтік қақтығыстардан тұрады, бұл жағдай шартсыз түрде халықтар өмірі мен әрекеттерінің барлық салаларына қалыпқа келтірілмейтін зиян келтіреді.
Тағы бір ерекшелейтін жайт, көбінесе ең күрделі байқалмайтын, анайы болып көрінетін жағдайлар, түрткілерден, себептерден туындайды, сондықтан да қақтығыстың маңыздылығы, оның құрамдас бөліктері, олардың шешу жолдарын қарастыру әлеуметтік психология ғылымының ең маңызды пәні болып табылады.
Барлық қақтығыстар адамның ішкі өмірі ерекшелігіне, сонымен қатар оның әлеуметтік қатынастарына негізделген психологиялық құрылымдардан тұратыны белгілі.
Қоғамда болып жатқан әлеуметтік процесстерді қақтығыстардың маңызды әлеуметтік мәселе болып табылатынын зерттеулерде көрсетті. Бұл бірқатар себептермен шарттасқан: қақтығыс феноменінің күрделілігі, сонымен қатар оның пайда болуын бірнеше мәнде түсіндірген.
Қақтығыс қоғамдық қатынастардың басым көзі болды. Ол айқын және латентті формаларда көрінеді. Ол тұлғааралық қарым-қатынастарға ене отырып, күнделікті өмір және мемлекеттің дамуына негізделген қақтығыстарда көрініс табады. Осындай жағдайдың басты себебі ретінде Аристотельдің (384-322ж..д.) ойы бойынша бастапқыда адамдарды табиғатынан жүйкесі жұқарған деп ойлады. Осыдан келе оның пікірі бойынша қақтығыс қоғамның қалыпты жағдайы болып саналады. Аристотель негізгі қақтығыстың қайнар көзі адамның тұрмыстық жағдайының жоғары немесе төмендігінен туындайды деп санады
1)Фонетика-тіл дыбыстарының жүйесін, жасалуы мен ерекшеліктерін, әр түрлі сипаты мен бір-бірімен тіркесу зандылықтарын зерттейтін тіл білімінің бір саласы.
2)Омоним-шығуы жағынан да, мағына жағынан да басқа-басқа, айтылуы және жазылуы бірдей сөздер.
Синоним-тұлғалары әртүрлі, мағынасы жақын сөздер.
Антоним-мән-мағынасы бір-біріне қарама-қарсы қолданылатын сөздер.
3)Тоғыз сөз табы бар: 1. Зат есiм 2.Сын есiм 3.Сан есiм 4.Етiстiк 5.Есiмдiк 6.Етiс 7.Шылау 8.Одағай 9.Елiктеу сөз.
4)Сөйлем мүшелері-сөздердің мағыналық тұрғыдан өзара тіркесуі нәтижесінде синтаксистік қызметте жұмсалатын сөйлемнің дербес бөлшектері.
5)Тұрлаусыз мүшелер деп өздігінен сөйлем құрай алмайтын,тек сөйлемде берілген ойдың шеңберін кеңейтетін анықтауыш,толықтауыш,пысықтауыштарды айтамыз
6)Құрмалас сөйлем — екі немесе бірнеше жай сөйлемнен құралып, күрделі ойды білдіретін, мағыналық жағынан өзара байланысты біртұтас сөйлем.
7)Іс қағаздары қоғам өмірінде үлкен қызмет атқарады. Іс қағаздарының саяси, тарихи, құқықтық, экономикалық маңызы өте зор. Мемлекет, республика, қала, кәсіпорын, ұйым, мекеме тарихын жазғанда іс қағаздары ақпараттың табылмас қайнар көзі бола алады.
8)Өмірбаян – жеке адамның өмір жолы хронологиялық тәртіпте қысқаша жасалған ресми құжат. Әдетте оқуға түсу, жаңа қызметке орналасу кезінде жазылады.
9)Өтініш-Адамның өзге адамға білдіретін қалауы, көмек сұрауы;
10)Мінездеме - түрлі мекеме, ұйым бірлестік, оқу орындарында белгілі бір адамды өмірбаяндық, біліктілік, кәсіптік, адамшылық тұрғыда жазбаша сипаттау мақсатында жиі жазылатын іс қағазының бір түрі.