В
Все
Б
Биология
Б
Беларуская мова
У
Українська мова
А
Алгебра
Р
Русский язык
О
ОБЖ
И
История
Ф
Физика
Қ
Қазақ тiлi
О
Окружающий мир
Э
Экономика
Н
Немецкий язык
Х
Химия
П
Право
П
Психология
Д
Другие предметы
Л
Литература
Г
География
Ф
Французский язык
М
Математика
М
Музыка
А
Английский язык
М
МХК
У
Українська література
И
Информатика
О
Обществознание
Г
Геометрия
Dariasolne4naya
Dariasolne4naya
26.01.2022 16:02 •  Қазақ тiлi

1-тапсырма Шығармадан келтірілген үзінділерді пайдалана отырып, автордың бейнесін (негізгі ойын,

көзқарасын) анықтаңыз.

Асан қайғының (автор бейнесі) жерге айтқан сыны арқылы жердің қандай қасиеттері туралы

айтқанын анықтаңыз.

Асан қайғының сыны Қандай қасиеттер

туралы айтады?

Автор қандай адам?

Түркістанның қасында ескі қорған қала

Сауранды көргенде: «Əттеген-ай, қорғанды

ай тақырдың бетіне, Шөлістанның өтіне

салған екен. Сарқырап аққан суы жоқ,

жайқалып тұрған нуы жоқ, түбі тұрақты қала

бола алмас», - деген екен.

Баянауыл тауын көргенде: «Баянға жаймай,

қой семірмес», - деп, Асан қазіргі

Баянауылды өзіне жайлау етіпті.

Жетісуды көргенде: «Мынау Жетісудың

ағашының басы сайын жеміс екен, шаруаға

жақсы қоныс екен», - депті.

Ақмешіт (қазіргі Қызылорда) тұсындағы Сыр

өлкесін көргенде: «Ей, Ақмешіт, жерің шаң

екен, суың жар екен, əр бұтаның түбінде

кесек етің бар екен! Елің жұтамас, малыңның

көзіне сақ бол!» - депті.

Қарсақбай аймағын көргенде: «Айналаң

жапан түз екен, тауыңның асты жез екен, екі

тауың ел біткенді шақырар, басыңа байлық

қонар, жұртың ашықпас!» - деп жүріп

кетіпті.

2-тапсырма

«Қобыланды батыр» жырындағы батыр бейнесін қазіргі шынайы өмірдегі батыр бейнесімен

салыстырыңыз, айырмашылығы мен ұқсастығын сөздер мен сөз тіркестері арқылы жазыңыз.

«Қобыланды батыр»

жырындағы батыр бейнесінің

ерекшелігін сипаттайтын

сөздер мен сөз тіркестері

Ортақ

белгілері

(ұқсастықтары)

Қазіргі замандағы батыр

бейнесінің ерекшелігін

сипаттайтын сөздер мен сөз

тіркестері​

Показать ответ
Ответ:
SDimassYT
SDimassYT
28.01.2021 02:15

Тәрбие сөздері «құрғақ моральдық, тәлімгер-тәрбиеші болып көрінеді. Бірақ оны әлем алдында және ең алдымен өз ар-ожданының көрінісі ретінде қарастыру керек.

"Соңында мен шешім қабылдадым: қағаз бен сия бұдан былай менің жұбанышым болады, мен өз ойларымды жазамын. Егер кімде-кім өзінен қажет сөзді тапса, оны қайта жазсын немесе есіне түсірсін. Егер менің сөздерім адамдарға қажет болмаса, олар менде қалады.

Енді менде бұдан басқа уайым жоқ."

"Олардың күші - қолөнерді қажымай-талмай үйреніп, еңбек ету және өз араларында масқара қақтығыстарға уақыт жұмсамауында."

0,0(0 оценок)
Ответ:
лолkjk
лолkjk
06.05.2022 02:19

Ел мен жер тағдыры екіталай күйге түскенде қолына ер-азаматтармен бірге қару алып, ұрыс даласында атой салған қазақтың батыр қыздары мен аналарының көп болғаны қарт тарихтың еншісінде жатқан хақ ақпар. Бүгінде оларды дәріптеу былай тұрсын, есімін ұран еткендердің қатары мол. Бұл анасын ардақтаған текті ел үшін зор мәртебе, үлкен қуаныш болса керек-ті.  

Қазақ қыздарының әрбірінің бойында қайсарлық пен батылдық, жанарында жалын бар. Олардың осындай қайсарлығы мәңгі өшпес алаумен тең. Үндінің Дели сұлтандығының басын XIII ғасырда қарумен қосқан Рәзия патшайымның да шыққан тегі қыпшақ екені белгілі болды, яғни, түбі қазақ деген сөз. Сондықтан да батыр аналарымыз жайлы тарихтың тереңінен мейлінше сыр суыртпақтауға болады. Домалақ ана, Қызай ана, Жанат, Қарқабар, Алтыншаш, Әлпеш, Момын аналар, Айсары, Таңсұлу, Айтолқын арулар, Ақбикеш, Мақпал, Бопай ханымдар, Айша бибі, Рабиға бегім, Қарашаш, Еңлік, Баян сұлу сынды қазақтың батыр қыздары мен аналары том-том еңбектер жазуға лайық.

Атақты Қабанбай батырдың жары Гауһар  өте ақылды, тапқыр жан болған деседі. Соғыста әртүрлі тәсіл ойлап таба білген. Мәселен, түйенің өркешіне найза байлап соғыс алаңына алып келгенде жау жағы қазақтарға қосымша әскер келді деп қаша жөнелген екен. Осындай тәсілдерді соғыс үстінде таба білуімен ерекшеленген Гауһар мәңгі ел есінде.

Назым – Қаракерей Қабанбай мен Гауһардың қызы. Қаһарман қыз сан рет жау әскерін талқандап, әкесімен бірге қазақ-жоңғар соғысына қатысып, елін қорғаған оның ерлігі елге аңыз болып тараған.  

Ақбикеш жауды алыстан көретін қырағылығымен танылған қыз екен. Соғыста жау жасағын бақылап, оның бағытын хабарлап отырған. Тіпті, жау бағытын анықтау үшін Қаратау өңіріне биік мұнара салдыртқан. Талай ұрыста қапы қалып, әбден өшіккен жау Ақбикешті қолға түсіріп, қырағы көздерін ойып тастаған көрінеді. Қаратаудағы «Ақбикеш мұнарасы» осы батырдың құрметіне аталған.

Ботагөз батыр – Есет баһадүрдің қызы. 1742 жылы Орынборға кеткенде елін қалмақтар шауып, жылқыны айдап алып кетеді. Сол тұста  150 сарбазды бастап барған Ботагөз жау әскерін тас-талқан етіп, тірі қалғанын тұтқынға алып жеңіспен оралған. Қыз бастаған қолдан ойсырай жеңілгенін естіген қалмақ қолбасшысы  бас сауғалап үлгерген негізгі әскерді қатаң жазалаған екен.  

Бопай батыр – Кенесары ханның қарындасы. 1837-1847 жылдары Ресей отаршылдығына қарсы жүргізілген көтеріліске қатысқан ол   600-ден астам сарбазды басқарған. Бірнеше рет тұтқынға түссе де  ебін тауып құтылып отырған Бопай батыр сарбаздарды азық-түлік, қару-жарақ, киім-кешекпен қамтамасыз етуде айрықша қажыр-қайрат көрсеткен. Барлық істе табандылығымен, ақыл-парасатымен танылып отырған қазақ елінің мақтанышы, ардақты анасы.  

Бақты батыр – әкесі жаужүрек болған текті жердің қызы. Алаш арыстарының бірі Мұстафа Шоқайдың әжесі. Бақты әкесімен бірге Түркістанды жаулаушы орыс отаршылдарына қарсы барлаушылық қызмет атқарған.

Міне, қазақтың осындай жаужүрек батыр қыздары мен аналары ел тарихын қалауда, елдігімізді берік етіп, мемлекетімізді құруда айрықша үлес қоса білген. Біз сондай-ақ Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, Хиуаз Доспанова сынды майдангерлерді, Ләззат пен Сабирадай  қайсар қыздарымызды атаусыз қалдыра алмаймыз. Олар да кешегі батыр аналардың жолын жалғаған, елдігіміз үшін, өр рухымыз үшін аянбай күрескен намысшыл аруларымыз еді. Сол намысты да рухты қыздарымыз бен аналарымыздың ізбасарлары  егемен елден көптеп шыға бергей.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота