В
Все
Б
Биология
Б
Беларуская мова
У
Українська мова
А
Алгебра
Р
Русский язык
О
ОБЖ
И
История
Ф
Физика
Қ
Қазақ тiлi
О
Окружающий мир
Э
Экономика
Н
Немецкий язык
Х
Химия
П
Право
П
Психология
Д
Другие предметы
Л
Литература
Г
География
Ф
Французский язык
М
Математика
М
Музыка
А
Английский язык
М
МХК
У
Українська література
И
Информатика
О
Обществознание
Г
Геометрия
leratolcynova
leratolcynova
04.11.2021 18:32 •  Қазақ тiлi

1-тапсырма Ш.Қанайұлы «Зар заман» өлеңінен берілген үзінділерінен 4 бейнелеу құралын анықтап, мағынасын өз сөзіңізбен түсіндіріңіз.

Бейнелеу құралы кездесетін тармақтарБейнелеу құрал түріҚолданылу мақсаты

Зар заман, зар заман,Зарлап өткен бір заман нужно ​

Показать ответ
Ответ:
Komar1006
Komar1006
30.11.2020 15:30
Адәрумені сарғыш не қызыл   түсті тағамдарда кездеседі. олар - сәбіз, қауын, қызанақ, қ майы, сиыр бауыры, жұмысртқа, сары май, ірімшік, рауғаш, қаймақ, т.б. құрамында а дәрумені бар   тағамдарды күн түспейтін қараңғы жерде сақтайды. оларды ыстық сумен жумайды. а дәрумені көздің көру процесіне қатысады. бұл дәруменнің өсіп-өну және зат алмасу үшін маңызы өте зор. соңғы деректерге қарағанда ағзаға бір тәулікте бұл дәруменнен 1,5 мг керек екен. в1 дәрумені ашытқы, бауыр, сәбіз, сүт, саңырауқұлақ құрамында көп кездеседі. күнделікті тағамда бұл дәрумен жеткіліксіз болса, көбінесе жүйке жүйесі зақымданады, сондықтан тәулігіне 2-3 мг в1 дәрумені қажет.  в2 дәрумені ашытқы, бауыр, жұмыртқа, сүт, ірімшік, қара нан, ет, қ, көкөністерде кездеседі. бұл дәрумен әр жасушаның өсіп-жетілуіне әсер етеді. ол жетіспесе жүдеп, шаршап, ерні, өкшесі жарылып, көздің көруі нашарлап, жарыққа қарай алмай көзі жасаурайды. терінің сыртқы қабаты түлегіш келеді. салқын кезде және ыстықта ағзасына оның қажеттілігі одан сайын арта түседі.   оның күнделікті мөлшерінің 2,5-3 мг болғаны абзал. дәрумендердің в тобына бұл аталғандардан басқа в6, в12 түрлері де жатады. олардың да өзіндік әсерлері бар. в6 жетіспесе, қан азайып, тамаққа тәбеті шаппай, ашуланшақ, ұйқышыл,  кейде  бет, мойын терісі қабынып, кейде қояншық ауруына тап болады. бұл дәрумен жануарлар мен өсімдіктерде өте көп. әсіресе, ашытқы, бидай, бауыр, ет, бүйрек, жұмыртқа, күріш жармасында кездеседі. ересек оны күніне 1,5-2 мл шамасында керек етеді. в12 дәруменінің қ рөлі өте зор. оның зат алмасуына, жүйке жүйесіне, қанның құрамына үлкен әсері бар. бұл дәрумен екіқабат әйелдерге және жемсау (зоб) ауруына шалдыққан ға өте пайдалы. көбінде піскен ет, бауыр, бүйрек, жұмыртқа, сүттің құрамында көп болады. с дәрумені итмұрын, қарақат, пияз, қызанақ, картоп, капуста, алма, апельсин, бүлдірген, қарбыз, сәбіз, қияр, жүзім, алмұрт, асқабақ құрамында болады. тағамда с дәрумені жеткіліксіз болса, қырқұлақ ауруына шалдығады. қырқұлақ дегеніміз тіс түбінің, қызыл иектің зақымдалуы. сол сияқты қырқұлаққа шалдыққанда жүйке жүйесі нашарлайды.  с дәрумені суда ериді. сондықтан тамақ құнының жоғалмай, дәруменнің азаймауы үшін дастарханға қояр алдында әзірлеу керек.  с дәрумені итмұрында аса көп. соған орай күзде көп жинап алып қысқа сақтауға болады. суға езіп, тұнбасын ішеді. негізінде ға тәулігіне 50-100 мг мөлшерінде с дәрумені қажет. д дәрумені екіқабат әйелдерге өте пайдалы. ол жұмыртқа, сары май, қаймақ, сүт, саңырауқұлақ, қ майы құрамына енеді. д дәрумені кальций мен фосфордың алмасуын реттеуге қажет. оның ерекше қасиеті сыртқы ортада өзгере қоймайды. сондықтан тағамды қандай түрмен даярласа да, ол дәруменді байыптандырмайды. осы аталған дәрумендермен қоса е, к, рр, р деген дәрумендер де ағзаға үлкен әсер етеді. е дәрумені жыныс бездерінің қызметін жақсартады. күнделікті пайдаланған тағамдардың ішінде өсімдік майында көп болады. к дәрумені күнделікті пайдаланатын барлық тағамдарда кездеседі. олар тіпті ішектегі кейбір бактериялардың әсерімен жаңадан пайда болып отырады. сондықтан бұл дәруменнің жетіспеуі бойға тараған кейбір аурудың салдарынан деп түсіну керек. к дәруменінің қанды ұйытудағы маңызы зор. ғалымдардың ұйғаруынша, тәулігіне ға 0,2-0,3 мг к дәрумені қажет. рр дәруменінің ағзада жетіспеуі пеллагра деген дертке ұшыратады. оның негізгі белгілері іш өту, тері қабынуы, т.б. рр зат алмасуға қажетті ферменттердің құрамына кіреді. ағзасының бұл дәруменге деген қажеттілігі күніне 15-30 мг. ол бауырда, ашытқыда, қозықұйрықта көп кездеседі. бұл дәрумен қарын сөлін өндіруге, ұйқы безінің жұмысына, бауыр қызметіне, қызыл қан түйіршіктерінің түзілуіне, сүт қышқылының алмасуына тікелей әсер етеді.  р дәрумені (биофлавоноидтар) аскорбин қышқылына ұқсас. сондықтан ол с дәрумені бар тағамдардың құрамында жиі кездеседі. оның қ қасиеті - ұсақ қан тамырларының нәзіктігін және өткізгіштігін азайту. р дәрумені шайдың құрамында көп. сондықтан қазақ келіншектерінің арасында бұл дәруменнің жетіспеуі өте сирек кездеседі. оларда қан тамыры ауруы да жиі болмайды. өйткені ол ұсақ қан тамырларын бекітіп, серпімділігін арттырады. шайдың маңызын осыдан көруге болады
0,0(0 оценок)
Ответ:
уютка
уютка
15.08.2021 08:27

Біздің қазақтың қосқан аты алдында келсе, түсірген балуаны жықса, салған құсы алса, қосқан иті өзгеден озып барып ұстаса, есі шығып бір қуанады. Білмеймін, содан артық қуанышы бар ма екен? Әй, жоқ та шығар! Осы қуаныш бәрі де қазақ қарындастың ортасында бір хайуанның өнерінің артылғанына я бір бөтен адамның жыққанына мақтанарлық не орны бар? Ол озған, алған, жыққан өзі емес, яки баласы емес. Мұның бәрі - қазақтың қазақтан басқа жауы жоқ, биттей нәрсені бір үлкен іс қылған кісідей қуанған болып, ана өзгелерді ызаландырсам екен демек. Біреуді ызаландырмақ - шариғатта харам, шаруаға залал, ақылға теріс. Әншейін біреуді ыза қылмақтың несін дәулет біліп қуанады екен? Жә, болмаса, ана ыза болушы соншалық неге жер болып қалады екен?

Жүйрік ат - кейде ол елде, кейде бұл елде болатұғын нәрсе, қыран құс та, жүйрік ит те - кейде оның қолына, кейде мұның қолына түсетұғын нәрсе. Күшті жігіт те үнемі бір елден шыға ма? Кейде ана елден, кейде мына елден шығады. Мұның бәрін адам өз өнеріменен жасаған жоқ. Бір озған, бір жыққан үнемі озып, үнемі жығып жүрмейді. Соның бәрін де біле тұра, жерге кіргендей болып я бір арамдығы, жамандығы шыққандай несіне ұялып, қорланады екен?

Енді осылардан білсеңіз болады: надан ел қуанбас нәрсеге қуанады һәм және қуанғанда не айтып, не қойғанын, не қылғанын өзі білмей, есі шығып, бір түрлі мастыққа кез болып кетеді. Һәм ұялғандары ұялмас нәрседен ұялады, ұяларлық нәрседен ұялмайды. Мұның бәрі - надандық, ақымақтықтың әсері. Бұларын айтсаң, кейбіреуі «рас, рас» деп ұйыған болады. Оған нанба, ертең ол да әлгілердің бірі болып кетеді. Көңілі, көзі жетіп тұрса да, хайуан секілді әуелгі әдетінен бойын тоқтата алмайды, бір тиянақсыздыққа түсіп кетеді, ешкім тоқтатып, ұқтырып болмайды. Не жаманшылық болса да бір әдет етсе, қазақ ол әдетінен еріксіз қорыққанда я өлгенде тоқтайды, болмаса ақылына жеңгізіп, мұным теріс екен деп біліп, ойланып өздігінен тоқтаған адамды көрмессің.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота