1-тапсырма. Сөз жəне сөз тіркестерімен сөйлемдер құрастырыңыздар.
Іс қағазы, құқықтық мемлекет, адам құқығы, заң орны, термин сөздер,
қаулы, міндет, кəсіби мамандық, жекеменшік.
2-тапсырма. Төмендегі сөз жəне сөз тіркестерінің антонимдерін
табыңыздар.
Көне дəуір, өтінішті қанағаттандыру, рұқсат беру, қатысу, қалыптасу,
кепілдік беру, мəжіліске шақыру.
3-тапсырма. Сөйлемдерді дұрыс құрастырыңыздар
1.Сатуға \аталған пəтерді\М.С.Қайырбеков\ құқы бар.
2. Аталған пəтерді
\М.С.Қайырбеков\құқы бар\ жалға беруге.
3. М.С.Қайырбеков \құқы бар\сыйға тартуға\ аталған пəтерді.
4. Аталған пəтерді\ құқы бар\ М.С.Қайырбеков\мұра етіп қалдыруға.
5. Құқы бар \ М.С.Қайырбеков \ауыстыруға\ аталған пəтерді.
6.Құқы бар \ осы сенімхат арқылы\ аталған істердің барлығын\ жүзеге асыруға\ М.С. Қайырбеков.
Ана! Ана! Ана! «Ана» дегенде толқымайтын жүрек, толғанбайтын жан жоқ. Осы үш қана әріптен тұратын «ана» сөзінің астарында ұшан теңіз ой жатыр. Ана — әрбір а үшін ең ыстық, жанға жақын, мағыналы да қастерлі сөз. А алғаш дүние есігін ашқанда ананың ақ сүтімен бойына нәр алады, ана құшағына еніп, ана мейіріміне бөленеді. Адамның аузынан шығатын ең алғаш сөзі де – «ана». Міржақып Дулатов ағамыз айтқандай, бізді сүйетұғын, күйетұғын, әрқашан қамымызды ойлап жүретұғын абзал жанды адам, бұл – ана. Алдыңа қойған мақсатыңа жетуің үшін ана жанын қиюға да дайын. Ана баласының үлгілі азамат боп өсуі үшін бар күшін салып, тер төгеді. Ананың махаббатына, құдіретіне тамсанған талай ақын әнін арнап, жырын жазып, талай жазушы қалам тербеген.
«Анаңды меккеге үш арқалап барсаң да, қарызын өтей алмайсың» деген дана қазақ халқы. Шынында да, осыншама қиналып, көз жасын төге жүріп, бізді өсірген анаңа қолыңнан келгеніңнің бәрін істесең де, оның бәрі анаңның түн ұйқысын төрт бөлген бір күніндей ғана. Өз парызыңды өтеу, бұл – ана алдындағы парызды өтеу.Қаншама байлық иесі болсаң да, әлемге әйгілі адам болсаң да, анаңды, оның саған жасаған жақсылығын ұмытпау – сенің өмір бойындағы борышың. Қай адам қолынан келген сый – құрметін жасамады десеңші, шіркін! Бірақ соның бәрі анаңның бір ауыз жылы сөзіне де жетпейді. Дүниенің нұры, өмірдің гүлі, қызықтың қызығы – ананың қолында. Ана бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді.
Қорыта айтқанда, барлық адам ана алдындағы парызын өтеп, ақ сүтін ақтап, ананың шашына ақ түсірмей, тек осы киелі жандардың бақытты болуын ойлау керек. Себебі ең бақытты адам – анасы бар адам. Жер бетіне жақсылық нұрын себетін аналарымыз аман болсын!