1-тапсырма. Поэмадан алынған үзінділер туралы сөйлес. А) Неліктен шығарма төмендегідей өлең жолдарымен басталады?
Алай да дүлей ақ боран,
Ысырып,
Ұйтқып,
Бұрқырап,
Аттаған жанды қақпадан,
Қақпақыл қылар жұлқылап...
Ә) Маскүнем адамдарға тән қандай әдеттер келесі шумақта аталады?
Ішуге сылтау табылар,
«Ішемін,-дейді,-күйіктен:
Қызған соң айтар әні бар:
«Өмір-ау, неткен сүйікті ең!»
Б) Алынған үзінді шеңберінде балаға қандай мінездеме берер едің.
Қызып ап кейде «сорлым» деп,
Құшақтап ұлын жылайды.
«Арақты енді қойдым» деп,
Төсекке барып құлайды.
Әкесін сонда бас салып,
Кемсеңдеп,
ернін тістелеп
Көзінен ыстық жас тамып,
Жалынар:
«Папа ішпе!» - деп...
В) Анасы баласының түсіне не себепті енді деп ойлайсыңдар?
Поэмаға қайта оралсақ:
Кетемін! Бол, - деп, - хош аман...
Анасы ғайып жоғалды.
- Кетпеші, Мама «бес» алам!..-
- Кемсеңдеп бала оянды,