В
Все
Б
Биология
Б
Беларуская мова
У
Українська мова
А
Алгебра
Р
Русский язык
О
ОБЖ
И
История
Ф
Физика
Қ
Қазақ тiлi
О
Окружающий мир
Э
Экономика
Н
Немецкий язык
Х
Химия
П
Право
П
Психология
Д
Другие предметы
Л
Литература
Г
География
Ф
Французский язык
М
Математика
М
Музыка
А
Английский язык
М
МХК
У
Українська література
И
Информатика
О
Обществознание
Г
Геометрия
seee1902
seee1902
04.01.2020 21:59 •  Қазақ тiлi

1-тапсырма. Оқылым. Мәтінді оқып, төменде берілген тапсырмаларды орында.
Біржан мен Сара айтысы — айтыс өнерінің озық үлгілерінің бірі. Айтыс 1871 жылы
қазіргі Алматы облысының Қапал-Ақсу өңірінде Біржан Қожағұлұлы мен Сара
Тастанбекқызы арасында өтеді. Бұл айтысты ең алғаш 1898 жылы Қазанда «Қисса Біржан
сал менен Сара қыздың айтысқаны» деген атпен Жүсіпбек қожа Шайхисламұлы
жариялады. Біржан мен Сара айтысы сол тұстағы қазақ әйелдерінің бас бостандығы
мәселесін, адамгершілік пен әділдікті, шындықты өзекті тақырып етіп көтереді. Екі ақын
өздері тұрған екі өңірдің жақсы-жайсаңдарының сан алуан адамгершілік қасиеттері мен
келеңсіз іс-әрекеттерін жайып салып, оларға халық талабына сай келетіндей баға беріп
отырады. Сарыарқадан Сараны жеңемін деп Жетісуға келген Біржан сал басынан
амандасу рәсімін өз бойында дос тұрмақ дұшпан кемітер бір міні жоқ сұлудың, шебер
ақын, шешен қыздың бетін қайырып, жігерін жасытып алуға пайдаланбақ болады. Айтыс
алғашында рулық бағыт алса да, кейін дәстүрлі арнадан ауытқып, жүйелі өнер сайысына,
көркем де кестелі сөз жарысына айналады. Айтыста халқымыздың әдептілік пен әсемдік
туралы пікірлері, эстетикалық талғам-талаптары кең көрініс тапқан. Осының бәрі Біржан
мен Сараның 19 ғасырдағы қазақ халқының болмыс-тіршілігін жан-жақты суреттейтін
көркем туынды екенін айқын аңғартады. Айтыс негізіндегі Қ. Жұмалиевтің либреттосы
бойынша 1946 жылы М. Төлебаев «Біржан — Сара» операсын жазды.
1 Сұрақтарға жауап беріңіз.
Сұрақтар
Айтыс қандай мәселелерді қозғады?
Айтыс негізінде қазақ әдебиетінде қандай
туындылар дүниеге келді?
Екі ақынның арасындағы айтыс қағаз
бетіне қашан түсірілді?
Біржан Жетісу жеріне қандай мақсатпен
келді?

Показать ответ
Ответ:
Саляриум
Саляриум
04.12.2020 10:21

Қазіргі кезде қандастарымыз әр елде шашырап жүр.

Осыған байланысты Оразақын Асқар "Шетте жүрген бауырларға" өленің жазған. Бұл өлеңде қазақ бауырларымызды елімізге қайтып келуін сұрайды.

Қазақ елі бұрынғы кезде көптеген қиыншылықтар көрді . Осы себепті басқа елдерге кетуге мәжбүр болды. Қазақ халқы Ахмет Жұбанов айтқандай «мың өліп, мың тірілген» халық. Бұған дейін көптеген соғыстар, көтерілістер болды. Соның нәтижесінде қазақ халқы тарап кетті. Көптеген ұлт-азаттық көтерілістері аяусыз басып-жанышталғаннан кейін қазақтар басқа мемлекеттердің аумағына көшіп кетуге мәжбүр болды. Мәселен, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістен соң 300 мыңға тарта қазақ Қазақстан аумағын тастап Қытайға көшіп кетті. Ал қазір тәуелсіздікке қол жеткізіп, қиыншылықтар артта қалғанда қайта елімізге оралып жатыр. Қазақтардың Қазақстаннан тыс жерлерге лажсыздан қоныс аударуы ХІХ-ХХ ғасырлар шебінде жиі орын алды. Ол кезде қазақ даласын Ресейдің еуропалық бөлігінен қоныс аударып келген шаруалар арқылы отарлау жаппай жүріп жатты. Қазақтардың ең жақсы, құнарлы да шұрайлы жерлерін күшпен тартып алу жалғаса берді. Міне, мұндай жағдайда қазақтардың өздерінің ежелден отырған, дәстүрлі көшіп-қонып жүрген жерлерін лажсыздан тастап, қайдағы бір құнарсыз, сусыз жерлерге қоныс аударудан өзге амалы қалмады.

Ал қазір біз тәуелсіз мемлекетпіз. Шет елде жүрген бауырларымыз қайта туған жерлеріне орала алады.

Енді барлығымыз бірігіп осы тәуелсіздікті жоғалтпай ұстауымыз керек.

Объяснение:

0,0(0 оценок)
Ответ:
Sunshinesun88
Sunshinesun88
21.07.2022 01:19

3 тапсырма жоспар бойынша мазмұн жазу:

су- тіршілік көзі.

жоспар бойынша бырыншы:

Су - тіршілік көзі, өмірдің қуаты. "Судың да сұрауы бар" дейді аққан судың қадірін  білген дана халқымыз. Күнделікті судың қадірін біле бермейтініміз - шындық. Сарқырап су ағып тұрған соң бір тамшы суға зар болған жандардың басындағы ауыртпашылықты қайдан білейік? Ағызып қойып соны ойлай бермейміз-ау. Ал барша мұсылманға қасиетті Рамазан айында ораза ұстағанда, Алла разылығы үшін ас-судан тыйылып, күн батқанша қара су аузың жетпегенде ғана не дүниенің парқына барасың. Күн еңкейе батып, ауызашар уақыты кіргенде ұрттаған суыңнан балдай, одан артық бақыт сыйлар дүние бар ма, шіркін! 

жоспар бойынша екінші:

Суды тіршілік тұрмыста, өсімдік пен жануарларға,салқындату, жылыту жүйелерінде қолданады.

жоспар бойынша ушыншы:

Қол жуу, ыдыс шаю сынды көптеген іс барысында қатты ағатын су керек болады. Шүмектердің аузына тағылатын үнемдеу аппараттары аз мөлшерде суды қатты ағызуды қамдайды. Осылайша 70 пайызға дейін су үнемдеуге болады.

Су ысырабының алдын алатын басқа бір құрал да – үнемдейтін душ тұмсығы. Осындай тұмсықтар судың тең әрі қатты ағуын қамдайды. Осылайша әрі сапалы душ аласыз, әрі судың босқа ағып кетуіне кедергі боласыз.

Сонымен бірге уақытпен істейтін, тигенде істейтін немесе қимыл-қозғалысқа қарай ағатын шүмектер бар. Бұлар да суды үнемдейді.

Айырықша бау-бақшада шлангтардың ұшына тағылатын құралдар су үнемдеуге көмектеседі.

Суды тиімді қолдануға пайдалы осындай құралдар суды үнемдеу тұрғысынан өте маңызды. Тиімді және экономикалық су қолдану үшін барлық жерде осындай аппараттар таңдау керек. Суды босқа ағызатын, тесігі бар құралдар қолданылмау керек.

Суды қорғау тіршілікті қорғау екенін ұмытпайық.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота