В
Все
Б
Биология
Б
Беларуская мова
У
Українська мова
А
Алгебра
Р
Русский язык
О
ОБЖ
И
История
Ф
Физика
Қ
Қазақ тiлi
О
Окружающий мир
Э
Экономика
Н
Немецкий язык
Х
Химия
П
Право
П
Психология
Д
Другие предметы
Л
Литература
Г
География
Ф
Французский язык
М
Математика
М
Музыка
А
Английский язык
М
МХК
У
Українська література
И
Информатика
О
Обществознание
Г
Геометрия
Alphons145
Alphons145
17.05.2022 18:18 •  Қазақ тiлi

1. Тапсырма: Оқулыққа шолу жасай отырып ХХ ғасырдың басында қазақ қоғамында саяси зор сілкініс жасаған тұлғалардың біреуінің (өз таңдауыңыз бойынша) қызметіне баға беріңіз.

«Ғасыр адамы» галереясын жасау.

1-топ. А.Байтұрсынов

2-топ. Ә.Бөкейханов

3-топ. М.Дулатов

4-топ. М.Тынышбаев

5-топ. Бақытжан Қаратаев

6-топ.Мұстафа Шоқай​

Показать ответ
Ответ:
Liza200011111
Liza200011111
06.02.2020 10:45

ответ:V бөлім. Бос уақыт және хобби Мерзімі 21.12.2018ж Сабақтың тақырыбы Хобби. Ауызекі сөйлеу стилі Мектеп «Сәду Шәкіров атындағы мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Мұғалім: Байтүлекова Қарлығаш Айдарқызы Сынып: 5 қазақ тілі Қатысқандар- Қатыспағандар- Осы сабақ арқылыжүзеге асатын оқу мақсаттары 5.Т/А5. Тыңдалған мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беру, көтерілген мәселе бойынша өз ойын білдіру.5.О2.Лексиканың ауызекі сөйлеу және жазба стильдік айырмашылықтарын мәтіндер арқылы тану. Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар орындай алады: Мәтінді тыңдайды, сұрақтар құрастырады, сұрақтарға жауап береді. Оқушылардың көпшілігі орындай алады:Мәтіннен жаңа сөздерді үйренеді, кластер құра алады. Кейбір оқушылар орындай алады: Мәтінді бөліктерге бөле алады, түсінгенін баяндайды, тура және ауыспалы мағыналы сөздерді ажыратады. Бағалау критерийлері

Мәтін бойынша сұрақтар құрастырады;

Тура және ауыспалы мағыналы сөздерді ажыратады.

Оқушылар орындай алады: Мәтінді тыңдайды, сұрақтар құрастырады, сұрақтарға жауап береді Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдерХобби, ауызекі сөйлеу стилі, Билл Гейтс, телеграф, телефон, киноаппарат, фонограф, теннис, бридж, Марк Цукерберг, Томас Эдисон Диалог құруға/шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:Әлеуметтік желі, диетаның адам ағзасына әсері, өмірінің мағыналы өтуі, ХХ ғасырдың басындағы ұлы адам Талқылауға арналған сұрақтар:

«Хобби» деген сөздің мағынасын білесің бе?

Ұлы адамдардың хоббимен айналысқанын естіп пе едің?

Ишара: жест, ым-ишара, қол сигналдары Құндылықтарға баулу Тіл, мәдениет, ұлттық құндылықтар Пәнаралық байланыс Қазақ әдебиеті, Қазақстан тарихы Тақырып бойынша алдыңғы білім Қазақстан қалалары Жоспар Жоспарланған уақыт Жоспарланған жаттығу түрлері Ресурстар Басы 5минутМақсатқа бағыттау «Күн сәулесін төгеді» тренингіСабақ мақсатын, орындалатын тапсырмаларын хабарлау, дескрипторлармен таныстыру, талдау, бағалау жолдарын талқылау Ортасы 30минут Ой шақыру

«Хобби» деген сөздің мағынасын білесің бе?

-Ұлы адамдардың хоббимен айналысқанын естіп пе едің?1-тапсырма, 84-бетМәтінді тыңда, қандай ақпарат алдың? Парталас көршіңе сұрақ қой. Жауаптарыңның дұрыс-бұрыстығын бағалаңдар.2-тапсырма, 85-бет. Сұрақтарға жауап бер.

Хобби деген сөз қандай мағынаны білдіреді?

Адамдар не үшін хоббимен айналысады?

Мәтінде айтылған ұлы адамдардың есімі, істеген ісі сендерге таныс па?

3-тапсырма, 85-бет.Тыңдалым мәтінінен қандай жаңа сөздерді үйрендің?Тілдік бағдар. МК Ауызекі сөйлеу стилі-адамдардың күнделікті тіршілігінде жиі қолданатын стиль түрі. Ауызекі сөйлеу стиліне отбасындағы айтылған әңгімелер, достардың арасындағы сырласу, оқушы мен ұстаздың арасындағы сұхбат жатады. Ауызекі сөйлеу стилінің ерекшелігі – оның еркіндікке құрылуында. Сезімді білдіретін одағай, қаратпа, қыстырма тәрізді эмоционалды сөздер жиі кездеседі.4-тапсырма, 85-бетХоббидің пайдасы туралы кластер жаса. Ойыңды дәлелдеп жаз.5-тапсырма. «Кімнің жады мықты?» ойыныШарты: Топқа бірігу, тыңдалым мәтінін бөліктерге бөліп оқу, әркім өзінің оқыған бөлігі бойынша түсінгенін айтады, мәтіндегі тура және ауыспалы мағыналы сөздерді ажыратады. Оқулық Соңы5 минут

Үйге:«Таңдау» әдісі.1. Мен сабақ қызықты қызықсыз болды деп ойлаймын.2. Мен сабақта: үйрендім көп нәрсені үйренгенім аз болды.3. Мен басқаларды мұқият зейінсізтыңдадым.4. Мен пікірсайыстарға жиі сирекқатыстым5. Мен сабақтағы өз жетістіктеріме ризамын риза емеспін.«Менің бос уақытым» және «Менің әуестік әлемім» тақырыптарының таңдағанына ойтолғау жазады. кесте Қосымша ақпарат Саралау – оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түсіндіресіз? Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз? Денсаулық және қауіпсіздікАКТ- мен байланыс Бағыттаушы, жетелеуші сұрақтар қою арқылы кедергілердің алдын аламын. Сабақтың өн бойында комментарий арқылы қалыптастырушы бағалау жүргізіледі. РефлексияСабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма?Бүгін оқушылар не үйренді? Сабақ қалай өтті,қандай деңгейде өтті?Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма?(тапсырмалар сәйкес болды ма?) Уақытты қалай пайдаландым? Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге? Қорытынды бағалауЕң жақсы өткен екі нәрсе(оқыту мен оқуға қатысты)1:2:Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді(оқыту мен оқуға қатысты)1:2:

0,0(0 оценок)
Ответ:
1NatikNatik1
1NatikNatik1
29.01.2021 17:52

Сәлем, Алина! Қал – жағдайың қалай? Үйіңе аман – есен жеттің бе? Мен қазір саған ауылдан хат жазып отырмын. Екеуміздің халықаралық балалар орталығында танысқаныма өте қуаныштымын, енді осы хатымда мен саған Қазақстанның көрікті жерлері жайлы айтып кеткенді жөн көрдім.

Менің кіндік қаным тамып, алғаш тәй-тәй басқан, алғаш «ана» деп күлім қаққан, киелі жерім, атамекенім бар, ол – тәуелсіз Қазақстан. Мен өз басым Қарағанды облысына қарасты Жаңаарқа ауданында тұрамын. Ұлан байтақ еліміздің ірі қалаларын аралау - менің арманым, себебі Қазақстанда көрікті жерлер жетерлік. Әзірге осы арманымды ата - анамның арқасында ақырындап жүзеге асырып келемін. Жазғы демалыста отбасымызбен демалуға бір қаланы таңдап, сонда жол жүреміз. Әзірше біз киелі Түркістан, жер жәннаты Жетісудың орталығы - Талдықорған, оңтүстік астанамыз Алматы және еліміздің бас қаласы Нұр - сұлтанға сапар шектік. Әр қаланың өзіндік қайталанбас ерекшеліктері бар. Мысалы, Түркістанда біз киелі жерлерді аралап, аптап ыстықта жер асты құдығының суын ішіп, бұрынғы заманның сәулет өнері туындыларына тамсандық. Ал Жетісу өңірінде таудан сырқырап аққан Қаратал өзенінің бойында серуендеп, таза ауада демалып, табиғаттың сұлулығына тәнті болдық. Оңтүстік астанамыз аталып кеткен Алматыда серуендеп қыдыру мен аты әлемге әйгілі Алматы апортын татып көрудің өзі арман ғой, Алматыны тіпті өлең - жырға қосқан ақын - жазушылар қаншама десеңші... Алматыда серуендейтін жерлер өте көп. Солардың ішінде біз Көктебеге көтеріліп, әсем Алматыны жоғарыдан алақанымыздағыдай көріп таң қалдық. Аты әлемге әйгілі Медеу мұз айдынында коньки тептік, Абай атындағы ұлттық опера және балет теартының кезекті қойылымын тамашалап, Ә.Қастеев атындағы сурет галереясына да барып үлгердік. Еліміздің жүрегі – Нұр – сұлтан қаласының да көрікті жерлері аз емес, жыл сайын олардың қатары толықтырылып келеді. Тәуелсіз Қазақстанның сәулеттік символына айналған «Бәйтерек» монументі, «Хан-шатыр» сауда және ойын-сауық орталығы және «Думан» ойын-сауық кешені біздің отбасымыздың сүйікті демалу орындары.

Келешекте Қазақстанның Қостанай, Павлодар, қарт Каспийдің жағасында орналасқан Ақтау, Атырау, сонымен қатар шырайлы Шымкент қалаларын аралағым келеді.

Ал сен бұрын Қазақстанда болдың ба? Болмасаң, мен сені қонаққа шақырамын, жазғы демалыс уақытында келіп, қонақ болып кет. Әуелі елордамыз Астана қаласынан бастайық? Астанаға дейін жетсең, өзім ата – анаммен күтіп аламын. Сен пойызбен немесе ұшақпен келсең болады. Қалғанын уайымдама, біздің үйде жатып демаласың.

Хат жазып, хабарласып тұр.

Сәлеммен, досың Амира.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота