1-тапсырма. Оқулық, 86-бет, 6-тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, төмендегі сұрақтарға
жазбаша жауап беріңдер.
Қазақстанның Қызыл кітабы қашан жарық
көрді?
Кітаптың нешінші басылымы қазақ тілінде
шықты?
Ол басылымда омыртқалы жануарлар туралы
қандай деректер келтіріледі?
Жануарлар түрі қанша категория бойынша
тіркелген?
2-тапсырма. Оқулық, 87-бет, 4-тапсырма.
Берілген сөздер мен сөз тіркестерін
қатыстырып, табиғатқа байланысты сөйлемдер
құраңдар.
Жасыл желек, қоршаған орта, аялау, ластамау,
тазалық, сындырмау.
- Қазақстан жерінде 85 мыңға жуық өзендер мен бұлақтар бар.
- Қай өзендерінің бойымен кішкене кемелер жүзеді. ?
- Ертіс, Орал, Іле, Еділ өзендерінің бойымен кішкене кемелер жүзеді.
- Қай өзендерінің бойымен терең жерлерінде ғана кеме жүзе алады. ?
- Сырдария, Тобыл, Қаратал, Бұқтырма өзендерінің бойымен терең жерлерінде ғана кеме жүзе алады.
- Бұл өзендерде нелер тіршілік етеді?
- Бұл өзендерде балықтардың бағалы тұқымдары тіршілік етеді.
Көктем.
Ызғарлы әрі қатал қыстан кейін жайма-шуақ көктем де келіп жеткен еді.Көкжар ауылының табиғаты одан әрі әрлене түскен.Ауыл шетіндегі асау өзен толассып айналасын нәрге бөлеуде.Ал айдын көлге жылы жақтан қайтып келген құстар,аққу,тырна,қаздар,қиқулап асыр салып ұшып жүр.Ауылдан біршама қашықтықта жатқан асқар тау бейне бір шамалы жүрсең жетіп қалатын секілді көрінеді.Қаладан ата-әжесінің ауылына демалысқа келген Арман бұл сұлулыққа тамсанып жүрген еді.Қолында ақ парағы мен түрлі түсті қарындаштары да бар.Сурет салып,бұл әдемі табиғатты,көктемнің алғашқы күндерін есіне сақтап қалғысы келгені ғой.Біраз уақыттан соң , суретін тәмамдап ата-әжесіне көрсетіп олардың мақтау сөздерін естіп марқайып та қалған еді.Кейін суретін сөмкесіне салып атасына жас ағаштарды суғаруға көмектеспек болып далаға жүгіріп шықты.Не дегенменде,көктем Арманның ең сүйікті жыл мезгілі ғой.