В
Все
Б
Биология
Б
Беларуская мова
У
Українська мова
А
Алгебра
Р
Русский язык
О
ОБЖ
И
История
Ф
Физика
Қ
Қазақ тiлi
О
Окружающий мир
Э
Экономика
Н
Немецкий язык
Х
Химия
П
Право
П
Психология
Д
Другие предметы
Л
Литература
Г
География
Ф
Французский язык
М
Математика
М
Музыка
А
Английский язык
М
МХК
У
Українська література
И
Информатика
О
Обществознание
Г
Геометрия
artem2006sokol
artem2006sokol
16.09.2022 17:00 •  Қазақ тiлi

1-тапсырма
Мәтіннен негізгі ақпараттың астын бір сызықпен, қосымша ақпаратты екі сызықпен сыз
Үркер
Үркер күз басында шығыстан, қыс басында төбеден, көктем басында батыстан көрінеді. Ал жаз басында мүлдем көрінбейді. Қазақтар: «Үркер төмен түспей, жер қызбайды» дейді. Оның орналасу жолының ауылшаруашылығына тікелей қатысы болған.
Шоқжұлдыздардың «Үркер» деп аталуы сол жұлдыздардың аспанда үріккен қойдай шашырап жатқанын бейнелесе керек.
Үркерге қатысты қолданыстар: 1) Үркер үйден көрінсе, үш ай тоқсан қысың бар. Үркер іңірде жамбасқа келсе, жаз шықпаған да несі бар. 2) Үркер түссе, жер қызады. 3) Үркер туса, сорпа ас болады. 4) Үркер көтерілсе, шөп көтеріледі, бидай тас тартады. 4) Толған Ай тұрса Үркерге қарсы қарап, қыс түсер шақырайып, боран сабап. 5) Үркер мен Ай ауыл қонысты, Үркер мен Ай тоғысты.​

Показать ответ
Ответ:
cea2
cea2
21.04.2021 12:07
Арнадым жас қалама осы жырды, - деп, Астана туралы жүректен шыққан шығармамды осы бір өлең шумағымен бастағым келеді. Астана мемлекетіміздің саяси, әкімшілік, экономикалық, мәдени орталығы және елдікті, ұлттық бірлікті білдіретін бас кала. Сонымен катар, Астана каласы- тәуелсіз Қазақстанның жаңа Елордасы. Қала құрылысы канатын кеңге жайып келеді. Жаңа әрі озық үлгідегі тұрғын үйлер, әкімшілік-шаруашылық ғимараттары бой түзеуде. Есіл өзенінің сол жағалауындағы жаңа әкімшілік-шаруашылық ғимараттарын жедел қарқынмен тұрғызу мақсатында "Астана-Жаңа қала" атты арнайы экономикалық аймақ құрылған болатьн. Ол қазірдің өзінде ертегілер еліндегі қаланы көз алдыңа келтіріп, үлкен кешеңді құрылысқа айналды. Қаланын жасыл желегі де көз қуантып, көңіл тойдыратындай, гүлзарлар көз жауын алып, су бүрқақтар жанға сая болуда. Менің Қазақстаным - дамыған ел, мәдениеті мен өнері өркеңдеген ел. Еліміздің болашағы біздер. Яғни, еліміздің болашағы жастардың қолында. Жастардың иманды, білімді, мәдениетті болып ержетуі, Қазақстанның дамыған 50 елдің қатарына енуі үшін септігін тигізеді. Менің негізгі армандарымның бірі-Қазақстанның даңкын аспаңдату. Әлемдегі өркениетті озық елдердің қатарына көп ұзамай косылатынымызға деген сеніміміз күшейе тусуде. Өйткені, мен казіргі жастарды болашақтың жарқын жұлдызды жастары деп санаймын. Әлі-ақ аспандағы күніміз казак жеріне ерекше сәулесін түсіреді.
0,0(0 оценок)
Ответ:
karuna4
karuna4
14.02.2022 07:01

«…Уақыт қарқыны зымыран. Күні кеше өткен сияқты уақиғалар бүгінде тарих беттеріне айналып та үлгірді. Бұл жаңа мемлекет пен жаңа қоғамның дүниеге келуінің азапты толғаққа толы, сонымен бірге ғаламат сәті еді. Сол сәт әлі аяқталған жоқ, бірақ ең қиын белестерден аса білдік. Ең қиын жылдар дәл қазір артымызда қалды, сондықтан да мен еліміздің еңсесі биіктей беретініне сенемін.» (Н.Назарбаев)

Жоспар:

Кіріспе 
Жаңа ғасырға аяқ басқан жаңа Қазақстан. 
Негізгі бөлім 
1.Тарих беттерін парақтасақ… 
2.Ұмтылмайды Желтоқсанның ызғары. 
3.Менің бар бақытым-қасиетті Отаным. 
Қорытынды 
Қазақстан тәуелсіздігі мәңгілікке. 
А адамзат қоғамы қашанда алдағы болатын оқиғаны әрі аңсай, әрі абыржи тосқан ғой. Әсіресе, ғасыр, мыңжылдық сынды,тарихта өшпес ізі қалатын межелі кезеңдер таянғанда қатты қобалжығаны рас. Үшінші мыңжылдыққа аяқ басу үшін де бір ғасыр бойы дұрыстап әзірленіп, әр қилы милленаристік қозғалыстарды бастапты. Сарыуайымшылдар қауымы: «Киелі кітапта айтылатын қиямет-қайым деген орнаса, осы жолы орнайды. Жасаған күнәміз,істеген жаман істеріміз шашымыздан да асып кетті. Ол үшін күллі адамзат болып жауап беретін кезіміз енді келді», – деп қорқыпты. Қиялшылдар қауымы: «Жаратқанның жердегі,ақ желкенді кемемен жақсылық жағасына асыққан үмбетін тегіс жарылқайтын заманы енді орнайды. Қой үстіне бозторғай жұмыртқалайтын заман орнауын талай күтсек, енді сол заманға аяқ бастық», – деп қуаныпты. 
Сөйткен жаңа ғасыр мен жаңа мыңжылдық келді.Сол ғасырдың қызығын көріп өмір сүріп жатқан біз бір пендеміз.Сәуегейлер қанша құйқылжытқанмен, әзір бәрі бәз-баяғысынша. Таң орынынан атып тұр. Күн орынынан батып тұр. Қиямет-қайым болған жоқ. 
Адамзат жиырмасыншы ғасырдың табалдырығын неше түрлі әлеуметтік алақызбалыққа ұрынып, еліре аттапты. Енді сол өткеннің бәрі су сепкендей басылды. Тәңірім, жаңа ғасыр, жаңа мыңжылдық табалдырығынан аттап отырған біздерді де қай-қайдағы әулекіліктерге ұрындырмай, етек жиып, ес түгендеп алуымызға мұрша бергізгей.Алтын уақытымыз тәуелсіз елдік бейбіт күндеріне ғана жұмсалсын деп тілейміз. 
Төңірегімізге осы тұрғыдан көз тастасақ, көкте бір Тәңірге, жерде бір өзіңе ғана сеніп, көреміс жарықты көріп, бұйырмыс ырзықты татып, сүйгізген ұрпағын сүйіп, өлшеулі ғұмырға пейіл болудан басқаның бәрі күпірлік екендігіне көзіміз тегіс жете бастағандай. Оған да «шүкір» дейміз. Көңілге медет қыларымыз тек бір бұл емес. Ең бастысы, жаңа ғасыр мен жаңа мыңжылдыққа егемен ел, тәуелсіз ұлт болып аттадық. Бұған жеткен де бар, жетпеген де бар. Өйтіп, біреуді көріп шүкір етіп, біреуді көріп пікір ету үшін де өткенге ой, бүгінге көз жіберуге тура келді. Ол үшін, ең алдымен, бір сауалға – бұл күнге қалай жеттік? – деген сауалға жауап іздеуіміз қажет сияқты. 
Егер біз сонау ғасырлар қойнауының қатпар-қатпар белесінен көз жүгіртіп байқасақ, ежелден–ақ ата-бабаларымыздың өз жерін еш жауға бастырмаған, ұлын құл, қызын күң еткізбеуге батырлық ержүректігін, жауына қатал, досына адал, шыбын жанын шүберекке түйіп, садақ ұстап қол күшіне сеніп, найзаның ұшына үкі таққан ұлдары мен қыздарының жауынгерлік үлгісі бізге аманат болып жеткен. Отанымызды қорғаған еліне деген сүйіспеншілігі, ерлер сияқты қолына қару алып, ат құлағында ойнап жүріп жауын жеңуі сақ қызы — Тұмар падишаның ерлік істері. «Маған туған жердің бір уыс топырағы да қымбат. Сонда енді не бар?!» деп тұрсыңдар ғой… Менде ел бар, менде жер бар, мен елімді-жерімді қорғадым, — деген Тұмар падиша осындай байтақ та бай дархан Отанымызды жұдырықтай жүрегіндегі ерлік сезіммен қорғағаны сөзсіз. «Тар қолтықтан оқ тисе, тартып алар қарындас» — деп қыздарға сеніммен арқа сүйеген де, шашын төбесіне түйіп жауға шапқан,ержүрек батыр қыздардың Қазақ топырағында болуы бізді зор мақтанышқа бөлейді.Сол аға-апаларымызды еске алсақ біз олармен мақтанамыз,ерліктеріне сүйсіне қараймыз. 
Еліміздің сан ғасырлық тарихында мақтаныш тұтар, бүгінгіміз бен келешегіміз үшін ғибрат алар,кеудемізге қиналғанда үміт отын жағар оқиғалар мен Отан алдындағы адал қызметінен үлгі алар ұлы тұлғалар аз болмаған. Олардың қатарына: қазақтың ұлт болып ұйысуы мен оның ұлан ғайыр ата-қонысының (этникалық территориясын) қалыптасуын; ұлттық мемлекттігіміздің бастауы – Қазақ хандығының құрылуы мен дамуын; өзі отырған тағы емес, билеп отырған халқының бағын ойлап,жау қолына тойтарыс берген хандар мен оларға ел мен мемлекет тұрғысынан ақыл-кеңес берген,кемшілікті айта білген ұлы билер дәстүрлерін; ата-бабаларымыздың елімзге,халқымызға тән өзіндік шаруашылық жүргізу жүйесін қалыптастыруын, таңғажайып этномәдени үлгілерін жасау арқылы әлемдік өркениетке қосқан алып үлесін, батырларымыздың жер мен ел тәуелсіздігі мен ата-қоныс тұтастығын сыртқы,тіпті қала берді ішкі жаулардан қорғаған үлгісін жатқызуға болады. 

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота