1-тапсырма. Мәтіндерді оқып, төмендегі аспект бойынша салыстырыңыз.
1-мәтін
Төле би Əлібекұлы (1663 – 1756 жж.) – қазақтың би-шешені, мемлекет жəне қоғам қайраткері, ойшыл дана. Ұлы жүздің төбе биі. Төле жастайынан ескіше оқып сауатын ашады. Қазақтың аңыз-əңгіме, өлең-жырларын, шежіре-тарихтарын ел арасынан тыңдап, өзінен бұрынғы өткен шешен билер мен хандардың, əсіресе, өзінің бабалары – Жанту, Жарылқамыс билердің кесімді төреліктері мен өнегелі нақыл-шешен сөздерін ойында сақтап өседі.
Əкесі Əлібек шешен, сауатты жəне ел əңгімелерін жақсы білетін адам болған. Ол ұлының ерте есейіп, сол кездегі атақты билерден бата алуына себін тигізеді. Төле бала жасынан əкесіне еріп жүріп ел көреді, жұрт таниды. Он бес жасынан ел билігіне араласып, өзінің ақыл-парасаты, əділ шешімі, шешендік өнерімен көзге түсе бастайды. Ол жас кезінде талай жасы үлкен атақты абыз билердің алдынан өтіп батасын алады.
Төле бидің əділдігі, ойға жүйрік, сөзге шешендігі жұртшылыққа оны белгілі, сыйлы етеді. Сонымен бірге қазақ халқын біріктіру, Қазақ мемлекеттігін нығайту, халық атынан сөйлеп, шешім шығару Төле бидің өмірлік мұраты болды. Төле би Абылай ханның «Төбе биі» болып, Ташкентте өмірінің ақырғы жылдарына дейін Ұлы жүзді басқарып тұрған.
Кітапхана туралы диалог.
- Дана халқымыз «Кітап - алтын қазына» десе, ал кітапхананы өз басым іші қазынаға толы алтын сандыққа теңер едім.
- Ия, Маржан дұрыс айтасың. Сенімен толықтай келісемін. Бізді білім нәрімен сусындататын ғалым, тілсіз мұғалім – осы кітап. Тағылымы мол тәрбие ошағына айналып отырған кітапхананың мектепте алар орны орасан зор.
- Әрине, қазіргі заман ағымына қарай, техниканың дамығанына орай кітап оқу мен мектеп кітапханасына жазылу қалып барады. Сенің ойыңша, осы мәселені қалай шешуге болады?
- Менің ойымша осы мәселені барынша қолға алып, мектеп кітапханасының қорын кеңейтіп, қазіргі жастарға қызықты жазылған кітаптармен толықтырса, сонымен қатар түрлі әдеби кештер мен іс – шаралар ұйымдастырылып, жастарды кітап оқуға үгіттеу жұмыстары жүргізілсе, бұл мәселе оң шешімін табады деп ойлаймын.
- Ия, осы орайда мектебімізде де түрлі ауқымды іс – шаралар өткізілуде. Мәселен, келер аптада ұлы Абай атамыздың қара сөздері мен өлеңдерін жатқа оқудан әдеби кеш өткізілмек.
- Онда бұл шараға белсенді қатысу керек екен. Мен Абай шығармаланып сүйсініп оқып, көбісін жатқа да білемін.
- Әрине, қатысып көр. Оның үстіне жүлделі орын иелері қалалық байқауға жолдама алады.
- Ендеше бағымды сынап көрейін!
Мен болашақта кім болам?
Әрине әрбір адам болашақта бір мамандықтың иесі болады. Менің арманым болашақта ұстаз болғым келеді. Маған әліппені ұстатып сауатымды ашқан Қазиева Гулмира апай. Ол маған өзінің бар білгендерін үйретіп білім нәрімен сусындатып жүр. Сондықтанда мен өз ұстазым секілді болғым келеді. Ұстаз ол құрметті, зор мәртебеге лайық жандардың бірі. Ұстаз жалғыз өзі көптеген балалардын сауатын ашып білім беріп білгенін оқушылармен бөлісіп жүреді. Ғалымдар, жазушылар, шахтёрлар, кәсіпкерлердің де өзінің ардақты ұстазы болады. Биыл біз бастауыш сыныпты аяқтаймыз.”Ұстазы жақсының ұстамы жақсы” - дегендей менде өз ұстазым секілді үлгілі мұғалім болғым келеді”.