1-тапсырма Мәтіндерді мұқият оқып шығыңыздар
А мәтіні
Байқоңыр — Қазақстан Республикалық маңызы бар қаласы. Байқоңыр қаласы «Байқоңыр космодромы» мен бірге 2050 жылға дейін Ресейге жалға берілуде.
Байқоңыр (1996 жылға дейін Ленинск қаласы) — Қызылорда облысының Қармақшы ауданындағы қала. Бірнеше мың га жерді алып жатқан қала ұзақ жылдар бойына “аса құпия” нысан болып саналды. Жергілікті тұрғындар да, әскери мамандар да қаланы “10-алаң” деп атап келген. Ал қалаға іргелес жатқан “Крайний” әуежайы мен көптеген шаруашылық мекемелері және Төретам темір жол стансасы “9-алаңға” кіреді. Байқоңыр қаласы мен ғарыш алаңына қажетті құрал-жабдық, техника, құрылыс материалдары, т.б. заттар Төретам темір жол стансасы арқылы жеткізіледі. Қалада Мәскеу авиация институтының филиалы, электр техникалық колледжі, ірі есептеу орталығы, әскери аурухана, емхана, әуежай, электр стансасы, сыра зауыттары, түрлі мәдениет ошақтары, көптеген сауда, тұрмыс қажетін өтейтін кәсіпорындар жұмыс істейді.Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырылған мыңдаған зымырандардың ұлы даламыздың табиғатына келтіретін зияны аз емес. Ұлытау жері уланып жатыр. Бұрынғы шүйгін шабындықтар, жазира жайлаулар қу тақырға айналып, өсімдіктердің көптеген түрлері мүлдем жойылды.
Ә мәтіні
Бабаларымыз ежелден «Өнер алды – қызыл тіл» деп сөз өнерін аса жоғары бағалаған. Ақындар сөз сайысы кезінде жеңіске жетудің жолын іздеп, нақты дәлелдер келтіріп, сөзбен жеңген. Айтыста ақындардың импровизациясы, логикасы мен дәлелінің күштілігі анық байқалуы тиіс. Сөз өнерінің, образды, көркем ойлардың тілдік көрінісін айтыс өлеңдерінен көреміз. Ақындар тіліндегі көркем құралдарының бірі – мақал-мәтелдер. Мақал-мәтелдердің көпшілігі игі қасиеттерге үндеу, уағыздау сипатында болады. Мақал-мәтелдердің ерекшелігі – мазмұны терең, аз сөзбен көп мағына береді және көпшілігі есте тез сақталады. Айтыс өлеңдеріндегі мақал-мәтелдер тілдің эстетикалық қызметін күшейтіп, өлең сөзді әсерлі етеді. Ал қанатты сөздер мен мақал-мәтелдер әдеби тілімізді байытуға қосқан айтыс ақындарының үлесі екендігін көрсетеді.
2-тапсырма. Мәтіннің түрлерін белгілеңдер
Мәтіннің түрлері А мәтіні Ә мәтіні
Әңгімелеу мәтіні
Сипаттау мәтіні
Пайымдау мәтіні
3- тапсырма.Екі мәтіннің тілдік ерекшеліктерін салыстырыңдар
Мәтіндер Екі мәтіннің стилі Екі мәтіндегі термин сөздер Екі мәтіндегі неологизмдер Екі мәтіндегі күрделі сөздер Омоним сөздер
А мәтіні
Ә мәтіні
4- тапсырма. Екі мәтінге талдау жаса (5-6 сөйлем)
Менің кіндік қаным тамып, алғаш тәй-тәй басқан, алғаш «ана» деп күлім қаққан, апама еріп қой баққан елім, киелі жерім, ата мекен – Жерұйығым бар. Халық даналығы «Әркімге өз туған жері – Мысыр шаһары» деп бекерге айтпаған.
Туған жерін жырға қоспаған, туған жері жайлы толғанбаған ақын-жазушылар жер бетінде жоқ шығар.
Қасиетті де киелі елім! Сенің кең жазиралы төсіңде еліміздің сан ғасырлық шежіресін баяндайтын шынайы да анық, дәлелді тарих жатыр. Тамыры тереңге бой тартқан сара жолымыздың «Тәуелсіздік» атты бабалар аңсаған, біздер қолдап, қорғаған теңізде көш жалғастыруы – біздерге, келер ұрпаққа, беріліп отырған «баянды бақыт» дер едім.
Қазақстан – кең-байтақ өлке, ұлан-ғайыр жеріміз табиғат ресурстарына, шикізат көздеріне, тіпті, бай. Бұл ерекшеліктер «Тәуелсіздік» атты қасиетті ұғымға қол ұшын жеткізудің бір бағыты болды, бүгінде біз басқа да дамыған елдермен тереземізді теңестіру жолындамыз
Басты бет Қазақстан тарихы Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуы
Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуы
29 Тамыз 2013 226207
Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуы
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін нарықтық экономикаға көшу жолына түсті. Осы бағытта 1992 жылы қаңтарда бағаны ырықтандыруға, мемлекеттік меншікті оның иелігінен алып жекешелендіруге кірісті.
Қазақстанда нарықтық экономикаға көшудің алғашқы кезде үш кезеңі белгіленді. Бірінші кезең — 1991—1992 жылдар, екінші кезең — 1993—1995 жылдар аралығы болып, осы мерзімде жүргізілетін іс бағдарламасы Жоғарғы Кеңестің сессиясында мақүлданып, Президенттің Жарлығымен бекіді. Ал үшінші кезең — 1996—1998 жылдарды қамтуға тиіс болды. Осыған байланысты көптеген жаңа заңдар, реформаны жүзеге асыруға қажет басқа да құжаттар қабылданды. Нарықтық экономикаға көшу мәселелерімен айналысатын жаңа мемлекеттік басқару органдары құрылды.