1-тапсырма. Мәтінді тыңдап, негізгі және қосымша ақпаратты анықтаңдар
(44-аудио).
Қараадырдың қарағанды сайы елсіз. Айналада қабат-қабат
шұбар адырлар. Жақын төбелердің барлығын аласа бозқараған,
тобылғы басқан... Маңайы қасқырдың ойнағы. Жас шөптер басылып,
тапталып қалған. Жақындағы қарағандарда қасқырдың ақ жүндері
көрінеді. Қыстан қалған түбiтi қазір де әр жерде сөйтіп жұлынып
қалып жүр. Індердің орта жерінде екі қалың сасыр жайқалып
өсіпті. Қазір соның түбінде қысқы жүні әбден түлеп болмаған ақ
қасқыр жатыр. Бауырында кішкентай көк күшіктері қыбырлайды.
Жарқыраған қызулы күн бойын ерітеді. Көзі бір сығырайып ашылып,
бір жұмылып қалғуға кетеді. Төбесінде сасыр шайқалып ырғалады.
Маңайдағы қараған мен итмұрын бастары қозғалақтайды...
М. Әуезов. «Көксерек» әңгімесінен