1 - тапсырма . Мәтінді түсініп оқы . Қою қаріппен жазылған сөздердің мағы Оқылым насын анықта . Қазақтың Ұлы даласында мәдениет ежелгі заманда пайда болған . Ұлы даланы мекендеген жиһанкез тайпалар көшпенділер мәдениетін қалып тастырды . Олар бізге археологиялық деректер мен халықтың естелігі арқылы жетті . Еуразия құрлығындағы Ұлы Жібек жолы шығыс пен батысты сауда экономикалық жағынан байланыстырды . Байырғы ғұн патшасы — Еділ ( Аттила ) V ғасырда Еуропаға жорық жасап , тайпалардың басын біріктірді . Еділ ұлы қолбасшы әрі ақылды көсем болды . Ол Еуропада бейбіт өмір орнатты . Еділ патша Рим империясындағы құлие ленушілікті жойды . Осылайша , адамзатты құлиеленушіліктен азат етуге ке мектесті . Еуропалықтар өжет ғұндардан соғыс өнері мен рыцарлықты үйренді . Олар салт ат мінуді , киімді , қаруды ғұндардан алды . Ғұндар мен қыпшақтардан соғыс қаруын жасауды үйренді . Ғұндар Еуропаға монша , руна жазуды әкелді Ұлы дала көшпенділері адамзат тарихында бірінші рет жылқыны қолға үйретті , аттың жүгені мен екі дөңгелекті соғыс арбасын , қылышты ойлап тап ты . Олар Енисейдегі , Алтайдағы , Қаратаудағы петроглифтерде бейнеленген . Көшпенділер сауыт - сайман мен тұрмыстық заттарды алтынмен , күміспен көшпенділердің алтын мен күмісті пайдаланудың жо ғары технологиясын меңгергенін көрсетеді . Есік қаласынан табылған « Алтын әшекейлеген . Бұл адам - соның нақты дәйег
Наурыз - барша мұсылман әлемі тойлайтын ұлы мереке, Ұлыстың ұлы күні, жыл басы. Бұл күні күн мен түн теңеледі, Самаркандтың көк тасы жібиді. Осы күннен бастап күн жылына бастайды және күн ұзарып, ал түн болса, керісінше қысқара бастайды.
Ертеректе бұл мерекені бүкіл ауыл болып дайындалып, үлкен той қылып тойлайтын болған. Қазірдің өзінде Наурыз мейрамының орны ерекше. Бұл күні қаланың бас көшелеріне қазақ халқының дәстүрлі киіз үйлері тігіледі. Алаңда барша халық жиналып, Наурыз жайлы қойылымды тамашалайды.
Ұлттық тағам ет асылып, бауырсақ пен шелпек пісіріледі. Бірақ бұл күні ең басты тағам Наурыз көже болып саналады. Ол - жеті түрлі тағамнан дайындалатын көже. Киіз үйге келуші әрбір қонақ әдетте Наурыз көжеден ауыз тиеді.
Мерекелік дастарқанға түрлі ұлттық тағамдар қоюға болады. Мысалы, сүт тағамдарынан қымыз, қымыран, байқаймақ, шыртылдақ, кілегей, қаймақ, құрт, сүзбе, уыз, ірімшік, іркіт т.б. сияқты тағамдар дастарқанға қойылады.
Сонымен қатар ұннан әзірленетін ұлттық тағамдар шелпек пен бауырсақ пісіріп, таба нан, салма, қаттама әзірлеуге болады.
Ал дәнді дақылдардан талқан, жент, тары, бидай көже, майсөк, бөкпе болса, дастарқанға қоюға болады.