1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқы.
Айтыс – халық ауыз әдебиетінің ерекше бір түрі. Айтыс – топ алдында, табан астында суырыпсалып айтылатын сөз сайысы, жыр жарысы. Айтыстың бәдік айтыс, жануар мен адамның айтысы, жұмбақ айтыс, салт айтыс деген түрлері бар.
Бәдік айтыс – айтыстың ең көне түрі, адамның табиғаттың сырын түсінбеген кезінде, діни нанымға байланысты туған. Адам бәрінің өз иесі, тәңірі бар деп түсінген.
Салт айтысының ескі түрі – қыз бен жігіт айтысы. Айтыс – өнер бәйгесі, сөз сынағында әр ақын өз ортасын дәріптеп, елінің туын көтереді. Осы күнгі айтыстың ерекшелігі:
– бүгінгі күн талабы, уақыт тынысы тұрғысынан ортақ әлеуметтік мәселелерді көтереді;
– алдын ала белгіленген тақырып пен уақытқа сай арнайы жиналған елдің алдында сайысқа түседі.
2-тапсырма. «Ойлан, тап!» әдісі. Суреттер мен сөздерді сәйкестендір.
А) Қыз бен жігіт айтысы
Ә) Бәдік айтыс
Б) Ақындар айтысы
3-тапсырма. Тірек сөздерді қатыстырып, 3-4 салалас құрмалас сөйлем құрастыр.
барлық суреттерде бізге ұлттық музыкалық аспапта домбыра ойнау музыкасын көрсетеді.
1-акындар айтысы
2-кыз бен жігіт айтысы
3-бәдік айтысы