1-тапсырма. Мәтінді оқып, тірек сөздерді теріп жазыңдар. Тірек сөздерге сүйене отырып, мәтінді мазмұнына қарай екі бөлікке бөліңдер. Әр бөлікке ат қойыңдар.
Кеңістік – барлық нәрсенің, ал уақыт – бүкіл оқиғаның өлшемі.
Уақыт пен кеңістіктің көкжиегі тоғысқан кезде ұлт тарихы баста-
лады...
Біздің жеріміз материалдық мәдениеттің көптеген дүниесінің пайда
болған орны, бастау бұлағы десек, асыра айтқандық емес. Қазіргі
қоғам өмірінің ажырамас бөлшегіне айналған көптеген бұйым кезінде
біздің өлкемізде ойлап табылған. Ұлы даланы мекен еткен ежелгі
адамдар талай техникалық жаңалықтар ойлап тауып, бұрын-соңды
қолданылмаған жаңа құралдар жасаған. Бұларды а
жеpжүзінің әр түкпірінде әлі күнге дейін пайдаланып келеді. Көне
жылнамалар бүгінгі қазақтардың арғы бабалары ұлан-ғайыр Еуразия
құрлығындағы саяси және экономикалық тарихтың беталысын талай
рет түбегейлі өзгерткені туралы сыр шертеді.
Атқа міну мәдениеті мен жылқы шаруашылығы жержүзіне Ұлы
даладан тарағаны тарихтан белгілі. Еліміздің солтүстік өңіріндегі
энеолит дәуіріне тиесілі «Ботай» қонысында жүргізілген қазба
жұмыстары жылқының тұңғыш рет қазіргі Қазақстан аумағында
қолға үйретілгенін дәлелдеді. Жылқыны қолға үйрету арқылы біздің
бабаларымыз өз дәуірінде адам айтқысыз үстемдікке ие болды.
Ал жаһандық ауқымда алсақ, шаруашылық пен әскери саладағы
теңдессіз революцияға жол ашты. Жылқының қолға үйретілуі атқа
міну мәдениетінің де негізін қалады. Бес қаруын асынған салт атты
сарбаз айбарлы көшпенділер империялары тарих сахнасына шыққан
дәуірдің символына айналды. Ту ұстаған салт атты жауынгердің
бейнесі батырлар заманының ең танымал эмблемасы, сонымен
қатар атты әскердің пайда болуына байланысты қалыптасқан
көшпенділер әлемі «мәдени кодының» айрықша элементі. Автокөлік
қозғалтқыштарының қуаты әлі күнге дейін аттың күшімен өлшенеді.
Бұл дәстүр – жержүзінде салт аттылар үстемдік құрған” ұлы дәуірге
деген құрметтің белгісі. Біз әлемнің барлық түкпіріне ежелгі қазақ
жерінен тараған осынау ұлы технологиялық революцияның жемісін
а ХІХ ғасырға дейін пайдаланып келгенін ұмытпауға
тиіспіз.
Тіл-қазына, мұра, күнделікті еңбек, тұрмыс, өмір сүру қаруы. XXI ғасыр табалдырығында тұрған осынау дүбірлі дүниеде өзіңді мойындатудың бір жолы бар. Ол тағылымды тарихыңды таныту, өрелі мәдениетіңді өрістету, озық ғылымыңды көрсету. Ұлтты ұлт ретінде ұстап тұратын төрт қазық бар. Олар тілі, діні, саны және салт-дәстүрі. Осы төрт қазықтың ең маңыздысы-тіл. Ұлы Ахмет Байтұрсынов «Сөзі жоғалған халықтың өзі жоғалады» деп көрегендікпен айтып кеткен.
Егемендік алып, елдік қасиет, дәстүр салтымызды дәріптеп жатқан қазіргі уақытта «Туған жер- тұғырың, туған тіл қыдырың» деген ұлағатты сөзді қай кездегіден де жиі айтатын болдық. Жерсіз ел болмайды, тілсіз халық болмайды. Тіл бізге ана сүтімізбен бірге сіңеді. Бұрын жас ұрпақ тәрбиесінің түп қазаығы аталар мен әжелер болатын. Жас ұрпаққа иманжүзділіктің ұрығы әженің әлдиі мен атаның өнегесі арқылы сіңеді. Ана тілі*-халықтың өткен ұрпағын, қазіргі және келешек ұрпағын мәңгілік біріктіретін ең сенімді құрал. Осы дүниедегі адамдар тілінен айырылып, сөйлеуден қалса, қандай қиын күйге түсер еді? Сондықтан тіліміз ана тілі атану үшін, күнделікті өмірде ұдайы қолданыста болуы тиіс.
Ал екінші бақытым- Тілім менің,
Тас жүректі тіліммен тілімдедім.
Кей-кейде дүниеден түңілсем де
Қасиетті тілімнен түңілмедім, -деп Мұқағали атамыз жырлағандай ана тіліміз ешқашан ұмытылмайды. Тәуелсіздік тірегі-тіл. Демек, тіл мерейі үшін күрес-киелі күрес. Таудың кәусар бұлағы қандай таза болса, қазақтың тілі мен діні де сондай таза. Мен үшін ана тілім-Абайдың сөзі, Ақан серінің әні мен Құрманғазының күйі болып есептеледі. Тіліміздің өркендеуі үшін әр азамат үлес қосуы және ат салысуы тиіс.
Қорыта айтқанда, қазақ тілі мемлекеттік тіл ретінде шын мәнінде үстем жағдай иеленіп келе жатыр, оны ұлтына қарамастан біздің еліміздің барлық азаматтары меңгеретін болады деп сенімдеміз. Тек қазақ жастары ғана емес, еліміздегі барлық ұлт өкілдері мемлекеттік тілді меңгеріп, Қазақстан Республикасын дүние жүзіне танытса екен демекпіз. Бұл үшін бізге төзімділік, белсенділік іс-қимыл қажет.
Елдің ертеңіне кепілдік болар жас буынның бойына сіңіріп, ойына руханиялықтың дәнін дер кезінде егу біздің парызымыз. Еліңді тану үшін –тіліңді білу керек емес пе ағайын!