В
Все
Б
Биология
Б
Беларуская мова
У
Українська мова
А
Алгебра
Р
Русский язык
О
ОБЖ
И
История
Ф
Физика
Қ
Қазақ тiлi
О
Окружающий мир
Э
Экономика
Н
Немецкий язык
Х
Химия
П
Право
П
Психология
Д
Другие предметы
Л
Литература
Г
География
Ф
Французский язык
М
Математика
М
Музыка
А
Английский язык
М
МХК
У
Українська література
И
Информатика
О
Обществознание
Г
Геометрия
MIGSTERY10
MIGSTERY10
02.12.2020 15:27 •  Қазақ тiлi

1-тапсырма. Мәтінді оқып, мәтінге ат қойыңыз.

Әлия компьютерді өте жақсы көреді. Кішкентай кезінен компьютер сатып алуды армандайтын. Компьютер клубына барып, компьютерде әртүрлі ойындарды ойнауды үйренді. Кейіннен мектепке барып, компьютерді басқа мақсатпен қолдануды үйреніпті. Ол интернеттен ақпарат іздеп, баяндама жазатын немесе ағылшын тіліндегі мәтіндерді аударып, аудармасын компьютерге басатын.

Былтыр Әлия мектепті бітіріп, институтқа түсті. Ол болашақта ақпараттық технологиялар саласының маманы болмақшы. Ата-анасы сыйлыққа компьютер әперді. Әлия қуанғаны соншалық – қолма-қол компьютерді қосып, интернетпен байланыс жасай бастады. Бір кезде жазған хаттарына жауап алатын болды.

Енді Әлия компьютерден басқа байланыс жасай алмайды, өйткені ол дос-құрбыларымен кездеспейді, қонаққа бармайды, қонақ шақырмайды, ешкімге телефон соқпайды, біреу телефон соқса, қысқа жауап береді де, қайта компьютерге жүгіреді. Қазір де, міне, компьютердің алдында ешкімді естімей отыр.

Бұған Әлияның ата-анасы қатты алаңдайды. Әлияның бұл кәсібінен шошиын деді.

2-тапсырма. Пікіріңізді білдіріңіз, жауабын жазбаша жазыңыз

1. Сіздің ойыңызша, жоғарыдағы әңгіме кейіпкері Әлия өзінің бұл әрекетінен зиян шеге ме? Өз ойыңызды білдіріңіз.

2. Сіз Әлияның ата-анасына қалай көмектесер едіңіз ?

3. Әлия орнында сіздің бауырыңыз болса, не істер едіңіз?

3-тапсырма. Берілген мәтіннен түбір сөз бен қос сөзді теріп жазыңыздар . Мысалы:

Түбір сөз Қос сөздер

4-Тапсырма “Мен болашақта қандай жұмыс істеймін?» тақырыбында шығарма жазыңыз


1-тапсырма. Мәтінді оқып, мәтінге ат қойыңыз.Әлия компьютерді өте жақсы көреді. Кішкентай кезінен к
1-тапсырма. Мәтінді оқып, мәтінге ат қойыңыз.Әлия компьютерді өте жақсы көреді. Кішкентай кезінен к

Показать ответ
Ответ:
LamanAchverdiyeva
LamanAchverdiyeva
15.05.2021 04:56

1. Альберт Эйнштейн мектепті қатты жақсы көрмесе де, вундеркинд болған екен. 11 жасында физика пәнін колледж деңгейінде меңгеріп, француз тілінен басқа сабақтардын бәрін де "өте жақсы" деген бағаға оқыған. Әсіресе математика пәнін жақсы көрген екен. Ата-анасы оқулықтарды күні бұрын әперіп, жазғы демалыс уақытында жас Эйнштейн құрдастарынан әлдеқайда алға кетіп қалады екен. Сонымен қатар әр бейсенбі сайын Эйнштейндар отбасына медициналық жоғары оқу орнының студенті Макс Талмуд келіп, қосымша сабақ жүргізген екен. Соның арқасында Эйнштейн 12 жасында геометрия оқулығын толықтай меңгеріп шыққан.

2. Ұлы физик Альберт Эйнштейн 1879 жылы 14 наурызда Оңтүстік Германия қаласы Ульмада, бай емес, еврей отбасында дүниеге келді.

3. Эйнштейннің басты еңбегі — ”Салыстырмалылық теориясы”.

4.  1921 жылы "теориялық физикаға қосқан үлесі үшін, фотоэлектрлі эффект заңын ашқандығы үшін, кванттық теорияның дамуына қарай қадамдары үшін" физикадан Нобель сыйлығының иегері атанды.

5. Эйнштейн - ғылымның ғалам жайлы түсінігін өзгерткен адам.

0,0(0 оценок)
Ответ:
Retyyyghiop
Retyyyghiop
24.10.2022 03:58

Қазақтың ұлттық қолөнерін қайта жаңғырту.

Қай халықтың болмасын сан ғасырдан бері келе жатқан ұлттық мұрасы мен рухани қазынасы ұлттық нақыштағы өзіндік қолөнері болады. Халық шеберлері мен ұсталары ұлттық қолөнер бұйымдары арқылы халқымыздың дәстүрі мен тұрмыс – тіршілігін көрсете білген.

Халқымыздың ою, тігу, құрастыру, тоқу, мүсіндеу, бейнелеу сияқты ұлттық қолөнер түрлері бар. Бұлар сан ғасырлық тарихы бар, дегенмен қазіргі заман ағымына сай кейбір өзгерістерге ұшырап келе жатқан қолөнер түрлері.

Нақты қолөнер туындыларына тоқтала кетер болсақ, ұсталар: найза, қылыш, айбалта, семсер сияқты қару-жарақ түрлерін әзірлеген. Ал ағаш шеберлері киіз үйдің сүйегінен бастап, үй мүліктері: сандық, кебеже, асадал, тостаған, ожау, астау және музыка аспаптары: домбыра, қобыз, шертер, т.б. даярлаған. Зергерлер сәндік әшекейлік бұйымдар: сырға, білезік, алқа, өңіржиек, бойтұмар, шашбау, т.б. жасаған. Ісмерлер тоқыма, киіз басу, киім тігу өнерін дамытқан.

Бүгінгі ғылым мен техниканың дамыған заманында ұлттық қолөнеріміз жас ұрпақ үшін қалыс болып бара жатқаны бәрімізге аян. Ұлттық болмысымызды жоғалтпай, ұлттық қазынамызды сақтап қалуды Елбасымыздың өзі «Қазақстан – 2030» мәдени мұра бағдарламасын  стратегиясында алға міндет етіп қойған болатын. Сондықтан ұмыт болып бара жатқан қолөнерімізді қолға алып, одан әрі дамытып, кәдемізге жарату керек деп ойлаймын.  Қазіргі кезде егеменді елімізде бізге жастарға  әсемдік тәрбие беруде ерте заманның мәдени мұрасы айрықша қызмет атқарады. Сондықтан ұлттық қолөнерді қайта жаңғыртудың бірден – бір жолы сынып сағаттарына ақ жаулықты апа – әжелерімізді шақырып, олардың өс иетімен қоса, өнерін де бойымызға сіңіру керек деп ойлаймын.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота