1-тапсырма. Мәтінді оқып, көтерілген мәселені анықтаңыз. Көтерілген мәселе бойынша проблемалық сұрақ құрастырыңыз. Достар
Екі дос бір егістікте жұмыс істейтін. Бірі үйленген, бар. Екіншісі бойдақ. Күн батқанға дейін жұмыс істеп, достар тапқан өнімді тепе-тең етіп екіге бөліп алатын. Күннің бірінде бойдақ болған ішінен: “Өнімді және шыққан пайданы тепе-тең бөлгеніміз дұрыс болмады,” – деп ойлайды, “Мен жалғыз тұрамын, сондақтан да айтарлықтай көп қажеттілігім де жоқ”. Осындай ойымен, түн сайын үйінен шығып, бір қап өнімді жасырын түрде досының үй алдындағы қорасына апарып тұратын болады. Досы да ішінен: “Өнім мен пайданы бірдей бөлгеніміз дұрыс емес, мен үйленгенмін, жұбайым мен балаларым бар – қартайғанымда олар маған қарайтын болады. Досымның болса ешкімі жоқ, қартайған кезінде оған қарайтын адам болмайды,” – дейді. Осылайша бұл досы да түн жамылып үйден шығып досының қорасына бір қап өнім апаратын болады. Осыған қарамастан екі қорадағы қаптар саны неліктен еш азаймағанын екі дос та түсінбей жүреді. Бір түні жасырын түрде бір-бірінің қорасына қап тасып жатқанда, бір-біріне соғылысып қалады. Сонда ғана болған жағдайды түсінеді. Қаптарды жерге қоя салып достардың бір-біріне деген адал ниеті мен достығы алдында көз жастарын тыя алмады
№ Көтерілген мәселені анықтайтын сөйлем Проблемалық сұрақ (ықтимал жауап)
1
2
1.өнім мен шыққан пайданы бөлгендері неге дұрыс болмады?(проблемалық сұрақ)