1-тапсырма. мәтінді оқып, берілген сұрақтарға жауап бер.(3 tбет, 3-
тапсырма)
1. кімнің туған күні болды?
2. сыйлық таңдау қалай болды?
3. сыйлық таңдауда ереже бола ма?
4. сыйлыққа ақша сыйлаған дұрыс па?
2-тапсырма. сауда туралы мақал-мәтел жаз.
айтылым.
3-тапсырма. сұраққа ауызша жауап бер?
1.сен қандай сыйлықты жақсы көресің?
2.өзің қандай сыйлық бергенді ұнатасың?
3.сыйлықты қолдан жасай аласың ба? әлде сатып аласың ба?
Ұлттық киімдер туралы диалог:
– Әжетай,сіз боссыз ба?Маған ұлттық киімдер туралы үй жұмысына көмектесіп жіберіңізші.
– Айта ғой,құлыным.
– Бір киер киім деп қандай киімдерді атаған?
– Бір киер киім деп қымбат маталардан әшекейлеп тігілген, той-думандарға, жиындарға барғанда, жат елге сапарға шыққанда киетін сәндпі киімдерді атаған.
– Ал ұлттық киімдеріміз қандай материалдардан тігілген?
– Киімдер мәуітіден, жүн және жібек матадан, киізден, аң терісінен тігілген.
– Ал қазақ әйелдерінің ұлттық киімдерін атап бере аласыз ба?
– Әрине.Қазақ әйелдерінің ұлттық киімі, негізінен, көйлек, кимешек, жаулық, сәукеле, желек, тақия, камзол, кәзекей, кебіс-мәсі, көкірекшеден тұрады.
– Көп-көп рахмет,әже!
– Оқасы жоқ,балапан.
"Киім дүкенінде" диалог:
– Сәлеметсіз бе?
– Сәлеметсіз,не қаралыңыз?
– Мына қызыма мектепке киетін жеңіл жиде іздеп едім.
– Мына жиделер қарап көріңіздер.Қызыңыздың өлшеміне сай келетін жиделер бар.
– Қаншадан бұлар?
– 4000 теңгеден болады.
– Ақ түсінен беріңізші,киіп көрсін.
– Әрине.Қызым,міне ала ғой.Анау жерде киім ауыстыратын жер бар,сонда барып киіп көр.
– Жарайды.
– Қалай,ұнады ма?Әдемі,бастысы жарасып тұр.
– Маған да ұнады.Алайықшы.
– Жарайды,қызым.Онда орап,бере қойыңыз.Ақшасы міне.
– Саудаңыз үшін рахмет.Келіп тұрыңыздар!