1-тапсырма. Мәтінді оқыңдар. Соғыстың басталуына байланысты ел экономикасын соғыс
жағдайына бейімдеу басталды. Қазақстан экономикасы соғысқа
бейімделіп қайта қаралып, әскери бағытқа көшірілді. Бейбіт
мақсаттарға жұмсалатын қаржы мейлінше қысқартылды. Көп-
теген кәсіпорындар қорғаныс өнімдерін шығара бастады. Өске-
мен қорғасын-мырыш комбинаты, Қарағанды көмір шахталары
сияқты соғысқа қажетті өнім шығаратын өнеркәсіп құрылыс-
тарын салып аяқтады. Соғыс жүріп жатқан жерлерден және
майданға жақын аймақтардан 220 зауыт пен фабриканы, көсіп-
орындарды Қазақстанға көшіру жүргізілді. Украинадан Қазақ-
станға 70 өнеркәсіп орны мен жабдығы әкелінді. Қазақ КСР-іне
әкелінген өнеркәсіптер мен фабрикалар, кәсіпорындар Алматы,
Қарағанды, Шымкент, Петропавл, Семей, Ақтөбе, Орал қалаларын-
да орналастырылды. Әрине, Қазақстанға әкелінген кәсіпорындар
өте қиын жағдайда жұмыс істеді. Өнеркәсіп орындарымен бірге
Қазақстанға майдан өңірінен көптеген мамандар да көшірілді.
Қазақстан КСРО-ның негізгі өскери-өнеркәсіп базасына айналды.
1942 жылы Одақта өндірілген қорғасынның 85% -ын, көмірдің
18% -ын, молибденнің 60%-ын, октанды мұнайдың 1 миллион
тоннаға жуығын берді.
1.Мәтіндегі негізгі ойды үш сөйлеммен баяндап беріңдер, үш тірек сөзді табыңдар.
Отан отбасынан басталады деп бекер айтпаған. Әрбір адамзаттың — алтын ұясы десе алдымен отбасы ойымызға орала кетеді. Бала отбасында әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Мен өз отбасымды мақтан тұтамын. Біздің отбасын үлкен отбасы десе де болады
Біздің отбасымыз бақытты. Отбасының тірегі — сүйіспеншілік, бірлік және сенім. Отбасы жоқ адам қанатсыз құспен тең. Ал бір-бірін сыйлап, бірін-бірі сүйіспеншілікке бөлеп отырған отбасысы, бар адамдар өте бақытты жандар. Себебі қандай да бір қиыншылық болған жағдайда, отбасыңның ауызбіршілігі мықты болса, кез келген қиыншылықтан жұмылған жұдырықтай өте шығасың. Ал мен өзімді ең бақытты жанға теңеймін.
Үндестік заңы дегеніміз – сөз ішіндегі дыбыстардың бір-бірімен үндесіп,біркелкі болып қолданылуы.Үндестік заңының 2 түрі бар:буын үндестігі және дыбыс үндестігі.
1) Буын үндестігі – сөз ішіндегі дауысты дыбыстардың бірыңғай жуан не жіңішке болып үндесуі.Түркі тілдері,оның ішінде қазақ тілі буын үндестігіне негізделеді,яғни қазақтың төл сөздері не бірыңғай жуан не бірыңғай жіңішке болып келеді.
Мынадай сөздерде:
1.қос сөздерде (аман-есен,асты-үсті т.б.)
2.біріккен сөздерде (шекара, ба з,кәсіпорын т.б) буын үндестігі сақталмайды.
Буын үндестігі сөз бен қосымша арасыңда да сақталады,яғни сөзге жалғанатын қосымша сөздің соңғы буынының жуан-жіңішкелігіне қарай жуан не жіңішке жалғанады.Мысалы:тас-қа (тас-ке емес),үй-лер (үй-лар емес),құс-ты (құс-ті емес) т.б.
Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалармен қатар (-мен,-бен,-пен,-нікі,-дікі,-тікі,-паз,-қор,-қой т.б.),кірме сөздерде де буын үндестігіне бағынбайтын жағдайлар болады (кітап,алгебра,цехтан,рульді т.б.).
2) Дыбыс үндестігі дегеніміз – қатар келген екі дыбыстың бір-біріне ықпал етіп үндесуі.Оның 3 түрі бар: ілгерінді ықпал, кейінді ықпал, тоғыспалы ықпал.
1.Ілгерінді ықпал – қатар келген екі дыбыстың алдыңғысының соңғысына әсер етуі.Мысалы:қаш-са (қашша),көзқарас (көзғарас),ақ балық (ақ палық) т.б.
2.Кейінді ықпал – қатар келген екі дыбыстың соңғысының өзінен бұрынғы дыбысқа әсер етуі.Мысалы:бас+шы (башшы), Есенгелді (Есеңгелді),он бес (ом бес) т.б.
3.Тоғыспалы ықпал – қатар келген екі дыбыстың бір-біріне ілгерінді-кейінді ықпал етіп, екеуінің де өзгеріске ұшырауы.Мысалы:Досжан (Дошшан),Жиенқұл (Жиеңғұл),тас жол (ташшол) т.б.