В
Все
Б
Биология
Б
Беларуская мова
У
Українська мова
А
Алгебра
Р
Русский язык
О
ОБЖ
И
История
Ф
Физика
Қ
Қазақ тiлi
О
Окружающий мир
Э
Экономика
Н
Немецкий язык
Х
Химия
П
Право
П
Психология
Д
Другие предметы
Л
Литература
Г
География
Ф
Французский язык
М
Математика
М
Музыка
А
Английский язык
М
МХК
У
Українська література
И
Информатика
О
Обществознание
Г
Геометрия
valeriyaa17
valeriyaa17
10.01.2022 08:33 •  Қазақ тiлi

1-тапсырма Мәтінді мұқият оқып, тіркестерді табыңыз.

тақырыпқа қатысты мақал-мәтелдер мен тұрақты

Ұлттық тағам – халықтар достығына жол

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Жастар ісі жөніндегі комитетінің белсенділері Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне орай ұлттық жәрмеңке өткізді.

Қазақстан аумағында тұратын белгілі бір ұлттың асханасы мен мәдениетіне арқау болатын жәрмеңке әр екі апта сайын өтетін болады. Ал бүгінгі фестивальдің ашылуы қазақ ұлтының мәдениеті мен ұлттық асханасын, дәстүрі мен өнерін паш етуге арналды.

Қонақтар жастар ісі жөніндегі комитет белсенділерінің өз қолдарымен даярлаған қазақ ұлтының тағамдары мен тәттілерінен ауыз тиді. Мереке халық әндерін тамылжыта орындаған әншілердің, мың бұралған бишілердің өнерлерімен жалғасын тапты.

– Әрбір ұлттың өзінің ерекшелігі бар, – дейді Жастар ісі жөніндегі комитеттің төрайымы Ақбота Сарыбай. – Тәуелсіз еліміз ізгі дәстүрлер мен ерекше ұлттық тағамдарға бай. Менің ойымша, ұлттық тағамдар – халықтар достығына апарар жол бола алады.

Мақал-мәтелдер Тұрақты тіркестер

2-тапсырма

Көтерілген басты мәселені анықтау мақсатында жұбыңызға сұрақ қойыңыз. Өз көзқарасыңызды жан-жақты тұжырымдап , мысалдар арқылы дамытып, дәлелдеңіз. Ойыңызды білдіру кезінде интонация, кідіріс, екпінге ықпал жасаңыз.



извините что только потом я вам дам ещё, только


1-тапсырма Мәтінді мұқият оқып, тіркестерді табыңыз.тақырыпқа қатысты мақал-мәтелдер мен тұрақтыҰлтт

Показать ответ
Ответ:
ViktoriaDog2006
ViktoriaDog2006
30.01.2021 12:45

Әлемнің саясаткерлері мен ғалымдары осы үдерістің адамдардың өміріндегі рөлі туралы пікір алысуда. Бірақ жаһанданудың оң және теріс аспектілерін жоққа шығара алмаймыз. Иә, ол халықаралық бәсекелестікті қалыптастырды, бұл компанияға өз өнімдерінің сапасын жақсартуға, техникалық прогресті жеделдететін қазіргі заманғы технологияларды енгізуге мәжбүр етеді. Бірақ трансұлттық компаниялар мемлекетті қысымға ұшыратып, өз азаматтарының пайдасын максималды пайда табу үшін мәжбүр етеді, бірақ бәрі олигархтардың қолында тұр, ал қарапайым азаматтар тек кедей болады.

Жаһанданудың кемшіліктері

Жаһанданудың қандай тұжырымдамасын анықтайтын әмбебап интеграция және бірігу жағымсыз салдарға әкеп соқты, оның ішінде:

Өнеркәсіптің бұзылуы, жұмыссыздықтың өсуі, кедейлік. Және жаһандану біркелкі бөлінбегендіктен, күшті компаниялардың үлкен артықшылықтары бар, ал бәсекелестік бәсекелестікті жоғалтады, қажет болмай қалады.

Жаһанданудың теріс көрінісі де туудың төмендеуіне байланысты.

Экономиканы индустриализациялау қайта даярлау қажеттілігіне әкеледі. Нәтижесінде, адам өміріне 5 немесе одан да көп мамандықты өзгерте алады.

Жаһанданудың теріс салдары қоршаған ортаның нашарлауында жатыр. Әлем апаттың шетінде тұр: сирек кездесетін жануарлар, ауа-райының жылуы, ауаның бітелуі және т.б.

Жаһандану және оның салдары еңбек заңнамасына әсер етті. Қызметкерлер санының көбеюі бейресми түрде жұмыс істейді. Олардың құқықтары ешкімді қорғамайды.

Спекулятивті экономиканың өсуі, өндірісті монополиялау.

Дамып келе жатқан және дамушы елдер арасындағы алшақтықты арттыру.

Объяснение:

0,0(0 оценок)
Ответ:
Saoneck
Saoneck
30.12.2020 14:28
Көлік – материалдық өндірістің жолаушылар мен жүк тасымалдауды жүзеге асыратын аса маңызды саласы, экономиканың инфрақұрылымын қалыптастыратын салалардың бірі.
Археологиялық деректемелер неолитзаманынан бастап көліктің шаруашылық салаларына ене бастағанын байқатады. Көне обалардан табылған әбзел қалдықтары малдың көлік ретінде ежелден-ақ пайдаланылғанын көрсетеді. Ежелгі заманнан келе жатқан көлікке негізінен жегін малы мен мініс малы: түйе,жылқы, құлан, қашыр, есек, сиыр, бұғы, ит, т.б. жатады. Әрбір көлік малының тұрмыстық-шаруашылық жұмыстарда қолданылуы оның табиғи ерекшеліктеріне байланысты болды.

Мініс малы көне замандардан бері шөл далалы, орманды, батпақты, таулы-қыратты жерлерде негізгі көлікке айналды.

Жегін малы арба, күйме, шана сияқты көлік құралдарына жегіліп, жолаушы, жүк тасымалдауға, көшіп-қонуға пайдаланылды. Мұндай көлік түрлерінің біразы ежелгі Мысырда, Вавилонда, т.б. жерлерде біздің заманымыздан бұрынғы 3-мыңжылдықта қолданылғанын тарихи-археологиялық деректер дәлелдейді.

Әскери арбалар шығыстағы ежелгі мемлекеттерде соғыс кезінде кеңінен пайдаланылды. Әскери және жүк арбалардың тасқа қашап салынған суреттері Қаратау өңірінен де табылды. Қазақстан жеріндегі жергілікті халықтың ежелгі тұрмысын көрсететінпетроглифтерде немесе басқа да археологиялық бұйымдарда, ескерткіштерде көлікке қатысты деректер көптеп кездеседі. Әсіресе көшпелі қазақтардың тұрмыс-тіршілігінде жылқымен түйенің орны ерекше болған. Түйе шөлге және ұзақ жүріске шыдамды болғандықтан, ежелгі және орта ғасырларда Ұлы Жібек жолы бойындағы сауда керуендерінде, сондай-ақ мал қамымен көктеуге, жайлауға, күздеуге, қыстауға көшіп-қону кезінде негізгі көлік ретінде пайдаланылған. Жылқы да көшпенді халықтың тұрмыс-салтына аса қолайлы көлік болды. Қазақтар “ат – ердің қанаты” деп есептеген. Бағзы бір замандарда “аттың жалында, түйенің қомында” жүрген кездер де болған. Адамзат қоғамының дамуы барысында ғасырлар қойнауынан келе жатқан дәстүрлі көлік түрі мен құрамы да өзгеріске ұшырап отырды. Ғылыми-техникалық жетістіктерге орай көлік малын бірте-бірте автомобиль, пойыз,ұшақтар ығыстыра бастады. Сөйтіп, техникалық көлік түрлері қоғамдық даму сатыларын айқындайтын көрсеткіштердің біріне айналды. Қазіргі кезде де мініс малы – автомобиль, трактор бара алмайтын жерлерде көлік ретінде пайдаланылады.
0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота