1-тапсырма Мәтінді мұқият оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз (Внимательно прочитайте текст и выполните следующие задания) 1 - мәтін
2017 жылы 10 маусым мен 10 қыркүйек аралығында «EXPO — 2017» халықаралық мамандандырылған көрме Қазақстанның елордасы Астана қаласында өтті. Негізгі тақырыбы – «Future Energy», яғни «Болашақ энергиясы» - баламалы энергия көздеріне және «жасыл» технологияға арналған. Халықаралық қоғамдастық планетаға күн өткен сайын әсер етіп отырған энергия тұтыну проблемасын талқылады. Алаңдаушылығын білдіреді. Көрменің басты мақсаты – жауаптылыққа шақыру, пікірталастар тудыру және адамдардың табиғат үшін келетін зиянды барынша азайтып, энергия тұтынуды жоспарлап бақылай білуге үйретуді қалыптастыру. Астанадағы «EXPO — 2017» көрмесі ТМД елдері мен Орталық Азия аумағында өткізілген ең алғашқы халықаралық деңгейдегі көрме.
2 - мәтін
От
Күннен туған баламын,
Жарқыраймын, жанамын.
Күнге ғана бағынам.
Өзім – күнмін, өзім – от,
Сөзім, қысық көзім де – от,
Өзіме - өзім табынам.
Жерде жалғыз Тәңірі – от.
Оттан басқа Тәңірі жоқ...
... Қараңғылық бұққанда,
Қызарып күн шыққанда,
Күн отынан туғанмын;
Жүрегімді, жанымды,
Иманымды, арымды
Жалынменен жуғанмын.
Жүрегім де, жаным да – от,
Иманым да, арым да – от ...
М. Жұмабаев
(56 сөз)
1. Мәтіндердің түрі мен тақырыбын салыстырыңыз
1 - мәтін 2 - мәтін
Түрі
Тақырыбы
[2]
2. Бірінші мәтіннен 2 негізгі және 2 жанама ақпаратты анықтаңыз
Негізгі ақпараттар 1. Жанама ақпараттар 1.
2. 2.
[2]
3. Берілген сұраққа жауап беріңіз.
«Сіз электр қуатын үнемдеуді қалай көздейсіз?»
Төле Әлібекұлы (1663 – 1756) – қазақтың қоғам қайраткері, шешен, Ұлы жүздің бас биі, Қазыбек, Айтеке бидің қолдауымен үш жүзге төбе би болып сайланған. Артында "бүтін билікке Төле би жеткен" деген сөз қалған тарихи тұлға. "Жеті жарғыны" жасаушылардың бірі. Әлібекұлы Төле бидің атасы Құдайберді би Есім хан мен Тұрсын хан егесі кезінде Есім ханды қолдаған (Қазыбек бек Тауасарұлының "Түп-тұқияннан өзіме дейін" кітабынан). Яғни Есім хан тұсындағы, халық аузында "Есім ханның ескі жолы" атанып кеткен қазақ халқының заңдар жинағын құрастыруға қатысқан билердің бірі деп айтуға толық негіз бар. Өз заманында Қазақ хандығының тұтастығы үшін күрескен қайраткер! Төле би өз халқының шешендік-поэтикалық өнерінің дәстүрлерін жастайынан бойына сіңіріп өскен, зерделі, сауатты адам болған. 15-20 жасынан билердің бас қосқан жиналысына қатысып, өзінің әділдігі мен шешендік өнері арқасында таныла бастайды.