1-тапсырма Мәтінді мұқият оқып шығыңыз. Ғарыш – жаңа материалдар жасалып, бүкіл әлем зерттелетін бірегей табиғи зертхана. Ғарыш – адамзаттың болашақта таралу аренасы да, сонау болашақта біз өз әлемімізді құра алатын материал. Ғарышты игеру тарихы – адам санасы биіктігінің ең ашық мысалы. Ғарышты техникалық зерттеу алдында астрономия дамып, ХХ ғасырдың басында ірі және салыстырмалы түрде тиімді зымырандар жасалған еді. Ғарышты игеру қырғи-қабақ соғыс кезінде КСРО мен АҚШ арасындағы бақталастық бағыттарының бірі болатын. 1957 жылғы 4 қазанда Кеңес Одағы ұшырған Спутник-1 Жердің бірінші жасанды серігінің ұшырылуын ғарышты игеру дәуірінің басы деп санауға болады. 1961 жылғы 12 сәуірде Мәскеу уақытымен сағат 9:07-де Байқоңыр ғарыш алаңының №1 алаңынан «Шығыс-1» ғарыш кемесімен әлемдегі ең бірінші ғарышкер Юрий Гагарин тұңғыш рет ғарышқа көтерілген еді. Содан бері 12 сәуірде біз Ғарышкерлер күнін атап келеміз. Қазақстан тұрғындары үшін бұл жай ғана мейрам емес, ғарышқа апарар жол біздің қасиетті жеріміз Байқоңырдан басталғанын біз ерекше мақтанышпен айтамыз. Жанр кандай?
Матин кандай расимделген?
Матиннин курылымы кандай?
Жанрлык кандай ерекшеликтер байкалады?
лвьмлвдчбвдвбвдвлоаостаь