1-тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, көтерілген мәселені болжаңыз Күлтегін (684-731 жылдары өмір сүрген) – ежелгі түркі мемелекетінің көрнекті әскери қолбасшысы, сол дәуірдің белгілі қоғамдық қайраткері ретінде көне тарихтан жақсы мәлім. Ол Құтлұғ (Елтеріс) қағанның кенже ұлы. Қапаған қаған 716 жылы қаза тапқаннан кейін бүкіл түркі әскерін басқарады. Қапаған соғыста өлген соң, Күлтегін оның ұрпақтарын да қырып салып, өз ағасы Могилянді (кейінірек Білгі қаған деп атанған) Күллі түрік елінің қағаны етіп тағайындады. Күлтегін талай-талай соғыстарда жеңіске жетіп, өзін қабілетті қолбасшы ретінде танытады.
Міне, осы Күлтегін батыр, оны ағасы Білге қаған және қағанның кеңесшісі, ақылгөй қария Тоныкөк құрметіне VIII ғасырда тасқа қашап жазылған ескерткіш – жырларды әдебиеттану ғылымы тұрғысынан жан-жақты зерттеген кісі совет ғалымы И.В. Стеблева болды. Бұл аталған руналық жазбалық ескерткіштер әдебиет тану ғылымында ежелгі түркі халықтарының көне әдеби үлгілері, поэзиялық туынды ретінде танылады.
Орхон ескерткіштерінің жанрлық ескерткіштері туралы соңғы кезге дейін өзара қарама- қайшы екі түрлі көзқарас орын алып келеді.
Күлтегін, Білгі қаған және Тоныкөк ескерткіштері көркем әдебиетке, соның ішінде поэзияға ешбір қатысы жоқ, Түрік қағанатының дәлме - дәл жазылған тарихы деп қарады.
Руна жазуындағы бұл ескерткіштерде поээзиялық туындыға тән барлық белгілері бар, ежелгі түркілердің өзіндік әдеби дәстүріне негізделген көркем туынды деп танылды.
Көтерілген мәселе *
ответ:
аяз би жаманұлы – қазақ халқының ежелден елге аты мәшһүр болған, аты аңызға айналып кеткен ақылгөй абыз, шешен, биі. оның есімі бүгінгі ұрпаққа «аяз би» ертегісі һәм «аяз би әлініңді біл, құмырсқа жолыңды біл» дейтін қанатты нақыл сөз арқылы сақталып жеткен. аяз бидің ғұмырнамасы жөнінде әр түрлі деректер бар. майқы би мән ң шежіресін жазған шапырашты қазбек бек тауасарұлы өзінің «түп - тұқияннан өзіме дейін» дейтін кітабында аяз бидің және оның серігі құмырсқа батырды «майқы би дәуірінде өмір сүрген, майқы мәнұлының оң жағында отыратын сенімді ақылгөй билер еді», - деп жазады. сонда бұл дерек бойынша, аяз би хижра жыл санауынан 711 жылы бұрын туып, 800 жылы дүниеден өткен, майқы мәнұлының замандасы болып шығады. ал зерттеуші ұлының «алтын сандық» атты кітабындағы шағын мәліметте аяз би хиуа хандығы дәуірінде өмір сүрген тарихи деп, оны xi - xii ғасырға жатқызады. бұл – әлі тереңірек зерттеуді қажет ететін мәселе.
аяз бидің қандай би болғаны, ілік қадір - қасиеті жөнінде қазақ энциклопедиясында былай жазылған: «бұрынғы қойшы, кедей аяз өзінің ақылдылығы, даналығы арқасында уәзір болады. ол мадан ханның бірнеше сынынан өтеді. оған шөп жаманы – қоға, құс жаманы – сауысқан екенін дәлелдеп береді. ханның тұлпарының сиырға, өзінің қара халыққа шатыстығын айырады. шартты жұмбағын шешіп, бай қызы меңді сұлуға үйленеді, ханның күншіл, ақылсыз қырық уәзірін өлімнен құтқарады. аяздың даналығын, достыққа адалдығын, сертке беріктігін, қайырымдылығын, әділдігін мадан мойындап, халық қалап, оны хан етіп көтереді».
майқы би өзінің төңірегіне ақылды, дана, би, шешендерді, батыр, , көріпкел әулиелерді көп жинап, олармен ақылдасып отырады. майқының әндір, мәді деген аспан әлемін, жұлдыздар сырын болжайтын білімпаздары болған. олар аспанға, жұлдыздарға қарап, мал - шаруа жайын, егіншілікке қолайлы мерзімді күні бұрын болжап, халыққа пайдасын тигізеді. ал аяз би сияқты дана билеріне өзінің оң жағынан орын береді екен. аяз бидің құмырсқа деген әрі би, әрі батыр жан серігі болыпты. қайда барса да екеуі жұбын жазбай жүреді. ол екеуі майқы бидің сілтеуімен қазылық құрып, көбінесе ел мен ел арасындағы елшілік, бітімгершілікпен айналысады. сондықтан да майқы би аяз би мен құмырсқаға көбінесе арқа сүйеп, оларға сенеді. ол екеуімен майқы би халық тағдыры, ел жағдайы, шаруа қамы жөнінде жиі - жиі ақылдасып, ой - пікір алысып отырады. кейде дәл жауап айта алмай, шалыс басқан заматта оларға ескерту жасап түзеп, бағыт беріп жібереді екен. бір жолы ол екеуі жарыса сөйлеп, майқының алдын кес - кестей беріпті, сонда майқы би оларға былай депті:
билер бүгін майқының алдын кесесің,
ертең жұрттың төбесін тесесің.
майқының да айтатын кебі бар,
айтуға аузының да ебі бар.
хан сөзінің қашанда бәрі дұрыс,
әзір сөзіме болма бұрыс,
ақылым алжыған жоқ,
ондайды болжағам жоқ,
орынсыз ауыз ашсаң,
екі би басарсың шоқ.
аяз би әліңді біл,
құмырсқа жолыңды біл.
ел арасында «аяз би әліңді біл, құмырсқа жолыңды біл» деген нақыл сөз содан қалса керек.