№1-тапсырма: Мәтін ішінен құрмалас сөйлемдерді теріп жазып, түрін анықтаңыздар. Тәрбие құралы – тіл
Қазақ тілі – небір күрделі ойды, аса нәзік мағыналық реңктерді дәлме-дәл бере алатындай құрылымы мен жүйесі дамыған, стильдік тармақтары сараланған, сөз байлығы аса мол, ұлттық тіл деңгейіне көтерілген қазақ халқының ұлттық тілі, Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Қазақ тілі – Әлемдік тіл кеңістігінде қайталамасы жоқ, ғасырлар бойы гуманизм мен прогреске, қазақтардың ұлттық тұтастығы мен бірлігін нығайтуға қызмет етіп келе жатқан тіл. Қазақ тілінде адамгершілік пен бауырмалдықты, өнеге мен ізгілікті уағыздайтын небір көркем сөз үлгілері жасалған.
Абайдың ойшылдыққа толы ұлы мұрасы, Әуезов сомдаған көркем дүниелер ұлттық шеңберден шығып, әлемдік деңгейдегі өркениетке үлес болып қосылуы қазақ тілінің эстетикалық, дүниетанымдық қуатының, басқа да әлеуметтік мүмкіндігінің аса зор екенін танытады. Жалпыхалықтық қазақ тілінің әдеби тіл, қарапайым сөйлеу тілі, жергілікті сөйлеу тілі (диалект) тәрізді түрлері бар. Жалпыхалықтық тілдің жергілікті сөйлеу тілі, қарапайым сөйлеу тілі тәрізді түрлеріне қарағанда, әдеби тіл өзінің қырланып, екшеліп, сымбатталғанымен, тіл тұтынушылардың бәріне ортақ нормаларының қалыптасқанымен, функционалдық стильдік тармақтарының саралана түскенімен ерекшеленеді. Жалпыхалықтық тілдің ең жоғары формасы болып табылатын қазақ әдеби тілі қазақ халқының қоғамдық өмірінің барлық саласында дерлік қызмет етеді. Оның қоғамдық өмірдің бұқаралық ақпарат, көркем әдебиет, ғылым-білім, ресми, құқық, саясат салаларында және тұрмыста қолданылатын стильдік тармақтары бар. Өзінің әлеуметтік мүмкіндігін аша түсу үшін әдеби тілдің нәр алып отыратын қайнар көзі болуға тиіс. Қарапайым сөйлеу тілі, жергілікті сөйлеу тілі қазақ әдеби тілін байытудың бұлақ көзі болып табылады. Сондай-ақ байырғы кездегі ауызша әдеби тілдің үлгілері 6 (жыраулар әдебиеті, эпикалық, тарихи жырлар, т.б.) және бастауын шағатай, орта азиялық түркі тілінен алатын қазақ топырағында жасалған қазақ ескі кітаби тіл үлгілері де қазіргі қазақ әдеби тілін байытудың көзіне жатады.
Қазақ тілі «өз буына өзі семіріп, өз қазанында ғана қайнаған тіл емес». Оның өзге де ұлт тілдерімен алысберісі бар. Сөз қатарын ауыс-түйіс жолымен молықтыру әсіресе лексика-терминология жүйесінен айқын байқалады. Әсіресе ауызша дәстүрде дамыған эпос, тарихи жырлар, ақынжыраулар поэзиясы тәрізді көркем эпикалық шығармалар мен ұлы Абай бастаған алыптар шоғырының жазба дүниелері стандартты тілдік нормаларды қалыптастыруда рөлі айрықша болды. Сондықтан да байырғы эпикалық шығармалар мен ХҮ-ХІХ ғғ. ақын-жыраулар поэзиясындағы ауызша тіл мен жазба тіл дәстүрлеріндегі сөз үлгілері бүгінгі әдеби тілдің нәр алатын ең басты бұлақтары болып отыр. Өйткені әдеби тілдің ең жақсы үлгілері жазбаша, ауызша тараған тарихи-мәдени мұраларда ұрпақтан-ұрпаққа сабақтастығы үзілмей үздіксіз жетіп отырған. Қазақ әдеби тілін жасаушы – халықтың өзі. Әдеби тілдің қалыптасуы мен дамуына аса көрнекті сөз зергерлері, мәдениет, ағарту, білім мен ғылым, қоғам қайраткерлері ерекше еңбек сіңіріп, үлес қосты. Әдеби тілдегі көркем сөз, даналық сөз, танымдық, тәрбиелік сөз үлгілерін ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отырды. Тілдік құралдарды саралап, талғап қолданудың үлгісін көрсете отырып, тілдің ішкі мүмкіндіктеріне сүйене келіп, өзінің тыңнан жасаған бедерлі сөз өрнектерімен әрдайым әдеби тілдің сапалық дамуына әсер етті. Сөйтіп, әдеби тілдің дәлдік, өткірлік, байлық, икемділік, серпінділік тәрізді ішкі қуатын шыңдай түсті. Тілдік ұжымның дүниетанымының кеңеюі, ақыл-ойының кемелденуі тілдің құрылым жүйесінің дамуына әсер етеді. Ал тілдің лексика-грамматикалық құрылым-құрылысындағы сапалық даму қоғамдық ой-сананың түрлерін қалыптастыру мен дамытудағы, қоғам мәдениетін жетілдірудегі, объективті ақиқат туралы әлеуметтік танымбілімді жинақтаудағы, оны шашаусыз ұрпақтан-ұрпаққа жеткізудегі, тәрбие берудегі, адамдар арасындағы қарым-қатынасты реттеудегі тілдің қызметін күшейте түседі. Сөйтіп, қоғам тілді дамытса, өз кезегінде тіл қоғамдық сананың дамуына да ықпалын тигізеді.
(Уәли Н., Қыдырбаев Ө. Қазақ тілі (Сөз мәдениеті). – Алматы: Мектеп, 2006)
Мазмұны
"Қыз Жібек" жыры екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімінде Төлегеннің Жібекке үйленуі әңгімеленсе, екінші бөлімде Жібектің Сансызбаймен қосылғаны баяндалады. Екі бөлім - екі оқиғаны жырлайды, бірақ сюжет біреу: жігіттің үйленуі.
"Қыз Жібек" эпосын махаббат гимні деудің әбден жөні бар. Оның нағыз көркем туындыға айналу процесі жүріп жатқан кезде, яғни ХVІ-ХVІІІ ғасырлардағы қазақ қоғамында жеке бастың, сезімнің бостандығы, махаббат еркіндігі туралы мәселе мұндай деңгейде ашық айтыла бермеген, ескі рулық заманның неке мен отбасына қатысты ежеқабыл, қалыңмал, көп әйел алу, әмеңгерлік сияқты салттары үстем болған. Солай бола тұрса да, "Қыз Жібек" жырының шығуы сол дәуірдің өзінде-ақ халықтың идеал туралы эстетикалық пайым-түсінігінде белгілі бір дәрежеде өзгеріс болғанын айғақтайды. Төлегеннің де, Жібектің де өзіне лайық жар іздеуі, сүйіспеншілікпен үйленуді көздеуі - сол кезеңдегі жастардың ойында, көкірегінде жүрген арманын, мұңын, тілегін аңғартады. Жырдың ел арасында кең тарағанының бір себебі осында болса керек.
Төлеген - қазақ эпосы, тіпті бүкіл қазақ фольклоры үшін жаңа кейіпкер. Ол Қозы Көрпештен де өзгеше. Қозының бейнесінде батырлық қасиет көп. Ал Төлеген - нағыз лирикалық кейіпкер. Ол бай болуды, батыр болуды көксемейді. Оның арманы - өзіне лайықты сұлуды сүю, соны өзіне өмірлік жар ету. Жыршы да осыны айтады: "Батырлық, байлық кімде жоқ, Ғашықтық жөні бір басқа". Демек, сол кездің қоғамында осындай ой-пікір болған, яғни ел ішінде махаббатты - өте таза, бәрінен ерекше, биік сезім, оны кез келген адам біле бермейді деген ұғым қалыптасқан. Нақ осындай ерекше сезім Төлегенді әкесінің бата бермегеніне қарамастан алыс жолға жалғыз аттандырады. Төлеген үшін өмірдің мәні де, сәні де - махаббат, махаббат үшін күресіп, өмір сүру, сүйгеніңе үйлену. Сондықтан да болу керек, оның мінезі де, істері де әдеткі эпостағыдай емес. Ол аң да ауламайды, мал да бақпайды, жастайынан ерлік мінез де танытпайды, батырлық өнерді де үйренбейді. "Періште сипатты ұл" боп тууының өзі - оның ерекше сұлу болатынын білдіреді. Демек, ол батыр болмайды: Төлеген кәдімгі батырларша "сағат сайын" өспейді, бозбала кезінде ешбір ерлік іс-әрекет жасамайды. Есесіне он екі жасында өзіне пара-пар сұлу қыз іздей бастайды. Он алты жасқа толғанда ат тұяғы жететін жерді түгел шарлап шығады. Қыз Жібек туралы ести сала ол еш ойланбастан жолға шығады.
Егер Қозы Көрпеш қалыңдығының ауылына жалғыз аттанып, көп қиындық көріп, ұзақ жүріп жетсе, Төлеген қасына бірнеше нөкер ертіп, "жылқыдан екі жүз елу жорға алып, бірнеше күн жол жүріп, Шекті деген елге келіп, шатырды тігіп, жорғаларын жайып салып, жұртқа жар салады". Байқайтынымыз - Төлеген алыс елге шаршамай-талмай, еш қиналмай, аз-ақ күнде жетеді. Оның қызды таңдауы да өзгеше. Қызын көрсеткен әрбір адамға бір жорғадан береді. Тіпті, Төлегеннің өзі Жібекке құда түседі. Бұл да - оның ерекшелігі. Оның құда түсу әдісі де айрықша. Алдымен жұртқа жорға таратып, Шекті еліне "мырзалықпен" танылады да, Қаршыға арқылы Жібекті көруге мүмкіндік алады. Бұл жерде Төлеген тағы бір мінез көрсетеді. Ол Қаршығаның сөзіне сеніп қана Жібекке іңкәр болмайды, мақтаулы қызды өз көзімен көргісі келеді. Яғни, Төлеген қызға сырттай ғашық болғысы келмейді, қызды өзі сынап, өзі тілдесіп қана бағаламақ. Міне, жастайынан өзіне тең қызды іздеген Төлеген мұнда да сол әдетінен таймайды.
Қаратпа,Қыстырма сөздер мен Сан есім арасындағы диалог.
Қаратпа сөз: – Қап,мына сөйлемді қалай дұрыс құрасақ екен?
Қыстырма сөз: – Соны айтам да,Қаратпа."Балам, мүмкін" десек бірдеңе жетіспейді.
Қаратпа сөз: – Бізге тұрлаулы немесе тұрлаусыз мүше керек,достым!
Қыстырма сөз: – Дұрыс айтасың!Кімді көмекке шақырсақ екен?
Сан есім: – Мынау не шу?Сәлем,Қыстырма,Қаратпа!
Қыстырма: – Сәлем,Сан есім!
Қаратпа: – Сәлем!Бір сөйлемді құрай алмай жатырық.Көмектесші бізге.
Сан есім: – Қандай сөйлем?
Қыстырма: – "Балам,сірә?" деген.
Сан есім: – Дұрыс, сендерге сөйлем мүшесі керек.Сендер сөйлем мүшесі бола алмайсыңдар,сұраққа жауап бермейсіңдер.Сөйлемге мені қойып көрейік."Балам,сірә,төртеу ме?" деп шығады.
Қаратпа: – Керемет, сөйлем құралды.Сен сөз табының бірі болып,анықтауыш мүше бола аласың.Сен белгілі бір сұраққа жауап бересің.
Қыстырма: – Ия,Сан есім,көмегіңе рахмет.Сау бол!
Сан есім: – Сау болыңдар!