1-тапсырма. Мәтін бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беріңдер.
1. Қазақстанның ғарыштық мемлекет болып танылуы-
на не мүмкіндік тудырды?
2. Тоқтар Әубәкіров ғарышқа қай жылы ұшырылды?
3. Ол қандай мақсатта ұшты?
4. Талғат Мұсабаев ғарышта қай жылдары жұмыс
істеді?
5. Байқоңыр ғарыш айлағында қандай бағдарламалар
орындалуда?
6. Қазақстандық бірінші Жер серігі қашан ұшырылды?
7. Елімізде қандай ғарыштық бағдарлама қабылданды?
остапе шашылып берілген тает тіnелетарі
«Әркімнің өз әлемі бар» немесе «Сен оның жеке әлеміне үңіле алдың ба?» дегенді жиі естиміз. Ал енді менің де өз әлемім туралы ой қозғағым келеді.
Расымен, менің өз әлемім бар. Қуанғанда немесе ренжігенде оңаша қаламын. Себебі жүрегімде әдемі әлем бар. Ол жерден мені түсінетін, бәрін түсіндіретін адал дос табылады. Әрине, құр қиялмен өмір сүре алмайсың. Сондықтан мен өз әлемімді нығайтуды, оның берік қамалға, менің күш алар ғажайып әлемге айналдыруды мақсат тұтамын.
Менің әлемім – болашақта шындыққа айналатын арман әлемі. Біріншіден, арман – идея. Бұл бір жерге тастаған дән сияқты жапырағын жайып, гүлдейді. Екіншіден, тірлігімнің қозғаушы көзі. Мәселен, біз жас өскіннің жемісті немесе құр бұтақты өсімдік екенін білмейміз. Ал адам өзіне керек нәтижені алуға тырысады: ізденеді, тәжірибе жасайды, нәтижеге қол жеткізеді. Осындай ізденістеріме негіз болатын әр арманым – мен үшін бағалы жеміс дәндері. Сонымен қатар менің «Мен» екенімді танытатын ішкі қуат күшім.
Менің әлемімнің қуат көзі – білім. Мен мұны жақсы түсіндім, бірақ өз білімімнің нәтижесін көрсете алмаған кездерім де болады. Сол себепті М. Әуезовтің іс өнімді болуы үшін «...ең әуелі ниет керек, одан соң күш керек, одан соң тәртіп керек» деген сөздерін ұстаным ретінде қабылдадым. Кемшілікті түзету үшін жазба болса, жазып жаттығамын, сөзден кетсе, оны дұрыс қолдану жолдарын іздеймін. Ниет түзу болса, алынбайтын қамал жоқ. Еңбектенген жанның достары – күш, қайрат және тәртіп. Менің әлемімде достарға құрмет ерекше. Күресетін дұшпандарым – жалқаулық, немқұрайдық.
Қорыта айтсам, менің әлемім – мақсат, намыс әлемі. Солай қабылдадым, сол бағыттан таймаймын. Сырт көз – сыншы, кейде атыма сын да айтылады. Ондайда сынды қабылдап, ой қорытамын.
Өмір сынағы сан алуан. Сол сындарда нық сенім сыйлайтын берік қамалым – ғажайып әлемім.
Арман дәліз бойымен асығып келе жатыр. Бүгін оның университеттегі алғашқы күні. Кенет ол бір қарияны түйіп кетті. "Кешірім өтінемін!" деп қайтадан жүгіре бастады. Сабақтың басталуына санаулы минуттар қалды. Ал ол болса әлі лекция өтетін аудиторияны таба алмай әлек. Терезе алдында тұрған бір студенттен:
– Ғафу өтінемін, 235-аудитория қай жерде? Білмейсіз бе?-деп ентіге сұрады. Сөйтсе ол аудитория басқа ғимаратта екен. Қуанышқа орай ол ғимарат бас ғимараттың дәл жанында екен. Арман жүруін одан әрі тездетті. Ғимаратқа кіріп, күзетшіден де:
– Кешіріңіз! 235-аудитория қай жерде?-деп сұрады. Сөйтсе 2-қабаттың сол жақ бұрышында екен. Арман 2-қабатқа көтеріліп келе жатырып тағы бір қолы кітапқа толы студентті қағып кетті де "ғафу етіңіз!" деп екі беті қызарып аудиторияға жетті. Сабақ басталып кеткеніне 2 минут болған. Есікті қағып:
– Кеше көріңіз! Аудиторияны таба алмай жүріп қалдым. Бұл қазақ филологиясы ма?- деп лекторға қарады. Лектор:
– Иә. Алғашқы күн болған соң кешірімді. Бұдан бұлай қайталанбасын!-деп сабағын жалғастыра бастады. Алдағы парталардың біріне, бір қыздың қасына Арман отыра қойды.
– Мынау кітап па?-деді қыз алдында тұрған кітапқа көзі түсіп. Қыз жалт қарап:
– Жоқ, дәптер. Кітаптың қандай екенін білмеймісің?-деді.
– А, жоқ... Ренжіткен болсам әрі әбес қылығым үшін кеше көр. Жай мұқабасы қатты тозып кетіпті. Менде дәл осы кітаптың жаңасы бар. Қаласың берейін,- деді жымиып.
– Жарайды. Енді сөйлей бермей, лекторды тыңдайық!-деп тақырыпты жаза бастады. Арман да сабаққа кірісті.
Объяснение:
вот ответ тпиши