1-тапсырма. Мәтін бойынша проблемалық сұрақтар құрастырыңыз Инсулинді енгізудің жаңа әдісін тапқан жас ғалым 7,5 млн теңгелік
грантты жеңіп алды
Бүгін Астанадағы «Қазақстан - жаңа жаһандық инновациялық хабарлар» халықаралық
инновациялық форумы аясында жылдың үздік ең жас ғалымдары белгілі болды.
Жалпыұлттық инновациялар байқауындағы «Үздік жас ғалым» аталымына 100-ден астам өтінім
келіп түскен. Оның қорытындысы бойынша сарапшылық комиссия 10 финалисті іріктеді. Бүгін
конференция аясында 10 жас ғалым өздерінің жобалары бойынша таныстырылым өткізді.
Айта кетерлігі, осы аталымға қатысуда ең жоғары белсенділікті Назарбаев Университетінің
студенттері мен ғалымдары танытты. «Жылдың үздік жас ғалым» атағы мен 7 500 000 теңге
көлеміндегі бас жүлдені Назарбаев Университетінің түлегі Дана Ақылбекова жеңіп алды. Ол байқауға
денсаулық сақтау саласындағы ғылыми зерттеуін ұсынды. Жас ғалым диабеттің екінші типімен
ауыратын адамдарға инсулин енгізудің жаңа әдістерін зерттеумен айналысуда.
Екінші орын мен 1 500 000 теңге сомасындағы сыйлықты да Назарбаев Университетінің өкілі
Айдар Кемелбай еншіледі. Ал үшінші орын мен 1 000 000 теңгелік сыйлыққа биотехнология
саласындағы өзінің ғылыми жетістіктерімен танылған Дәмел Мектепбаева лайық деп танылды.
Естеріңізге сала кетейік, бұл аталымда жеңіске жеткен және сыйлық алғандар Ұлыбританияға
EducationTour сапарына бару мүмкіндігіне ие болды. Ал бірінші орынды иеленген Дана Ақылбаева
Қазақстан атынан Лондонда өтетін жас ғалымдардың халықаралық байқауына қатысады.
Жас ғалымдар арасындағы байқау ҚР ИДМ, «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік»
АҚ және Қазақстандағы Британдық кеңес тарапынан ұйымдастырылды.
http://www.inform.kz/kz/insulindi-engizudin-zhana-adisin-tapkan-zhas-galym-7-5-mln-tengelik-grantty-
zhenip-aldy_a2838481
1-тапсырма. Мәтін бойынша проблемалық сұрақтар құрастырыңыз
Байырға- ежелгі заманда, өткен шақта болған оқиғалар
Көсем - халықтың жетекшісі,қолбасшысы,басқарушысы
Өжет - батыл,ержүрек,қайсар, дәділ адам
Салт - әр бір халықтың ерекшеленетін бір әдет-ғұрып,заңы
Соғыс қаруы - соғыста қорғануға немесе соғысуға арналған қару-жарақ
Тұрмыстық - тұрмыста,күнделікте қолдануға арналған зат
Сауыт-сайман - батырлар қорғануға киетін киім
Құлиеленушілік - тұрмысы нашар адамдарды құл етіп жұмыс істеткізу
Жиһанкез тайпалар көшпенділер - көшпелі жолаушы тайпалар,адамдар
Жүгені - атқа жүгенді,отыру жабдықтарды кийгізу
Отанға, сол Отанның жүрегі — Москваға, қатерлі, қатал жау суық қолын созған кезде, сіздің атыңыз қараңғы түнде тұнық аспанға атылған жай оғындай жарқ ете қалды. Майдандағы әскерлерге нұрын шашты.
Ол — мың басы. Мың қолды бастаған отыз бір жастағы Момышұлы — Намысұлы боп шыға келді. Отанның әрбір адым жері үшін табан тіреп, қайсарланып, өжеттеніп тұрып алды. Қоршаудың өзін ерлікпен, өжеттікпен қаймықпай бұзып өтті.
Сол шақта астананы қорғаған мыңдар мен миллиондар арасынан «Момышұлының батальоны» өзгеше аталды, ерекше көзге түсті.
Оны генерал И.В.Панфилов мақтады. Газеттер жазып жатты. Ер еліне еткен еңбегін ерекшелігім демей, еліріп мақтан етпей, сол бір табиғи қалыпта қала білді. Мұнда ерлікке тән азаматтық көрінді. Сөйтіп, Бауыржан бастаған батальон Москва түбіндегі шайқаста асқан ерлік көрсетті. (113 сөз)