1 - тапсырма Күн неге батады және шығады ? Бірақ, шындығында, күн батпайды және шықпайды . Жер өз білігінен сағат тіліне қарама - қарсы бағытқа айналу арқылы Күнге біресе бір жағымен, біресе екінші жағымен қарайды . Ал бізге Күн шығыстан шығып, батысқа бататын тәрізді көрінеді . Ай Күн мен Жердің арасынан өткен кезде ол Күннің бетін көлегейледі . Бұл Күннің тұтылу көрінеді . Бұл Күннің тұтылуы деп аталады . Әдетте, Жердің көпшілік бөлігінде жарым - жартылай тұтылу көрінеді . Айдың тұлғасы Күнді толық жапқан да 7 минут тай түнек орнайды . Сол кезде Жерден Күннің сәуле жиегі көрінеді . Күн көз шыдатпайтын жарық дөңгелек болып көрінеді . Егер бұлтсыз ашық күні бір - екі минут қарап тұрсаң, көзің басқа ештеңені көрмей қалады . Сондықтан Күнге тіке қарауға дәл көк жиекте тұрғанда қараған қауіпсіз . 2 - тапсырма. Ай мен күн Өткен заманда біреудің Айсұлу және Күнсұлу деген екі кызы болыпты . Екеуі де теңдесі жоқ сұлу екен . Бірінен бірі асқан сұлумын деп, бірімен бірі үнемі ұрысып, жиі жиі жанжалдасып қалады екен . Бір күні Күнсұлу іс тігіп отырған Айсұлуға тиісіп : - Сенген мен сұлумын ! - дейді . Ал Айсұлу болса : - Жоқ, сен сұлу емессің, мен сұлумын ! - деп таласады . Ақыр аяғында бұл талас үлкен шатаққа айналады . Ыза қысып, әбден ашуланған Күнсұлу өзіне қарсы келіп отырған Айсұлудың бетін тырнап алады . Күнсұлу тырнағының дағы Айсұлудың бетіне өшпестей болып тиеді . Міне, содан бері Айсұлу жұрттан ұялып, тек түнде ғана тысқа шығады екен . Ал, бейбастықпен қатты ұятқа қалған Күнсұлу түн қараңғылығында бұғып жатады екен . Содан бері Айсұлу мен Күнсұлу біріне-бірі көрінбей, бірінен - бірі жасырынып, аулақтап жүреді екен . Екі мәтінді оқи отырып, төмендегі кестені орында ! 1 - мәтін Ұқсастық 2 - мәтін Айырмашылық . Нақты ақпарат .
ауыз әдебиеті — халық шығармашылығының айрықша саласы, ауызша шығарылып, ауызша тараған көркем-әдеби туындылардың жиынтық атауы.
қазақ халқының мұндай сөз өнерін ғалымдар ауыз әдебиеті деп атаған. сонымен бірге ғылым мен мәдениетте “халық шығармашылығы”, “халық поэзиясы”, “халықтың ауызша сөз өнері” дейтін атаулар да осыған жақын мағынада қолданылады. 1846 жылы ағылшын вильям томс ұсынған “фольклор” (ағылшынша lolk — халық, lore — білім, даналық) сөзі де ауыз әдебиеті атауы үшін халықаралық ғылым атау ретінде орныққан. бұлардың қай-қайсысы да бірінің орнына бірі қолданыла береді. бірақ мағыналары бір емес.[1]
мысалы, “халық поэзиясы” дейтін ұғым өлең түрінде айтылатын поэзиялық жанрларды жинақтап атауға лайық болса, “халық шығармашылығы” — халық шығармашылығы мен өнерінің барлық түрлерінің жалпы атауы, “ауызша сөз өнері” — прозалық та, поэзиялық та шығармалардың ортақ ұғымы. бұларға қоса “халық даналығы”, “халық білімі” деп аударылатын “фольклор” терминінің мән-мағынасында да елеулі айырма бар. батыс еуропа, америка, австралия халықтарының ұғымында бұл сөздің мағынасы тым ауқымды. ол халықтың киім-кешек, құрал-жабдық, әдет-ғұрып, тұрмыс-салт, наным-сенім, сондай-ақ түрлі көркем өнерін (поэзия, музыка, би, ою-өрнек, тоқыма өнері, т. б.) тұтастай атау үшін қолданылады. бұл жағынан алғанда ол тек ауыз әдебиетін ғана емес, “этнография”, “этномәдениет” дейтін ұғымдармен де сабақтасып жатыр. “фольклор” атауы орыс ғалымдарының зерттеулері арқылы халықтың ауызша поэтикалық шығармашылығы деген мағынада қалыптасқан. қазақ әдебиеттану ғылымындағы “ауыз әдебиеті” деген ұғым да “фольклордың” осы мәнімен сабақтас.[2] бұлар бірін-бірі толық алмастыра береді.[3] ауыз әдебиетіін зерттейтін ғылымды “фольклортану” деп атау да осыған байланысты. қазақ халқының ауыз әдебиеті өзінің көркемдік-идеялық нәрімен, эстетикалық қуат-тегеурінімен, түрі мен жанрларының молдығымен, тақырыптық және сюжеттік байлығымен, қоғамдық-әлеуметтік және тәрбиелік терең мән-мазмұнымен ерекшеленеді. ол — көне тас дәуірінде пайда болып, түркілік тұтастықты бастан кешірген, одан бері де қазақ халқының қалыптасу тарихымен біте қайнасып, бірге жасап келе жатқан теңдесі жоқ рухани мұра. байырғы ата-ң наным-сенімдерінен, тарихынан, тұрмыс-тіршілігінен, жақсы мен жаман туралы түсініктерінен, асыл арманы, биік мұратынан жан-жақты мағлұмат береді.