1-тапсырма. Әңгімеге сай нақыл сөзді белгіле. Мәтін.
Сократқа біреу келіп: - Досың жайлы не естідім, айтайын ба? – дейді.
- Тоқта. Маған бір сөз болсын айтар алдында кішкентай ғана тестен өтуіңді сұраймын. Үш фильтрлі тест.
- Үш фильтрлі?
- Иә, менімен досым туралы сөйлесер алдында, бір сәт тоқтап сөйлейтініңді фильтрден өткізгенің абзал болар. Бірінші фильтр – «Шындық фильтрі». Досым туралы айтатының 100 пайыз шындық екеніне сенімдісің бе?
- Жоқ. Негізі біреудің айтқанын естідім де, содан...
- Жарайды. Олай болса, сен ол әңгіменің өтірік-рас екенін білмейсің. Екінші фильтр – жақсылық фильтрі. Досым туралы айтатының жақсы ма әлде...?
- Жоқ, жақсы емес, керісінше...
- Сен рас екендігін білмей тұрып, досым туралы жаман нәрсе айтқың келді ме сонда? Оған қарамастан тестен өтуің мүмкін, соңғы фильтр – «Керектілік фильтрі». Досым туралы айтатының керегіме жарай ма?
- Білмеймін ғой енді, бәлкім.
- Түсінікті. Маған айтатының шындық емес, жақсылық емес және қажеттілігі болмаса, оны айтып несіне әуре боласың?
А) Жақсы дос – сарқылмас дәулет.
В) Дос жылатып айтады, душпан күлдіртіп айтады.
С) Дос та дос, дұшпан да дос мал барында.
Д) Жаман достан мың сақтан.
А) нұсқасы мәтінде досын сатпаған