В
Все
Б
Биология
Б
Беларуская мова
У
Українська мова
А
Алгебра
Р
Русский язык
О
ОБЖ
И
История
Ф
Физика
Қ
Қазақ тiлi
О
Окружающий мир
Э
Экономика
Н
Немецкий язык
Х
Химия
П
Право
П
Психология
Д
Другие предметы
Л
Литература
Г
География
Ф
Французский язык
М
Математика
М
Музыка
А
Английский язык
М
МХК
У
Українська література
И
Информатика
О
Обществознание
Г
Геометрия
nadyukov
nadyukov
09.02.2021 00:08 •  Қазақ тiлi

1- тапсырма 1. Мәтінді оқы. Мәтін бойынша диалог құрастыр (прочитай текст, по тексту составь диалог)
Отбасы дегеніміз – туысқандық байланыста бірлесіп өмір сүретін адамдар. Олар отбасында мемлекеттік заңдар мен ережелерді сақтайды. Отбасы – а ң өсіп-өнер, қаз тұрар, қанат қағар ұясы, алтын бесігі. Отбасында қалыптасқан барлық жақсы қасиеттер өмір бойына серік болады. Оны ешкім түзете алмайды.
Дәстүрлі қазақ отбасында ата-ана ерекше құрметтелген. Олардың тікелей үрім-бұтақтары ата-аналарын қартайғанда қамқорлыққа алуға міндетті болған. Ата-ана балаларының тәлім-тәрбиесіне қаншалықты жауапты болса, балалар да кейін әке-шешелері қартайған шағында қамқорлық жасауға міндетті.
Қазақ отбасында әкенің орны ерекше. Әке – отбасының тірегі. Отбасы мүшелері әкені тыңдайды. Ананың орны да ерекше. Әке де, балалар да ананы сыйлайды. Әке мен шеше ақылдасып, үйленген ұлдарына енші бөледі, тұрмысқа шыққан қыздарына жасау береді. Қазақ отбасында қыздың орны да үлкен. Қызды ерекше құрметтейді.
Кенже бала - отбасындағы ең кіші бала, кіші ұл. Кенже баланың өз отбасы болса да, ата-анасымен бірге тұрады. Себебі ол – қара шаңырақтың иесі. Қара шаңырақ - үлкен үй, әке-шеше үйі. Қара шаңыраққа барлық осы отбасының балалары, туыстары жиналады. Қара шаңырақта балаға туыстарын, нағашыларын, ата-бабасын, үлкен аталарын, жеті атасын үнемі айтып отырған.

«Отан отбасынан басталады» тақырыбында диалог құрастырыңыз , 3 сұрақ, 3 жауап (составить диалог на тему «Родина – начинается с семьи» )

Мәтінге ат қояды (озаглавить текст)

Мәтінді оқып,деректі және дерексіз зат есімдерді теріп жаз. (Прочтите текст, выпишите качественные и обстрактные существительные.)

Деректі з.е. Дерексіз з.е.



2- тапсырма. Мәтінді оқы, сызбадағы ақпараттың дұрыс, бұрыс екендігін тексеріңдер (прочитай текст, проверь достоверность информации).

Ж.Әбдірашев: «Ауыл – қаланың анасы, анасын ұмытпайды баласы» - деген екен. Ауыл – әр халықтың, соның ішінде қазақ халқының алтын бесігі, темір қазығы. Себебі қазақтың салт-дәстүрі, қазақтың қаны мен жаны сол ауылдан басталады. Ауыл еңбекшілері ауылшаруашылық еңбегі арқылы қалаға шикізаттарды өңдеп қайтарып отырады. Сондықтан да елімізді көркейтуге осы бастан өз үлестерімізді қосуға тиіспіз. Біздің еңбегіміз – қазіргі жағдайда сапалы білім алу.

№ Сөйлемдер Дұрыс Бұрыс
1 Ауыл – қаланың анасы.
2 Ауыл – қазақ халқының алтын бесігі емес
3 Егіншілер мал бағумен айналысады.
4 Қазақтың салт-дәстүрі сол ауылдан басталады.
5 Қалаға шикізаттарды өңдеп қайтарып отырады

ПАМОГИТЕ ПОЛНЫМ ОТВЕТОМ .
ЭТО ДЗ

Показать ответ
Ответ:
arshin1
arshin1
12.01.2020 17:58

Көмекші етістіктер.

Көмекші етістіктер – атауыш сөздің жетегінде келетін, лексикалық мағынасы жоқ (немесе лексикалық мағынасынан сөйлемде уақытша айырылған), өзі тіркескен сөзге әралуан грамматикалық мағыналар жамап түрлендіретін, өзі етістік сияқты түрленетін (етіс, болымсыз етістік, шақ, рай, модаль тұлғаларын қабылдайтын) көмекші сөздер.

Қазақ тіліндегі көмекші етістіктер тілде жұмсалу ерекшелігіне қарай тұрақты көмекші етістіктер және уақытша көмекші етістіктер болып екіге бөлінеді.

Тұрақты көмекші етістіктерге бүгінде тек көмекшілік қызмет қана атқаратын, лексикалық мағынасынан толық айырылған етістіктер жатады. Тіліміздегі бұл қатардағы етістіктердің саны шектеулі, олар: е-, ет, қыл, жазда көмекші етістіктері. Осы қатарға шартты түрде бол етістігін де қосуға болады. Бол етістігін, негізінен, уақытша көмекші етістік деп те тануға болады. Өйткені бұл сөз кей жағдайларда тездету және біту, бару етістіктерімен синонимдес лексикалық мағынаны білдіре алады (мысалы, Бол! Бас аяғыңды! Бүгінше болдым. Ол аймақта болғанмын.).Сонымен қатар бол етістігі ет, қыл етістіктері сияқты көмекшілік қасиетке де ие. Бұл үшеуі, негізінен, есім сөздерден құранды етістік жасайды: ыза болу, ие болу, еңбек ету, қанағат қылу, т.б. Бол етістігі, сонымен қатар, қимылдың соңғы, аяқталу кезеңін білдіретін аналитикалық формант құрамында да кездеседі. Мысалы, Үйді салып болған. Бұл қасиет ет және қыл етістіктеріне тән емес. Ет етістігі еліктеу сөздерден де құранды етістік жасайтын қызметке ие: бұрқ ету, сарт ету, т.б..

Сонымен, ет, қыл, бол етістіктері – сөзжасамдық қабілетке ие көмекші етістіктер. Бұл қасиет – оларды басқа көмекші етістіктерден ерекшелендіретін басты белгі.

Е- көмекші етістігі (тарихи тұрғыдан ер көмекші етістігенен қалыптасқан) – тілімізде емес, екен, еді тұлғаларында жұмсалады.

Қазақ тіліндегі уақытша көмекші етістіктерге: ал, бақ, бар, баста, бер, бол, біл, біт, жат(ыр), жөнел, жүр, жібер, кел, көр, қал, қой, отыр, тұр, өт, сал, таста, түс, шық сөздері жатады.

0,0(0 оценок)
Ответ:
angelikasolnce1
angelikasolnce1
28.09.2020 03:10

Медеу мұз айдыны жайлы диалог құрастыру.

Мұғалім: Балалар, осы сенбі күні сыныбымызбен Медеу мұз айдынына барып қайтсақ, қалай қарайсыңдар?

Оқушылар: Әрине, апай, барайық!

Мұғалім: Барлығын коньки тебу білесіңдер ме?

Оқушылар: Иә! Мен тебе аламын! Иә! Мен де тебе аламын! Мені ағам үйреткен! ...

Мұғалім: Жақсы, жақсы. Бәрің де тебе алады екенсіңдер. Ендеше Медеу мұз айдыны туралы не білесіңдер, тексеріп көрейік. Медеу мұз айдыны қай жерде орналасқан?

Оқушылар: Бұл сұрақтың жауабын мен білемін! Алматы қаласынан 18 км жерде, Кіші Алматы шатқалында, теңіз деңгейінен 1691,2 м биіктікте орналасқан.

Мұғалім:  Жарайсың, Айкүнім! Келесі сұрақ – табиғи мұз айдыны ретінде қашаннан пайдаланыла бастады?

Оқушылар: Табиғи мұз айдыны ретінде 1951 ж. пайдаланыла бастады.

Мұғалім: Дұрыс айтасың, Санжар. Ал Медеу спорт кешені қашан тұрғызылды?

Оқушылар: Медеу Спорт Кешені 1972 ж. тұрғызылды. Құрылысқа қатысқан архитекторларға (барлығы 10 адам) 1975 ж. КСРО Мемлекеттік сыйлығы берілді.

Мұғалім: Дұрыс жауап, Еркебұлан!

Оқушылар: Мен Медеу туралы тағы бір қызықты дерек білемін - Медеу Спорт Кешені — тек спорт жарыстары үшін ғана емес, сонымен қатар қала тұрғындары мен қала қонақтарының әсем табиғат аясында демалатын орны. 1990 жылдан дәстүрлі “Азия дауысы” халықаралық ән байқауы өткізіліп келеді.

Мұғалім: Жарайсың, Мұрагер! Осы сенбі күні онда сағат 12.00 де барсақ, қалай қарайсыңдар?

Оқушылар: Жақсы, апай! Келісеміз!

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота