1. Тәуелдік жалғаулы сөздердің қандай сөзбен байланысатынын естеріңе түсіріп, берілген сөздерді оңаша және ортақ түрде үш жақта тәуелдеңдер. Үй, киім, бала, Отан, бөлме. 2. Берілген жалғаулы сөздердің оңаша түрін ортақ, ал ортақ түрін оңаша тәуелдеуге айналдырып жазыңдар. Қуанышым,әкеміз, кітабың, дәптері, үстеліңіз, мектебіміз, ұстазың, туысқанымыз, досыма, баласы, көршіңіз, інім. Үлгі: қуанышым-қуанышымыз, Әкеміз-әкем, 3. Ағалар, апалар, аналар деген зат есімдерді ортақ тәуелде. 4.Төмендегі мәтіннің мазмұнына мән бере отырып, ортақ тәуелденген зат есімдерді тап. «Жақыныңды жаттай сыйла- жат жанынан түңілсін» «Өзіміздің адамдар ғой деп жақын туыстарға көңіл бөлмей қарау- тәрбиелілік емес» Бір анадан туса да, ағасы бауырына, қарындасына, інісі мен қарындасы әпке-ағаларына жанашыр болуы тиіс. Бауырмалдық, жанашырлық сезім жоқ жерде туысқандық, сыйластық, ауызбірлік те болмайды. Ал өзінің ең жақын адамдарын - үй ішіндегі туыстарын қадір тұтпаған адам басқа жұртты да сыйлап жарытпайды. Бұл мақал татулыққа, сыйластыққа, жанашырлық пен мейірімділікке тәрбиелейді. 5. Құрамында ортақ және оңаша тәуелденген зат есімдері бар өзің білетін өлең шумақтарын жатқа жаз. Қалаған бір сөзіңе фонетикалық талдау жаса. 6. Сұрақтарға жауап беру. Еңбек нарығына анықтама бер. Еңбек нарығының ерекшелігі неде? Еңбек нарығы кімдердің арасындағы қарым-қатынасты зерттейді?
Белгілі тарихшы А .И. Левшин (1799— 1879) «Қырғыз-қазақ, немесе қырғыз-қайсақ ордалары мен далаларының сипаттамасы» деген үш бөлімнен тұратын зерттеу еңбегін жазды. Осы бірегей әрі іргелі еңбегі үшін ол «Қазақ тарихының Геродоты» деген атаққа лайықты ие болды. Автор өз зерттеуінде қазақ өлкесінің тарихы
.1830 жылы «Отечественные записки» журналында орыс офицері Б.С. Броневскийдің «Орта жүз қырғыз-қайсақтары туралы жазбалар» атты жұмысы жарияланды.
Семенов-Тян-Шанский(1827—1914) де Қазақстанды зерттеуші ірі ғалымдардың бірі болды. Ол Алтай мен Жетісудың және Қазақстанның оңтүстік өңірін зерттеуге қатысты. Ғалым «Ресей. Толық географиялық сипаттамасы» атты көп томдық серияның «Қырғыз өлкесі» және «Түркістан өлкесі» деген іргелі екі томын әзірлеуге белсене қатысты. Оларда Қазақстанның географиясы ғана емес, сонымен қатар қазақтардың тарихы, тұрмыс-тіршілігі, сауда-саттығы және шаруашылық қызметінің түрлері туралы егжей-тегжейлі мәліметтер келтірілген.
Белгілі ғалым әрі Батыс Сібірдің әкімшілік қызметкері В.В. Велъяминов-Зернов XVI—XVIII ғасырлардағы