1. тұрақты тіркестерге ортақ мағына сақалын сипап қалу тақырға отырғызып кету мұзға отырғызып кету a) сөйлеу b) мадақтау c) күлу d) қалжыңдау e) алдау 2. сену, нану сөздеріне синоним болатын диалект сөзді белгілеңіз. a) ұялу. b) қату. c) көну. d) қағу. e) илану. 3. берілген сөйлемнің ішінен тасымалдауға болмайтын сөзді табыңыз. омар берілген тапсырманы дұрыс орындады. a) орындады. b) тапсырманы. c) омар. d) берілген. e) дұрыс. 4. тізбекке қажетті термин сөз: дыбыс, буын, екпін, интонация a) морфология b) орфография c) фонетика d) грамматика e) лексика 5. буын үндестігі сақталмаған қос сөзді көрсетіңіз. a) пара-пар. b) көстең-көстең. c) көршілес. d) салқын қанды. e) көрпе-жастық. 6. туынды сөзді табыңыз. a) қақ. b) шегеле. c) ірімшік. d) шелек. e) құрт. 7. топтау сан есімді табыңыз. a) отыз. b) отыз-отыздан. c) отызға жуық. d) отызыншы. e) отыз шақты. 8. барыс септік жалғауын көрсетіңіз.: a) -ды, -ді. b) -нан, -нен. c) -мен, -бен. d) -ның, -нің. e) -ға, -ге. 9. сөйлемге қажет тыныс белгісін көрсетіңіз. қарашы, қандай әдемі құстар еді a) үтір. b) леп белгісі. c) сұрақ белгісі. d) нүктелі үтір. e) көп нүкте. 10. тұрақты тіркестерге ортақ мағына ит терісін басына қаптады. жер жебіріне жетті. a) ұрысты b) сөгіс берді c) соқты d) ұрды e) айбаттанды 11.көптік мағына беріп тұрған жалғауды табыңыз. а) ауылдың маңы - терең сай. в) тәуелсіздік біздің арманымыз еді. с) үй жиhаздарын жинау. d) білімдіден шыққан сөз. е) отаным - бақыт ордасы. 12. бірге жазылатын сөзді көрсетіңіз. a) қара бұрыш. b) мен менсу. c) той топыр. d) мен десе. e) қақ шеке. 13. туынды сын есімді тіркесті табыңыз. a) терең өзен. b) сұр пальто. c) биік жартас. d) аласа үй. e) құлынды бие. 14. диалект сөздерді көрсетіңіз. а) оның, соған,тасбиық. в) бөз, боз. с) көпшік, дарбаза. d) орман, тоғай. е) қара, ат. 15. сөздің ауыспалы мағынасын табыңыз. а) дәрежесі үлкейген екен. в) олар үйін үлкейтіп салуда. с) атамның жасы үлкейді. d) бекболаттың көзі үлкейіп барады. е) қарны үлкейді, қампиды. 16. омонимді белгілеңіз: "ол сенен он жас үлкен". а) сенен в) үлкен с) он d) ол е) жас 17. «арқанның жақсы, әңгіменің жақсы» мақалына сай келетін антонимдік жұпты табыңыз а) алыс – жақын в) қатты – жұмсақ с) ұзыны – қысқасы d) көп – аз е) сулы – құрғақ 18. дара етістікті көрсетіңіз а) су жылжып ағып жатыр в) марат ерте тұрып кетті с) асқар бүгін не ертең келеді d) ойнап жүр е) олар бір-бірімен әңгімелесіп отыр 19. сөйлемдегі тыныс белгілердің қойылу себебін көрсетіңіз. тентіреп екі ауылдың арасында жүргенмен не мұратқа жетер едің? ! a) көңіл күйін білдіретін сөйлемдегі ой аяқталмай қалған. b) екі ұдай сезіммен айтылған сөйлем. c) төл сөз бен автор сөзі қатысқан сөйлем. d) жалғаулықсыз қарсылықты құрмалас сөйлем. e) ой аяқталмай үзіліп қалған сөйлем. 20. себеп бағыныңқы сабақтасты көрсетіңіз. a) біраз отырған соң, күндіз көп жүріп шаршаған асан ұйықтап қалды b) ер төстік жалмауыздың қолында қалды деп, елі мүлде күдер үзіп еді c) тимур үйге қайтып келісімен, оны нағашысы жанына шақырып алды d) үш жолаушы келе жатса, алдынан бір қарсы шықты e) наурыз туса да, қыстау әлі қыстың қатаң кәрінде болатын
Білмейтінің тоқсан тоғыз.
Білмесең үндеме,
Білгенді күндеме.
Білім гауһар, бағасы жоқ.
Надандық кесел, дауасы жоқ.
Киіміне қарап қарсы алады,
Біліміне қарап шығарып салады.
Күш - білімде, білім - кітапта.
Қына тасқа бітеді,
Білім басқа бітеді.
Білегі күшті бірді жығады,
Білімі күшті мыңды жығады.
Өз білмегеніңді кісіден сұра,
Үлкен жоқ болса кішіден сұра.
Ақыл - тозбайтын тон,
Білім – таусылмайтын кен.
Білім арзан, білу қымбат.
Жаста оқыған оқуың - тасқа жазғанмен бірдей,
Егде тартқанда оқыған оқуың - мұзға жазғанмен бірдей.
Екпей егін шықпас,
Үйренбей білім жұқпас.
Наданмен дос болғанша,
Кітаппен дос бол.
Оқымаған бір бала,
Оқыса екі бала.
Ұстаздан шәкірт озар.
Алтын алма, білім ал.
Ғылым - теңіз, білім - қайық.
Тіліңмен жүгірме, біліммен жүгір
Көп жасаған білмейді, көп көрген біледі
Білімді өлсе,
Қағазда аты қалар.
Ұста өлсе,
Істеген заты қалар.
Өнер - ағып жатқан бұлақ,
Ілім - жанып тұрған шырақ.
Білімді бесіктен тесікке дейін ізден.
Жердің сәні - егін,
Ердің сәні - білім.
Өмірдің өзі - ұлы ұстаз.
Білім басы - бейнет, соңы - зейнет.
Ілім - бұлақ
Білім - шырақ.
Оқусыз білім жоқ,
Білімсіз күнің жоқ.
Оқу инемен құдық қазғандай.
Оқу түбі тоқу.
Ойнада күл,
Оқыда біл.
Білім - ер азығы,
Ер - ел азығы.
Оқу - білім азығы,
Білім - ырыс қазығы.
Оқу - білім бұлағы,
Білім - өмір шырағы.
Білімдіге дүние жарық,
Білімсіздің күні қаріп.
Білім таппай мақтанба,
Өнер таппай баптанба.
Көргеннен көрмегенін көп.
Білгеннен білмегенің көп.
Білім алып құрасын,
Еңбек етіп сұрасын.
Білім ауысады,
Ырыс жұғысады.
Біреу білмегеңді, біреу білер,
Біреу жылайтынға, біреу күлер.
Туа білмейді, жүре біледі.
Білімдіден ақыл шығар.
Ақылды қарттан нақыл шығар.
Қарғыстың ең жаманы:
Өзің білме, білгеннің тілін алма.
Қой асығы демей-ақ
Қолыңа толса, сақа тұт,
Жасы кіші демей-ақ
Ақылы асса, аға тұт.
Қолдағы бар алтынның қадірі жоқ
Ақыл азбайды,
Білім тозбайды.