1. Суретте білеушелердің массасы мен көлемдері бірдей. Үстел үстіне білеушелер қай жағдайда ең аз қысым түседі? A)1 B) 2
C) 3
D) барлық жағдайда қысымдары бірдей [1]
2. Қатынас ыдыстың бірінші бағанына су , екінші бағанына бензин құйылған. Үшінші бағанына құйылатын мұнай қай деңгейде болады? (ρсу= 1000 кг/м3, ρмұнай = 900 кг/м3, ρбензин = 710 кг/м3)
A) А деңгейінде
B) Б деңгейінде
C) В деңгейінде
D) Г [1]
3. Сынапты барометр атмосфералық қысымды шахтада және тау басында өлшейді.
А) Барометр тау басында, себебі атмосфералық қысым қалыпты қысымнан жоғары
В) Барометр тау басында, себебі атмосфералық қысым қалыпты қысымнан төмен
С) Барометр шахтада, себебі атмосфералық қысым қалыпты атмосфералық қысымнан төмен
D) Барометр шахтада, себебі атмосфералық қысым қалыпты қысымнан [1]
4. Ыдыстағы су бағанының биіктігі 0,5 м. Судың ыдыс түбіне түсіретін қысымы. Судың тығыздығы 1000 кг/м3.
А)500 Па B) 5 000 Па C) 50 000 Па D) 490 000 Па [1]
5. Суретте гидравликалық машина берілген.
а) Гидравликалық машинаның үлкен поршеніне әсер ететін күшті анықтаңыз. [1]
в) Бұл машина күштен қандай ұтыс береді? [1]
с) Гидравликалық машинаның көмегімен көтеруге болатын дене массасы [1]
6. Суретте дене және үш түрлі сұйықтық құйылған (а,б,в) ыдыстар берілген.
А.1) а ыдыстағы сұйық түрі [4]
А.2) а ыдыстағы сұйықта дене үшін жүзудің қандай шарты орындалады? [1]
В) б ыдыстағы сұйықта дене жүзеді. Осы ыдыстағы сұйық түрі [2]
C) в ыдыстағы сұйықта дененің 0,9V бөлігі батқан. в ыдыстағы сұйық түрі [3]
7. Спортшы массасы 200 кг штанганы 4 секундта 2м биіктікке көтереді.
Спортшының жасаған жұмысы [2]
Өндірген қуаты [1]
«Қысым, жұмыс және қуат» тараулары бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары. ІІ нұсқа
1. Суретте білеушелердің массасы мен көлемдері бірдей. Үстел үстіне білеушелер қай жағдайда бірдей қысым түседі?
A) А және Б B) Б және В
C) А,Б және В D) А және В [1]
2. Қатынас ыдыстың бағандарына су, спирт және бензин құйылған. Спирт қай бағанға құйылған? (ρсу= 1000 кг/м3, ρспирт = 800 кг/м3, ρбензин = 710 кг/м3)
A) 1 бағанда B) 2 бағанда
C) 3 бағанда D) 1 және 2 бағанында [1]
3. Барометр - анероидты қолданып, атмосфералық қысымды шахтада және тау басында өлшейді.
А) Барометр - анероид тау басында, себебі атмосфералық қысым қалыпты қысымнан төмен
В) Барометр - анероид тау басында, себебі атмосфералық қысым қалыпты қысымнан жоғары
С) Барометр - анероид шахтада, себебі атмосфералық қысым қалыпты қысымнан төмен
D) Барометр - анероид шахтада, себебі атмосфералық қысым қалыпты қысымнан жоғары [1]
4. Ыдыстағы керосин бағанының биіктігі 0,2 м. Керосиннің ыдыс түбіне түсіретін қысымы. Керосиннің тығыздығы 800 кг/м3.
А)160 000 Па B) 16 000 Па C) 1600 Па D) 40 Па [1] 5. Суретте гидравликалық машина берілген
а) Гидравликалық машинаның үлкен поршеніне әсер ететін күшті анықтаңыз. [1]
в) Бұл машина күштен қандай ұтыс береді? [1]
с) Гидравликалық машинаның көмегімен көтеруге болатын дене массасы [1]
6. Суретте дене және үш түрлі сұйықтық құйылған (а,б,в) ыдыстар берілген.
А.1) а ыдыстағы сұйық түрі [4]
А.2) а ыдыстағы сұйықта дене үшін жүзудің қандай шарты орындалады? [1]
В) б ыдыстағы сұйықта дене жүзеді. Осы ыдыстағы сұйық түрі [2]
C) в ыдыстағы сұйықта дененің 0,9V бөлігі батқан. в ыдыстағы сұйық түрі [3]
7. Көтергіш кран салмағы 12 кН жүкті 20м биіктікке 1 минут ішінде көтеріп шығарады.
Көтергіш кранның орындаған жұмысы [2]
Өндірген қуаты [1]
Ел арасында «Жар таңдауда, мамандық таңдауда қателеспе» дейтін жиі айтылатын жаттанды сөз бар. Осы әңгіме қанша рет айтылса да, оны іс жүзінде жүзеге асыратындар некен-саяқ. Егер адамдар жар таңдаудан қателеспесе, қоғамда ажырасу азайып, отбасының шырқы бұзылмас еді. Егер, мамандық таңдаудан қателеспесек, дәл қазіргідей маман тапшылығы болмас па еді?!
Көп мектеп бітіруші түлектер тест сұрақтарын білімділіктің барометрі санайтындығы. Олардың өзі таңдаған салаға (ғылымға) тек тест сұрақтары тұрғысында ғана дайын болуы. Ал, ЖОО-ларда білім беру жүйесі әрқалай. Тек сессия соңындағы емтихан тесттері болмаса, жаттанды «білімнің» іске аспайтындығы студент өміріне кері әсерін тигізуі мүмкін. Сондықтан, әр талапкер таңдаған мамандығына байыппен қарап, оқушы кезінен бастап жан-жақты дайындық жүргізгені абзал.
Барысы:
«Тойбастар» күйі. (хабарланбайды)
1-жүргізуші:
Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қадірменді қонақтар! Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына арналған «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!
Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркенниетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 20 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқшанда айтып өтеміз.
Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.
2-жүргізуші:
Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік - ел бақыты, ертеңі,
О, халайық! Құтты болсын қуаныш!
Азат өлкем күндей күлген шығыстан,
Асыл елім жан - жүректі ұғысқан.
Ата бабам аңсап өткен бақытым,
Айналайын, Қазақстан - Гүлстан!
Казталовка орта мектебінің көркемөнерпаздарының шағын концерттік бағдарламасын қабыл алыңыздар.
Оқушылар сәлемдемесі (20 оқушы)
1-жүргізуші:
Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті
Тәуелсіз Қазақстан – елім менің
Ән «Қазақстан» орындайтын 10 - сынып оқушысы: Рахмет Сая.
2-жүргізуші:
Құттықтау сөз кезегі мектебіміздің директоры Талпахов Альберт Асқарұлына беріледі.
1-жүргізуші:
Күй, сені тәтті көрем, жаным сүйіп,
Тыңдаймын тыным алмай, жанып-күйіп
Өмірдің сырын ашып жүрегіме
Музаның әміріне басымды иіп.
Алайық ескі күйдің бәрін жиып,
Жандырған ой-қиялды қалың күйік
Шерттіріп құнарлырақ домбыраға
Тербеліп ырғағына тамылжиық