В
Все
Б
Биология
Б
Беларуская мова
У
Українська мова
А
Алгебра
Р
Русский язык
О
ОБЖ
И
История
Ф
Физика
Қ
Қазақ тiлi
О
Окружающий мир
Э
Экономика
Н
Немецкий язык
Х
Химия
П
Право
П
Психология
Д
Другие предметы
Л
Литература
Г
География
Ф
Французский язык
М
Математика
М
Музыка
А
Английский язык
М
МХК
У
Українська література
И
Информатика
О
Обществознание
Г
Геометрия
kudryashovaek
kudryashovaek
19.03.2020 22:39 •  Қазақ тiлi

1 САҒАТТАН КЕЙІН ТАПСЫРУ КЕРЕК ЯҒНИ 14:10
Төменде берілген тақырыптардың біріне тиісті құрылым мен стильді (ресми, бейресми) қолдана отырып,  жазба жұмысын (мақала, әңгіме, эссе немесе хат) жазыңыз.
Көнерген сөз, неологизм, термин, кірме сөз, кәсіби және диалект сөзді қолданыңыз.[8]

1)Өзіңіз жақсы білетін еңбек адамын негізге ала отырып, «Еңбек – ердің сәні» тақырыбында мақала жазыңыз.  

2)«Жаһанды жанарына сыйдырған ғарышкер» деген тақырыпта аргументативті эссе жазыңыз. Сөз саны - 150

Показать ответ
Ответ:
vika2074
vika2074
27.01.2021 10:21

1)Таудай талабы мен еңбегінің арқасында көркейген жандар арамызда аз емес. «Бақытын еңбектен тапқан жан» деп жатады халық даналығы мұндайда. Еңбекті жанына етене тұтып, еңбекпен есейген сондай жандардың бірі Ерлан Сұлтанов Ақмая ауылдық округіне қарасты «Ақмая» шаруа қожалығында тынымсыз еңбек етіп келеді.

Еңбек мектебінен алған тәлім адамға өмірлік азық болатынын ауданымыздан шыққан 41 «Еңбек Ері», егіс алқабында бар өмірін өткізген Ы.Жақаев, Ш.Қазанбаева сынды тұлғалар дәлелдеп келеді. Сол еңбек адамдарының ізін жалғап, жас Жақаевшылар қатарынан көрініп жүрген кейіпкеріміз Ерлан Тұрсынұлы 1985 жылы 8 ақпанда Шиелі ауданы, Ақмая ауылында дүние есігін ашады. Сырдың ақ маржанын жайқалтып, рекордтық өнім жинаған даңқты диқандар яғни, 16 Социалистік Еңбек Ері шыққан Ақмая ауылында туып өскен еңбекқор бала бүгінгі күні шаруа қожалықтың бригадирі атануы заңдылық.

Ол, 2002 жылы Қызылорда экономика және құқық колледжінде «Кеден ісі» мамандығы бойынша білім алады. Оқуды аяқтаған соң Отан алдындағы борышын өтеп, елге абыройлы оралады. Ерге тән болмысы қара күштің иесі екені батырға бергісіз тұлғасынан-ақ аңғаруға болады. Еңбек жолын 2007 жылы «Ақмая» шаруа қожалығында №1 өндіріс бригадасында есепші болып бастаған Ерлан Сұлтанов 2013 жылдан бері №3 өндіріс бригадасында бригадир қызметін адал атқарып келеді. Өзінің қажырлы адал еңбегінің арқасында еңбек ұжымында сыйлы. Тиісті жұмысты тиянақты орындай білетін жұмысшыға барлық әріптестері де қолдау көрсетіп, зор сенім артады. Оның адал да елеулі қызметіне серіктестік басшылығы да дән риза.

Егіс алқабындағы дәннің себілуінен бастап, соңғы жетілуі мен оны ору жұмыстарының қаншалықты маңдай терді қажет ететіні белгілі. Жұмысты бар ниетімен атқарған жанға еңбектің қиындығы байқалмай, тек еңбекке деген құлшыныс қана болады. Сол ынта жігердің арқасында 274 гектар күріш алқабының әр гектарынан 45 центнерден өнім алып, 1233 тонна сыр маржанын шашпай-төкпей қамбаға құйғаны үшін 2013 жылы аудан әкімінің «Сыр маржаны» атты дипломымен марапатталса, үстіміздегі жылы да алғыс хатты иеленген болатын. Маңдай термен өрілген әрбір еңбектің жемісін желдің өтінде қалдырмай, күзгі жаңбырға ұрындырмай, қыркүйектің қырына түспей, Сыр салысын ысырапсыз жиып-теріп, көктемгі егінге жерді жыртып қайта даярлау сынды қара күшті талап ететін нағыз еңбек осы диқандар қауымында десек жаңылыспаймыз.

Еңбек адамы дегенде көзге алпысқа таяған, өмірін атыз жағалаумен өткізген ардагерлерді елестете жөнелеміз. Алайда, еңбекке етене араласып, жас та болса бас болуға тырысып жүрген жас Жақаевшыларды ескерусіз қалдыруға да болмайды. Сондықтан, әр ауылдық округтің басшыларына құлаққағыс етіп, тынымсыз еңбегімен көзге көрініп жүрген жастар жайында мәлімет беріп отырса деген ұсынысымызды білдіргенді жөн көріп отырмыз. Сонда Ерлан Тұрсынұлы сияқты еңбекті шын жанымен сүйетін жас буын өкілдерін өскелең ұрпаққа үлгі ете отырып, еңбек мектебінің күш-құдіретін көрсетер едік.

2) Жаһанды жанарына сыйдырған ғарышкер. 20 Ақпан 2016, 15:31 1715 0. Қазақстанның аспан түстес байрағын жеті қат көкке шығарып, Ұлы даланы ұлықтай білген азамат Айдын Айымбетов – «Байқоңыр» айлағынан ғарышқа сапар шеккен үшінші қазақ. Естеріңізге сала кетейік, былтырғы жылдың екінші қыркүйегінде ол ресейлік Сергей Волков және Еуропа ғарыш агенттігінің астронавты, даниялық Андреас Могенсенмен бірге «Союз ТМА-18М» кемесімен ұшқан. Күні кеше әлемнің 545-ші ғарышкері Айдын Ақанұлы Қостанай өңіріне келді. Мұнда тұрғындармен жүздесіп, жастардың сұрақтарына жауап берді, қаланың көрікті жерлерін аралады,.

Объяснение:

дұрыс деп оилаим

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота