1. Сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып, сөйлемдер құраңыз. Нарықтық экономика, жетекші салалар, сұраныс, бәсеке, экономикалық даму, қазба, шикізат қорлары, өнімдер, өңдеу, қорлар.
2.Жақша ішіндегі етістіктерді қалау рай тұлғасында қойып, сөйлемдерді аяқтаңыз.
1. А.Құнанбаев секілді ақын (бол) келе ме?
2. Жамбыл өлеңдерін жатқа (айт) келеді.
3.Біздің сабақ (оқы) келеді.
5.Ертең жаңбыр жауса, саңырауқұлақ теруге (бар) келеді.
6. Елі сүйер азамат (бол) келеді.
7. Бүкіл әлем коронавирустан (құтыл) игі еді.
8. Қазақстанның картасын (біл) келе ме?
3. Қазіргі уақытта тіл білудің пайдасытуралы ойыңызды тұжырымдаңыз. Сіз қанша тіл білесіз?
Белкотерер- жасы келген адамдарды қонақ ету. Ол адамдарға дәмді тамақтарды әзірлейды, ал ең бастысы- жұмсақ тағамдар, мысалы, қазы, қымыз, ірімшік және т.б. Ол дәстүрлі сол а немесе жақындары, тіпті көршілері де жасайды. Белкотерер салты жасы келген үлкен адамдарға құрмет көрсетудің үлгісі ретінде қолданылады.
Той дастарқан- Мейрам той немесе сол уақыттагы маңызды жайт. Мереке кезінде түрлі ойындар, әндер, билер, айтыстар өткізіледі.
Үйірме жетекшісі мен оқушылар арасында диалог құрастыру.
Үйірме жетекшісі: Айымгүл, келер аптада жоспарлап қойған шаруаларың жоқ па?
Айымгүл: Әзірге, ешқандай жоспарым жоқ, апай. Бір нәрсе істеу керек пе?
Үйірме жетекшісі: Ия, солай десем де болады. Келесі аптада біздің сарайымызда ашық есік күндері өтеді. Соған әрбір үйірме өзінің оқушыларының қатысуымен түрлі іс – шаралар жүргізуі керек. Соған өзіміз кішігірім концерт ұйымдастырсақ деп ойлап отырмын.
Айымгүл: Жақсы, апай. Әрине қатысамын.
Үйірме жетекшісі: Бәрекелді, онда орындайтын күй таңдап қояйық.
Айымгүл: Маған Құрманғазы атамыздың «Балбырауын» күйі ерекше ұнайды. Концертімізді сонымен ашсақ қалай болады?
Самал: Ия, апай. Содан кейін барлығымыз жақында ғана үйренген «Шалқыма» күйін орындасақ, қалай қарайсыз?
Үйірме жетекшісі: Бәрекелді, жандарым! Міне, өздерің де концерт бағдарламасын құра алатын болыпсыңдар! Жарайсыңдар! Еңбегімнің зая кетпей жатқанына қуаныштымын!
Самал: Апай, біз бұл үйірмеде сізден көп нәрсе үйреніп жатырмыз ғой. Соны енді халыққа көрсетсек, бұл біз үшін де үлкен мақтаныш қой.
Айымгүл: Концертте өнер көрсеткеніміз сіздің арқаңызда жеткен жетістік деп білеміз!
Үйірме жетекшісі: Рахмет сендерге, жандарым! Ендеше күйлерді бір қайталап шығайық...